Айша бибі кесенесі



Дата08.06.2018
өлшемі6,94 Mb.
#41671

Айша бибі кесенесі

  • Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салдырған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы – 7,6 х 7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында 3 х 1,4 м құлпытас орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше бетінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер араб әрпімен жазылған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Ол үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналармен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде  үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Қазақ жобалау-қалпына келтіру институты Айша бибі кесенесін жөндеу жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.  
  • Айша бибі кесенесі
  • Айша бибі жайындағы аңыз
  • Қазіргі Тараз қаласының іргесінде моласы тұрған Айша бибі жайында білетініміз тым аз. Бір аңыз оны сиыр малының атасы саналып кеткен Зеңгі бабаның қызы дейді. Ал, тағы бір аңызда Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы делінген. Жаңағы тайландтық жігіттің оқиғасын оқып отырып, осы Қараханға байланысты естігеніміз есімізге түсті. Қарахан мен Айша Түркістанда кездесіп, бірін-бірі бір көргеннен-ақ ұнатады. Ғашықтар бас қосып, өмірлік серік болуға да уағдаласқан. Алайда, жаугершілік заманда дұшпандарымен соғысып жүрген Қарахан уәделескен күні Айшаға келе алмапты. Күте-күте төзімі таусылған қалыңдық Таразға Қараханның артынан өзі күтуші әйелімен бірге іздеп барған екен.  Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң-тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріскен. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша-бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған ол, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Алайда, оның ұйқысын даланың улы жыланы шағып шырт бұзды. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізіпті. Хан тәуіптері мен молдасын алып дереу жеткенде, ару қыз ісіп-кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін сол жерде қиғызады. Содан кейін ол қалыңдығын қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айғайлапты. Аңыз осылай сыр шертеді. Ал, оның түбінде бір шындықтың бары анық.  
  • Айша бибі кесенесі – махаббаттың символы
  • Бүгінде бұл кесене ЮНЕСКО тізіміне алынған. Сан ғасырлар соқпағынан аман өткен кесененің тек батыс бөлшегі ғана сақталып қалған болатын. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесенені қайта қалпына келтіру үшін Түр­кіс­тан филиалының қайта жасаушы шеберлері тер төк­ті. Қолы ұсынақты шеберлер үш жыл бойы ескі тех­но­логиялы пештерді пайдаланып, 72 түрлі белгі са­лынған плиткалар дайындады. Кесененің іргетасын қа­тайтып, қабырғаларын көтеріп, алғашқы кейпіне кел­тірді. Күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөн­деу де ұзақ уақытты талап етті. Көнеден жеткен ке­се­ненің бұрынғы қалпын бұзбай, бүгінгі күнге үй­лес­тіру де асқан шеберлікті талап еткен-тін. Ақыры сеніп тап­сырылған ауқымды жұмыс ойдағыдай ат­қа­рылып, ха­лық игілігіне ұсынылды.
  • Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі болып саналады. Ескерткіштің сыртқы бетіне қаланған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таңғалдырарлықтай... 
  • Бүгінде Айша бибі кесенесі бір шаранаға зар болып жүргендердің тәу етіп келетін қасиетті жеріне айналған. Әрине, тілектің қабыл болуы бір Алланың қолында екені рас. Әулиелі жердің топырағын ба­сып, кесенеге ізгі ниетпен келгендердің тілегі қабыл болып жататындығы да таң­ғалдырады... Жаңадан шаңырақ көтерген жастар ескерткіш басына келіп, тағзым етіп жатады. Кесененің алды бос болған кезі жоқ. Үнемі туристер мен алыстан ат арыл­тып келетін қандастарымыздан боса­майды.
  • Кезінде Әулиеата уезінің бастығы бол­ған В.Каллаур Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат туралы ел арасындағы аңыздың бірнеше нұсқасын жинаған көрінеді. Сондай-ақ археология үйірмесінің мүшесі В.Панков: «Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан баға­налары бар. Әр фасадының ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғасы мен бағаналарының беті тұтастай қыш тақталармен қапталып шыққан. Кесененің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған. Кірпіш пен құйма тастардың арасы әк қосылған балшықпен жымдастырылып, арша ағашымен ұстатылған. Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай сақталып, бүгінге дейін жетуінің айғағы – осы», деп жазып қалдырған екен.
  • Қазіргі Тараз қаласының іргесінде моласы тұрған Айша бибі жайында білетініміз тымаз. Бір аңыз оны сиыр малының атасы саналып кеткен Зеңгі бабаның қызы дейді. Ал, тағы бір аңызда Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы делінген. Жаңағы тайландтық жігіттің оқиғасын оқып отырып, осы Қараханға байланысты естігеніміз есімізге түсті. Қарахан мен Айша Түркістанда кездесіп, бірін-бірі бір көргеннен-ақ ұнатады. Ғашықтар бас қосып, өмірлік серік болуға да уағдаласқан. Алайда, жаугершілік заманда дұшпандарымен соғысып жүрген Қарахан уәделескен күні Айшаға келе алмапты. Күте-күте төзімі таусылған қалыңдық Таразға Қараханның артынан өзі күтуші әйелімен бірге іздеп барған екен.  Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң-тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріскен. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша-бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған ол, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Алайда, оның ұйқысын даланың улы жыланы шағып шырт бұзды. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша-бибі дереу Қараханға хабар бергізіпті. Хан тәуіптері мен молдасын алып дереу жеткенде, ару қыз ісіп-кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін сол жерде қиғызады. Содан кейін ол қалыңдығын қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айғайлапты. Аңыз осылай сыр шертеді. Ал, оның түбінде бір шындықтың бары анық.  
  • Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі  шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді.  Сұлу Айша  мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағ­даласады.
  • Жан-жақтан жау анталаған за­ман­да елін, жерін қорғаумен жүрген Қара­ханның айтқан уағында Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Араға айлар түседі, жылдар жылжиды. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені – Тараз жеріне өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже (кей жазбаларда Бабаджа хатун) қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол азабын тартып, Таразға да жетеді. Жарты күндік жол қалған кезде өзеннің жағасына демалуға тоқ­тайды. Күтушілері ас қамдауға кіріседі. Суық суға шомылып алған Айша сұлу демала тұрмақ болып қисаяды. Сүйгенінің ауылын алыстан көріп, енді сәл уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, ұйықтап кетеді. Сол кезде улы жылан Айша бибіні шағып алады. Бүкіл тәнін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу сүйгені Қараханға ат шаптырады. Қарахан емші-тәуіптерін алып жеткенде ару қыз ісініп, талықсып жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» – деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады...

Каталог: uploads -> doc -> 0f84
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f84 -> Сабақ жоспары Шымкент қаласы №87 жалпы орта мектебі Пәннің аты: Информатика Мұғалімі: Елемесова Айжамал
0f84 -> Сабақтың тақырыбы: «Параллелепипед. Призма. Пирамида.»
0f84 -> Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Петровка орта мектебі кмм»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет