1. Жіті жəне жітілеу – бронхылардың қақпақшалы түрде немесе толық жабылуы. Бұл жағдайда тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылысымен байланысты ателектаздық пневмония көрінісі байқалады.
2. Созылмалы ағымы – бөгде заттың тыныс алуға əсер етпей кеңірдек жəне бронхыларда орнығуы, ателектаз жəне эмфизема белгілері жоқ, тек қана бөгде заттың орныққан жерінде қабыну үрдісі жəне сол жердің дренаждық функциясының бұзылуымен əйгіленетін пневмониямен сипатталады.