Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет5/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е

Ісік этиологиясы
Ісіктердің туындауына әкелетін этиологиялық факторларды канцерогендік факторлар, немесе канцерогендер дейді. Олардың химиялық, физикалық (радиациялық) және вирустық канцерогендер деген негізгі үш тобы бар. Канцерогендер әсерінен ісіктердің туындау процесін канцерогенез дейді. Канцерогендік агенттердің сипатына қарай көптеген теориялар тұжырымдалған, атап айтқанда олардың негізгілері химиялық канцерогендер, физикалық канцерогендер, вирустық-генетикалық және полиэтиологиялық теориялалар. Ю.Конгейімнің дисонтогенетикалық теориясы, немесе «эмбриондық бастамалар» теориясы қазірде тарихи тұрғыдан ғана назар аударады деген пікірлер бар.
Вирустық - генетикалық теория бойынша ісіктер ерекше онкогендік вирустардың әсерінен туындайды. 1911 жылы америкалық ғалым П. Роус тауықтың қатерлі ісігі саркоманың вирус тударытынын дәлелдеген еді. Осы еңбегі үшін оған 1968 жылы арада жарты ғасырдан аса мерзім өткеннен кейін Нобель силығы берілді. Кейін тауық лейкозы, үй қоянының Шоп папилломасы сияқты кейбір ісіктерді де вирус тудыратыны анықталды. Ауру адамның денесінен бөлініп алынған вирусты маймыл денесіне енгізіп лейкоз тудырылды. Электрондық микроскоп арқылы зерттеу нәтижесінде ісік торшаларында вирусқа ұқсас денешіктер болатынына көз жеткізілді. Сөйтіп, вирустық теорияның негізі салынды. Бұл теорияны тұжырымдаушы Л.А. Зильбердің (1968) пікірі бойынша, ісік процесінің бірінші кезеңінде вирустың нуклейн қышқылы торшаның зәулеттік аппаратымен бірігеді де ісік торшалары пайда болады, екінші кезекте ісік торшалары тоқтаусыз бөлініп көбейе береді, бірақ бұл процеске вирус қатыспайды. Ісік шақыратын вирустар ДНҚ-геномды және РНК- геномды ретровирустар. Экзогендік вирустармен қатар ісіктің эндогендік вирустары бар екені де дәлелденген. Әдетте олар – торша геномының бір бөлігі. Түрлі физикалық-химиялық факторлердің әсерінен қолайлы жағдай туса, бұл эндогендік вирустарда ісіктің шығуына себеп болады.
Физикалық – химияық теория ісіктердің пайда болуын әртүрлі физикалық-химиялық әсерлермен байланыстырады. Бұл жөнінде алғашқы болжамды 1775 жылы ағылшын ғалымы Потт айтты, неміс ғалымы Р. Вирхов 1855 жылы "Тітіркендіру теориясын" тұжырымдады. Жапон ғалымдары Ямагиева мен Ишикова 1915 жылы бірінші болып үйқоянының құлағына 2-3 ай бойы тас көмір майын жағу арқылы рак ісігін тудыруға болатынын дәлелдеді. Қазіргі таңда канцерогендік рөлді (ісік тудыратын әсер) әртүрлі физикалық-химиялық факторлар тудыратыны белгілі болып отыр. Олардың қатарына рентген сәулесі, әртүрлі радиациялы әсерлі изотоптар, мұнай мен тас көмір өнімдері, күннің ультракүлгін сәулесі, ұзақ мерзімді механикалық, температуралық әсерлер, алколоидтар және т.б. жатады. Шылым түтінінде, насыбай құрамында канцерогендік факторлар бар екені тәжірбие жүзінде дәлелденген. Ұсақ саңырауқұлақ уларының, соның ішінде афлотоксиннің бауыр қатерлі ісігін тудыратыны белгілі болды. Ісік тудыру үшін бұл факторлар организмге ұзақ уақыт әсер етуі керек. Көңіл аударарлық және бір жай, организмнің хал- ахуалына қарай канцерогенгендердің әсерінен ісік сирек те, жиі де, тіптен міндетті түрде пайда болуы мүмкін.
Геномды улаушы химиялық канцерогендер деп есептелетін полициклді ароматты көмірсулар, ароматты аминдер, т.б. торшалар геномының ДНҚ мен тікелей немесе әуелі химиялық өзгерістерге түсіп барып әсерлесіп, мутация шақырып, торшаларға ісіктік қасиет береді. Эпигенетикалық канцерогендер деп аталатын химиялық заттар қатарына жататын хлорорганикалық қосындылардың, иммунодепрессанттардың, т.б. мутациялық әсері болмағанымен организмге енгізгенде торшалар ядросының ДНҚ бүлдіріп ісіктің туындауына әкеледі.
Полиэтиологиялық теория бойынша ісік тудыратын факторлар әрқилы: химиялық және физикалық әсерлер, вирустар, регенерация барысының бұзылуы, эмбриогенез ақауларының салдары.
Конгейм (1839-1884) тұжырымдаған дисонтогенетикалық теория (disontogenesis - ақаулы даму) тек кейбір ісіктердің ғана туындауын түсіндіреді. Бұл теория бойынша, ісіктер эмбриогенез кезінде өсіп-жетіле алмаған немесе даму ақауларына душар болған торшалардан, өрме бөліктерінен пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет