Баян сұлу көшесі
Бұрынғы атауы – №154 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Баян сұлу көшесі Қыз Жібек, Айша бибі, Ұмай ана, Тұмар ханым көшелерін қиып өтіп, Домалақ ана көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 848,3 м.
Баян сұлу – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жырының бас кейіпкер.
Баянауыл көшесі
Баянауыл көшесі М.Ғабдуллин көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1084 м.
Баянауыл – Павлодар облысының оңтүстік-батысындағы аудан. Баянауылдан есімі елімізге танымал көптеген тұлғалар шыққан.
Баянтау көшесі
Бұрынғы атауы – №31 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Баянтау көшесі Сұлутөбе көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған, Жанкент көшелерін қиып өтіеді. Ұзындығы – 932,2 м.
Баянтау – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан.
Бәйшешек көшесі
Бұрынғы атауы – Весенний көшесі. Бәйшешек көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Көкарал көшесінде аяқталады. Б.Серікбаев көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1045,4 м.
Бәйшешек – құртқашаштар тұқымдасына жататын көпжылдық тамыртүйнекті өсімдіктер. Қазақстанда Іле, Жетісу, Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Қаратауда өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |