Ашекеева Ќ



бет21/77
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#121021
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2021-2022(1) (1)
Әлеуметтану семинар
2-сұрақты қорыта айтқанда, саяси билік таптык, топтык жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара кұкығы бар зандар мен ұйымдарды сактау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

  1. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері.

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінін мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі,саясаттың негізгі мәселесі —билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалык жүйеде акша кандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген.
Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.
Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша,
император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың,
диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.
Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі. Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес),
сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі
процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді. Атап
айтқанда: 1. Қоғамдық сала бойынша (саяси, экономикалық, рухани, мәдени,
білім, діни, әскери). 2. Қызмет ету түрлері (басқару, бақылау, күш жұмсау,
жазалау, мадақтау). 3. Қарқыны мен көлемі (шексіз, шек қойылған, аумақтық,
орталық, жергілікті). 4. Басқару тәртібі (қаталдық, беделдік, бюрократиялық,
демократиялық). 5). Биліктің жайы (тұтас өкімділік, бір қолдан басқарушылық, үстемдік, тұрақсыз билік, сал ауру). 6 Биліктегі қатар өмір сүру (тәуелділік, тәуелсіздік, өзара тәуелділік). Саяси билік – тарихи құбылыс. Әрбір мемлекеттегі саяси биліктің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Әрбір қоғамның саяси билігі сол елдің әртүрлі сипаттары арқылы қалыптасады. Сол себептен саяси биліктің түрін бір қоғамнан екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды. Саяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с. Келесі ерекшелік - саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси- құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік – теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды. Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы
альпинистке жақындай түседі. 3-сұрақты қорыта айтқанда, саяси билікте те солай – ол саяси білімнің,
теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі.
«Әр елдің билігі өзіне лайық» деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет