Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет4/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е

Ісік морфогенезі. Ісіктердің морфологиялық дамуы ісікалды өзгерістер, ісіктің туындауы және ісіктің өсу кезеңдерінен тұрады.
Ісікалды өзгерістер қатарына созылмалы қабыну ошақтары, регенерация барысының бұзылуы, ұзақ мерзімді ойылымдар, т.б. жатады. Осы процестерге байланысты гиперплазия және дисплазия ошақтары пайда болады. Дисплазия (грек. dys - бұзылу, plasis - кемелдену) деп торшаның көбею, өсіп-жетілу барысының бұзылуы салдарынан туындаған торша құрылымындағы ауытқуларды айтады. Торшалар дисплазиясы бірнеше деңгейлі. Ісікалды өзгерістердің кейбіреулері міндетті түрде қатерлі ісікке ұласады, яғни күмәныіз ісікалды (облигатты предрак) болып табылады, ал екінші біреулері ісікке ұласпауы да мүмкін (күмәнды ісікалды – факультативті предрак). Ісікалды өзгерістердің ісікке ұласу механизімі (ісіктің туындауы) әлі толықтай айқын емес. Ісіктің дамуы мынандай кезеңдерден өтеді деген ғылыми тәжірбиелік болжам бар: а) регенерациялық процестің бұзылуы, б) гиперплазиямен, дисплазиямен сипатталатын ісікалды өзгерістердің пайда болуы, в) көбеюші торшаларда ісікке тән қасиеттердің пайда болуы, с) ісік бастамасының туындауы, д) ісіктің үдемелі өсу кезеңі.
Ісік гистогенезі белгілі бір ісіктің жаратылысын, яғни қандай өрмеден пайда болғанын анықтау. "Ісіктің гистогенезі" және "ісіктің гистологиялық құрылымы" деген ұғымдардың мағынасы бірдей емес. Ісік құрылымы жағынан белгілі бір өрмеге ұқсағанымен, ісік сол өрмеден емес басқа бір өрмеден жаратылуы мүмкін. Бұл морфологиялық катаплазия деңгейін сипаттайтын ісік торшалары құрылымындағы өзгерістерге байланысты. Ісік гистогенезі ісік торшаларын және ісік пайда болған мүше (өрме) торшаларын онтогенездің әр сатысында морфологиялық тұрғыдан салыстыру арқылы анықталады.
Кемелденген ісік гистогенезін анықтау қиын емес: мұндай ісіктің құрылымы өзін тудырған мүшенің құрылымына ұқсас болады. Өсіп-жетілу, мамандану деңгейі төмен торшалардан тұратын кемелденбеген қатерлі ісік гистогенезін анықтау үлкен қиындық туғызады. Алайда бүгінгі таңдағы әдістермен жүргізілген зерттеулер ісік торшалары қаншама өзгерсе де, белгілі бір өрме торшаларына фило- және онтогенез барысында дарыған ерекше қасиеттерден түгелдей айрылмайтынын дәлелдеп берді. Өрмені өсіру әдісімен тіптен белгілі бір қатерлі ісіктің қандай өрмеден жаралғанын білуге болады. Мысалы, осы әдіспен көптеген полиморфты (морфологиясы санқилы) торшалардан, ұршық тәріздес торшалардан тұратын саркомалардың көлденең жолақты бұлшық ет өрмесінен жаратылатыны, тері меланомасының жүйке тектес екені дәлелденді. Осы мақсатта иммуноморфологиялық әдістер де қолданылады. әдетте, ісік өсіп-өнуді пролиферативтік орталық деп аталатын жерлерден, яғни мүшелер мен өрмелерде регенерация барысында торшалардың пәрменді көбейетін жерлерінен түзіле бастайды. Кейде эмбриогенез барысында пайдаланылмаған өрме элементтерінен (өрме дистопиялары) басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет