Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет10/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е

Мезенхималық ісіктер

Мезенхималық ісіктер талшықты дәнекер өрмеден, май, ет өрмелерінен, сүйек пен шеміршектен, қан мен лимфа тамырларынан туындайды. Олар қатерсіз және қатерлі ісіктер болып екі топқа бөлінеді.


Қатерсіз мезенхималық ісіктекрдің бірі - фиброма – талшықты дәнекер өрменің қатерсіз кемелденген ісігі. Фиброма теріде, тері шелінде, сүт безінде, жатырда, қаңқа етінде, т.б. жерлерде кездеседі. Ісік төңірегіндегі өрмені ысыра өседі, сондықтан оның шекарасы анық емес. Фиброма паренхимасы борпылдақ дәнекер өрмеден құрылса, фибробластар мен фиброциттер көп болады (жұмсақ фиброма). Ісік паренхимасы негізінен коллаген талшықтарынан құрылса, торшалар саны аз болуы мүмкін (қатты фиброма).
Фиброманың кәдімгі талшықты дәнекер өрмеден айырмашылығы коллаген талшықтары будаларының орналасуында ешқандай заңдылық жоқ, будалардың бағыты әрқилы (сур.78).
Фибромада кейде дистрофия (гиалиноз, кілегейлену) және қабыну процестері өрбиді. Кілегейленген фиброманың тілік бетінде қоймалжыңға толған қуыстар болады.

78-сур. Қатты фиброма (ит терісі)


Көбінесе фиброма шар тәрізді домалақ келеді, оның көлемі мен салмағы әрқилы: ірі қара малда ісік ондаған килограмм тартуы мүмкін, тілік беті ақшыл, сұрғылт сары, қызғылт.
Келлоид (кelloidum) – қатты фиброманың ерекше түрі, әдетте терінің тыртықтанған жерлерінде пайда болады. Түйінді, өте қатты, тілік беті ақшыл түсті, торшалары аз, жуан талшықты өрмеден тұратын ісік.
Миксома (myxoma) – құрылымы эмбриондық кілегейлі дәнекер өрмеге ұқсас қатерсіз ісік. Көбінесе тері астында, көлденең жолақты бұлшық етте, ылғалды және кілегейлі қабықтар бетінде кездеседі. Миксома шарға ұқсас домалақ немесе сопақша келеді, шекарасы айқын, жұмсақ, жалқаяқты, ақшыл-сарғыш түсті, салмағы бірнеше килограмға жетуі мүмкін. Микроскоппен қарағанда ісік паренхимасын құратын кілегейлі өрмеде жұлдыз және ұршық пішінді торшалар болады. Олардың нәзік, ұзын өсінділері бір-біріне ұласып жатады. Торшалар аралығы гомогенді негізгі затпен толған. Ол гематоксилин - эозинмен көкшіл түске боялады. ШИҚ – реакциясымен оң боялады. Ісік стромасы қан тамырларынан, оларды қоршаған борпылдақ дәнекер өрмеден тұрады.
Липома (lipoma) – май өрмесінің қатерсіз ісігі. Көбінесе тері астында, ылғалды қабық астында, ішек-қарын қабырғасында кездеседі. Ісік домалақ пішінді, айқын шекаралы, кейде қалыпты өрмемен тек жіңішке сабақ арқылы байланысты. Салмағы бірнеше граммнан бірнеше килограмға дейін, ақшыл сарғыш түсті, жұмсақ не қатты липомалар болады. Тілік бетінен көлемі де, пішіні де әртүрлі бөліктер көрінеді. Микроскоп арқылы қарағанда ісік паренхимасын құрайтын үлкенді-кішілі май торшаларын, дәнекер өрмеден тұратын строманы көруге болады. Липома жылқыда, итте, ірі қара малда жиірек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет