Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет9/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е

б

а
Ж алпақ торшалы карциноманың мүйізгектенетін және мүйізгектенбейтін түрлері бар. Әдетте көп қабатты эптителий (терінің, кілегейлі қабықтардың, ауыз, т.б.) сыртқы ортамен тікелей шектеседі. Карциномада бұл жамылғы эпителий торшалары дәнекер өрмеге еніп ісік ұяларын құрайды. Карцинома ұяларында, яғни ісік паренхимасында, торшалар негізінен кәдімгі көпқабатты эпителийдегідей болып орналасқан. Ұяның дәнекер өрмелі стромамен шектесетін шетінде текше немесе цилиндр пішінді торшалар болады. Жалпақ торшалы мүйізгектенетін карцинома ұясының ортасы эозинмен қызғылт түске боялатын, мүйізгек талшықты заттан тұрады. Мүйізгектенбейтін жалпақ торшалы карцинома ұяларында мүйізгек (күстену) заты болмайды, яғни торшалардың өсіп-жетілу дәрежесі көпқабатты, қылтанды торшалар сатысында тоқтайды (сур. 77).
Аденокарцинома (без карцинома) - без мүшелер (бауыр, бүйрек, ұйқы безі, т.б.) және кілегейлі қабықтардың призма эпителийінен (бронх, ішек-қарын) туындайтын қатерлі ісік. Аденомадан айырмашылығы аденокарциноманың ісік торшаларына атипизм тән: бұлардың пішіні әрқилы, ядросында хроматин шамадан тыс көп болады.
Карциноманың ацинарлы, тубулярлы, өзекті деген түрлері бар. Ацинарлы аденокарцинома без көпіршіктерінен, тубулярлы аденокарцинома без түтікшелерінен, емізікті аденокарцинома – эпителийдің бүртікті, емізік тәрізді өсінділерінен тұрады. Ісік паренхимасы болып табылатын бұл құрылымдардың көлемі де, пішіні де әрқилы, қабырғалары қабат-қабат болып орналасқан, текше немесе цилиндір тәріздес эпителий торшаларымен астарланған. Төңірегіндегі өрмеге ене, оны бүлдіре өсетін бұл эпителийлік құрылымдар мен дәнекер өрмелі строма аралығында өзіндік жарғақ болмайды.
Кілегейлі (коллоидтық) карцинома без эпителийінен туындайды, карцинома торшалары шамадан тыс көп етіп кілегей өндіреді. Ісік сырт қарағанда қоймалжың, жалқаяқты. Микроскоп арқылы қарағанда кілегеймен және бейтипті карцинома торшаларымен толған қуыстар көрінеді.
Скирр, яғни фиброзды карцинома (грек. scirros - нығыз) - жуан талшықты дәнекер өрмеден тұратын стромасы көлемі жағынан паренхимадан басым; тез дамып, ерте метастаз береді. Ісік паренхимасы хроматині көп, өсіп-жетілу деңгейі өте төмен эпителий торшаларынан тұрады.
Медуллярлы карциноманың паренхимасы стромадан басымдау. Тез өседі, ерте және көптеген метастаздар береді. Стромасы тым аз. Сырт көрінісі: жұмсақ, ақшыл, миға ұқсайды (миға ұқсас карцинома). Ісік паренхимасы бейтипті эпителий торшаларынан тұрады.
Карциноманың ұсақ торшалы, полиморфты торшалы және т.б. түрлері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет