Семей қаласы «№ 36 ЖОББМ» КММ 7 «Ә» сынып оқушысы
Рыскелді Нұрханның
«Семей қаласының ескі ғимараттары» атты зерттеу жұмысына
ПІКІР
Бүгінгі күн алдында бұрынғы көне дәуірден қалған тарихи ескерткіштер, жер астынан аршылып алынған көне қалалар, ескі қорымдардың сол қалпын сақтай отырып, заманауи технологияның көмегімен жаңғырту міндеті тұр. Ал, бізге ол кезге тән сол жәдігерлердің мұртын бұзбай сақтау – парыз.
Сондай ескерткіштер Семей қаласындада жетерлік. Соның ішінде қала орталығында да бірнеше көне көздер баршылық. Алайда, түрлі себептер мен олардың біршамасы бұзылып, орындарына басқа ғимараттар салынды. Менің ойымша, қаланың ортасында орналасқан ескі ғимараттар көп өмір сүре алмайды. Себебі, қала орталығы күн өткен сайын дамып, жаңа үлгідегі ғимараттарды талап етеді. Соған байланысты құрылған түрлі комиссияның қорытындысымен ескі ғимараттардың тағдыры шешіліп жатады. Бірақ, біз тарихымызды ұмытпауымыз қажет. Көптеген дамыған елдерде тарихи маңызы бар ғимараттар мен ескерткіштер мемлекет қарауында және оны ұқыпты ұстауда жергілікті халық та өз үлесін қосуда. Сол себепті біздегі мемлекет қарауындағы түрлі тарихи ғимараттар мен ескерткіштер мемлекет қарауында болғанымен оны ұқыпты ұстаудағы кейбір жергілікті тұрғындардың мәдениеті жетпей жататынын жасырмаймыз. Десе де, халықтың барлығына қара күйе жағуға болмайды, олардың арасындағы жаны ашымайтындардың іс-қимылынан, сол өңірдің тұрғындары кінәлі болады. "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" дегендей, біздің қоғамда әртүрл іадамдар өмір сүреді. Сол себепті тарихи маңызы бар құндылықтарымыз да сақтауда, оларды дұрыс ұстауда тек жастарды емес орта буындағы адамдарды да тәрбиелеген жөн. Бұл ескерткіштер мен ғимараттарды тек мемлекет қана қарамау қажет, оны өзімізде қадағалап қарауымыз тиіс.
Ғылыми жобада Рыскелді Нұрхан Семейдегі Қытай консулы ғимараты, ескі сарай, Ф.М.Достоевский мұражайы мен зооветинститут ғимаратының қазіргі жағдайы мен оның тарихына зерттеу жүргізген. Ғылыми зерттеу жұмысында салыстыру, анализ жасау, талдау сияқты әдістерді қолданған. Жұмыс кіріспе, негізгі, практикалық, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жалпы алғанда жұмыс өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын. Рыскелді Нұрхан болашақта жан-жақты, туған жерін, елін бағалап, қорғайтын, жаңа технологияны меңгерген, басқа жасөспірімдерге үлгі болатындай еліміздің біртуар, білімді ел басқарар азаматы болатынына сенім білдіремін.