Байланысты: Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Демократиялық саяси билік дегеніміз – құқықты, қабілеттілікті, оның
барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық үшін есепті қызмет етіп, қоғамның өндірістік және рухани өмірін, азаматтар арасындағы қарым-
қатынастарды басқару, ұйымдастыру. Мемлекеттік саяси билік ең алдымен қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін қажет. Демократиялық мемлекеттегі ең таңдаулы, ең шынайы билік – ол шын мәнінде халық бақылауында болатын билік.