21 мутация негізгі мутагендер Мутация



Дата07.02.2022
өлшемі335,27 Kb.
#94470
Байланысты:
микробиология колооквиум 21-25


21) мутация.негізгі мутагендер
Мутация– табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды.
Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдықхромосомалықгендік немесе нүктелік деген түрлері бар.
Мутацияны жиілететін факторларды мутагендер деп атайды. Мутагендер табиғи және жасанды деп бөлінеді.
Табиғи мутациялар ДНҚ ның репликация,репарация,рекомбинация сияқты процестерінде пайда болған қателіктердің нәтижесінде пайда болады.
Жасанды мутациялар сыртқы мутагендердің әсерінен пайда болған. Олардың 3 түрі кездеседі: физикалық,химиялық,биологиялық.
Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер,ультракүлгін сәулелер,гамма сәулелері,лазер сәулелер,жоғпры н/е төмен температура ж/е т.б.
Химиялық мутагендерге колхицин,этиленамин,никотин қышқылдары ж/е химиялық қосылыстар жатады.
Биологиялық мутагендерге геномда мутация тудыратын вирустар мен қарапайымдар жатады.
22) Вакциналар түрлері
Вакциналар- бастапқыда инфекция профилактикасына,активті иммунитет қалыптастыруға арналған препараттар.
Вакцина тірі,өлтірілген,химиялық,ассоциацияланған болып ажыратылады.
Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Тірі вакциналар шешекқұтыруобатуляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.


Өлтірілген вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенолацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.
Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратифіш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар.
Ассоциацияланған вакцина - 2 - 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды, қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды. Сүзектырысқақтопалаңқұтыру вакцинасын тері астынақызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.




24) Ашу процесінің негізгі типтері
Ашу – ашытқы немесе бактерия секілді микроағзалардан келетін ферменттердің әсерінен көмірсулардың этанол мен көмірқышқыл газына бөлінетін химиялық процесі. Ферменттер ашу процесінде катализатор қызметін атқарады. Бұл процесс энергия бөліп шығарады және анаэробты (яғни, оттектің жоқтығы) тыныс алу деп аталады. Сол себепті ашу энергия бөліп шығарады, ал кейбір ағзалар үшін (бактерия мен саңырауқұлақтар секілді) ашу энергияның негізгі көзі болып келеді. 
Ашуға арналған қолайлы жағдайлар: сулы ерітінді, оттектің жоқтығы және жылу, бірақ аса ыстық орта емес (белгілі бір температурадан асып кетсе, ферменттер бұзылады немесе табиғилығын жоғалтып, реакцияны мүлдем үдете алмайды).
25) Су микрофлорасы
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты,себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда ол жердің физикалық-химиялық,жарық жағдайына,көміртегінің қос тотығы мен оттегінің еру дәрежесіне,органикалық және минералды заттар болуына бейімделген тиісті биоценоздар қүрылады.
Ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар: таяқша тәрізді, кокк тәрізді және ирек тәрізділер табылады. Судың органикалық заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың,саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді. Әсіресе анаэроб су қоймаларының түбінде көп кездеседі. Су микрофлорасы организмдерден өңделетін,органикалық қалдықтардан өзін өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады.
Жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері және ішек жұқпасының қоздырғыштары ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және жауын-шашын сулармен өзен,көлдерге түседі. Олай болса,су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет