Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет1/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е


Жоспар .

I . Кiрiспе .


II . Негiзгi болiм .
1. Ісік құрылысы.
2 . Ісіктің өсуі.
3. Қатерсіз және қатерлі ісіктер.
4. Ісік морфогенезі.
5. Ісік гистогенезi .
6. Ісік этиологиясы .
7 . Ісіктің дамуы және иммунитет.
8. Ісік топтары .
III . Корытынды .
IV . Пайдаланған әдебиеттер .

Кіріспе
Ісік (латын. tumor), бластома (грек. blastoma - өскін) гендік аппараты өзгеріп, өсіп жетілуге деген қабілеті бұзылған торшалардың тоқтаусыз, шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс. Ол адамда, жануарларда, тіпті өсімдіктерде де кездеседі, мүшелердің табиғи құрылымын және қызметін бұзып организмге зарар тигізеді. Тауықта, итте, ірі қара малда, жылқыда ісіктер жануарлардың басқа түрлеріне қарағанда, жиірек кездеседі. Ісіктердің бір түрі – лейкоздар (қан жүйесінің ісіктері) кейбір елдерде құс шаруашылығы мен мал шаруашылығына үлкен экономикалық нұқсан келтіреді.
Ісіктерді зерттейтін ғылым онкология (грек. onсos - ісік, logos-ілім) деп аталады.
Жаратылысы әлі толық ашыла қоймаған факторлардың әсерінен кәдімгі торша ісік торшасына айналады. Торшалардың ісікке тән қасиеттерге ие болуын анаплазия (грек. ana - кері, plasis - құрамын) немесе катаплазия (грек. kata - төмен, plasis-құрамын) деп атайды. ″Анаплазия″ - термині торшалардың өсіп-жетілу, мамандану қасиетінен айрылып, эмбрион торшаларынан ұқсайды деген, ал ″катаплазия″ - ісік торшалары ерекше қасиеттерге ие болады деген мағынада қолданыдлады. Ісік торшаларының құрылымы да, зат алмасуы да, функциясы да, антигендік құрылымы да, көбеюі де, мамандануы да әдеттегі торшалардан басқаша. Бұл ерекшеліктерді ісік атипизімі дейді. Ісікке морфологиялық, биохимиялық және антигендік атипизмдер тән.
Морфологиялық атипизм өрмелік және торшалық атипизм түрлерінде көрінеді.
Өрмелікқ атипизм сипаты: өсіп-жетілуі біршама жоғары деңгейге көтерілетін торшалар көбейіп топтасуы нәтижесінде белгілі бір мүшеге (өрмеге) тән емес құрылымдардың пайда болуы. Мысалы, шеміршек өрмеден туындайтын ісікте – хондромада шеміршек торшалары көлемі әртүрлі топтар құрып ретсіз орналасады, бірыңғай салалы ет өрмесінен туындайтын ісік – лейомиома ешқандай ретсіз әржаққа бағыттталған ет талшықтары шоғырларынан тұрады, без эпителий қатерсіз ісіктері - аденомалар көлемі де, пішіні де әртүрлі түтікшелер мен көпіршіктерден тұрады, паренхима мен строманың арақатысында да заңдылық жоқ. Өрмелік атипизм қатерсіз, кемелденген ісіктерге тән.
Торшалық атипизм кемелденбеген қатерлі ісіктерге (карциномаға, саркомаға) тән. Торшалардың өсіп – жетілуінде, құрылымында, көбеюінде, ультрақұрылымында ақау - кемістіктер болады. Ісік торшалары қалыпты торшалардан өзінің полиморфтығымен (көп кескінділігімен) ерекшеленеді. Оларда ядро мен ядрошық көлемі мен пішіні жағынан әрқилы, хроматин шамадан тыс көп болады, ядро мен цитоплазманың ара қатысында ядроның үлесі басым, митоз көп. Кейде торшалар морфологиясының өзгергендігі соншалық тіпті ісіктің қандай мүшеден (өрмеден) пайда болғанын анықтау қиынға түседі. Митоз әсіресе тез өсетін, торшаларының кемелдену деңгейі өте төмен ісіктерде жиі кездеседі және ол бұрмаланған: хромосомалар саны көбейген, табиғи емес митоз құрылымдары пайда болады. Ісік торшаларының ультрақұрылымы да ерекше: рибосомалар көбейіп, эндоплазмалық тор жарғақтарымен байланыспай бос жатады, митохондриялардың саны, пішіні, көлемі өзгерген, көлемі ұлғайған, ядрода хроматин шеткей орналасады. Бұл жерде айта кеткен жөн, белгілі цитологтардың, патологтардың тұжырымдауларына қарағанда, қазіргі кездегі тәсілдермен жүргізілген көптеген зерттеулер тек ісік торшаларына ғана тән морфологиялық ерекше белгілер таба алмаған. Алайда, жеке торшаны зерттеу арқылы ісікке диагноз қою қаншама қиын болсада мүмкін нәрсе (Серов В.В.).
Әдетте ісікке диагноз цитологиялық және гистологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша, барлық морфологиялық белгілер жиынтығын ескеріп отырып, тұжырымдалады.
Ісіктің биохимиялық атипизімі: өрмеде холестерин, гликоген және нуклеин қышқылдары мол, көмірсу сүт қышқылына дейін оттегінің қатынасынсыз ыдырайды. Анаэробтық гликолизге байланысты зат алмасу барысында өрмеде аяғына дейін ыдырап бітпеген заттар жиналып, қанға енеді. Ісіктің гистохимиялық атипизімі: ісік торшаларында нәруыз алмасуы бұзылады, нәруыз көп болып, гликоген, липидтер, гликозамингликандар жиналады, тотығу-орын толтыру процесі бұзылады. Өрмеде әрбір ісікке тән гистохимиялық көріністер болады. Ісік түрлерін ажыратуда, олардағы гистогенез заңдылықтарын анықтауда гистохимиялық зерттеулердің үлкен мәні бар.
Ісіктің антигендік атипизімі: ісік торшаларында әдетте организмде кездеспейтін антигендер болады. Антиген түрлері ісіктің пайда болу себептеріне (вирустар, канцерогендер), өсіп-жетілу деңгейіне, т.б. байланысты. Ісік антигендерін анықтау үшін иммундық гистохимиялық тәсілдер пайдаланылады.
Ісік торшаларының екінші негізгі қасиеті - олардың автономды, яғни ешқандай бақылауға бағынбай өсуі. Ісік торшаларының өніп - өрбуі, басқа патологиялық процестерде байқалатын торшалардың өніп - өрбуінен мүлде ерекше. Пролиферативтік қабыну, регенерация, гиперплазия, ұйымдасу, қапшықтану барысында торшалар қажеттілікке байланысты өсіп-өрбиді, ол белгілі бір әсерден туындаған бүлінуді теңгеруге, оған бейімделуге, сөйтіп гомеостазды сақтау мақсатына бағышталған. Бұл процестер, организмнің реттеуші жүйелерінің бақылауымен жүреді, торашалардың өсіп-жетілуімен, белгілі бір арнайы қызметке бейімделуімен аяқталады. Ісік торшалары өсіп-жетілу, мамандану қабылеттерінен айырылған. Ісіктің туындауында қажеттілік жоқ, оның өсуі организмнің бақылауынсыз, реттеуінсіз, яғни автономды түрде жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет