Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет12/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е
ВСС Төлеман.Е, МИКРОБИОЛОГИЯ ЭКЗ (копия)
Одонтома (odontoma) – тіс – өрмесінен туындайтын, эмальдан және цементтен тұратын, өте қатты қатерсіз ісік. Ісіктің сыртқы пішіні әртүрлі.
Гемангиома - қан тамырларынан жаралатын, көбінесе ересек жануарлар терісінде, тері астында, талағында, бауырында кездесетін қатерсіз ісік. Ол бірен-саран, көп те болуы мүмкін. Әдетте ісік айқын шекаралы, жұмсақ немесе серпімді, қара-қызыл, көкшіл-қызыл түсті болып келеді.

79-сур. Қылтамырлық гемангиома.


Г емангиоманың қылтамырлық және каверналық деген екі түрі бар. Қылтамырлық гемангиома теріде, ішек-қарында, бауырда кездеседі, ретсіз орналасқан қылтамырлардан тұрады. Қылтамырлар арасы борпылдақ дәнекер өрмемен толған (сур. 79).
Каверналық гемангиома пішіні де, көлемі де әрқилы, қабырғасы өте нәзік, тек эндотелиймен астарланған, қанмен толған көптеген қуыстардан (синустардан) тұрады.
Гемангиоперицитома - ретсіз орналасқан және көптеген перициттермен қоршалған қылтамырлардан тұратын қатерсіз ісік. Перициттер арасында аргирофильді талшықтар көп болады. Ісік стромасы болып табылатын талшықты дәнекер өрме әдетте фиброзға, гиалинозға ұшырайды. Бірнеше бөліктен тұратын, кейде қапшықтанатын, сұрғылт - ақшыл түсті бұл ісік негізінен ит пен ірі қара мал терісінде, тері астында туындайды.
Лимфангиома – лимфа тамырларынан тұратын қатерсіз ісік. Көбінесе тері астында, периркардта, қабырғалар плеврасында кездесетін, көп бөлікті, әдетте қапшықтанған ісік. Кейде ол болбырап, қуыстанады. Микроскоп арқылы қарағанда нәзік қабырғалы, лимфамен толған, эндотелиймен астарланған көптеген үлкенді - кішілі қуыстар түріндегі лимфа тамырларын көруге болады. Ісіктің паренхимасы болып табылатын бұл қуыстар аралықтаында фиброзды өрмеде (строма) лимфоциттер топырлары, лимфофолликулдер болады. Көбінесе лимфангиома туа біткен ісік, яғни даму ақауының бір көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет