Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет2/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е
ВСС Төлеман.Е, МИКРОБИОЛОГИЯ ЭКЗ (копия)
Негізгі бөлім
Ісік құрылысы. Ісіктердің қай-қайсысының да паренхимасы және стромасы болады. Паренхима деп ісіктің жаратылысы мен тегін, яғни гистогенезін анықтайтын, ісікке тән қасиеттерге ие болған торшаларды айтады. Мысалы, эпителий тектес ісікте эпителий торшалары паренхима болып есептеледі.
Ісік торшаларының өсіп-жетілу дәрежесі жоғары болса, ісіктің өзін жаратқан мүшемен ұқсастығы да мол болады. Мұндай ісікті гомологиялық немесе гомотипті ісік дейді. Ісік торшаларының өсіп-жетілуі өте төмен болып, сол деңгейде тоқтап қалса, құрылымы жағынан ісіктің өзін жаратқан мүшеге ұқсастығы шамалы, тіпті жоқтың қасы. Мұндай ісіктерді гетерологиялық немесе гетеротипті ісіктер дейді. Ісік стромасы дағдылы борпылдақ дәнекер өрмеден, қан тамырлардан және жүйке талшықтарынан тұрады. Паренхимасы да, стромасы да микроскоппен айқын көрінетін ісіктерді органоидтық, яғни мүше тәріздес ісіктер деп, ал стромасы нашар дамыған ісіктерді гистиоидтық, яғни өрме тәріздес ісіктер деп атайды.
Ісіктердегі қан тамырлары көбінесі құрылымы жағынан қылтамырларға, синусоидқа ұқсайды және жаңадан ісікпен бірге пайда болады. Тез өсетін ісіктерде қантамырлардың туындау қарқыны төмен, сондықтан оларға қоректік заттар аз жеткізіледі, осыған орай торшалары ыдырап өліге ұшырайды, теріде кілегейлі қабықтарда орналасқан ісіктер ойылымданады.
Ісіктер паренхимасына қарай аталады және жіктеледі, сипаты да паренхималық торшалардың өсіп-жетілуі деңгейіне қарай анықталады. Ісік паренхимасы өрмелік атипизммен сипатталатын болса, кемелденген (зрелый) ісік, ал торшалық атипизммен сипатталатын болса кемелденбеген (незрелый) ісік деп аталады.
Ісіктердің сырт көрінісі де әрқилы. Ісік домалақ, бүртікті, бұтақты, беті тегіс, кедір-бұдырлы болуы мүмкін. Диаметрі бірнеше ғана сантиметр, салмағы бірнеше ғана грамм ісіктер де, өте үлкен және ауыр (салмағы бірнеше, тіпті ондаған кг) ісіктерде кездеседі. Әдетте қатерсіз, кемелденген ісіктер өте үлкен болады. Мұны әсіресе ісік дене сыртында немесе кең табиғи қуыста (құрсақ, көкірек) орналасса айқын көруге болады. Ми сауыты ішінде шыққан қатерсіз ісіктер миды жаншып, ден саулыққа үлкен зиян келтіреді, бірақ онша үлкен болмайды.
Ісіктің түсі оның тегіне және тамырлану деңгейіне байланысты. Ол сұрғылт, сұрғылт-ақшыл, сұрғылт-қызыл, сарғыш, қара-қошқыл, көкшіл-қызыл, тіпті қара болуы мүмкін. Ісіктің нығыздығы да әртүрлі. Паренхиманың сипатына, паренхима мен строманың тепе-теңдік дәрежесіне қарай жұмсақ, қатты, қоймалжың, жалқаяқ тәріздес те болады. Ісік тілігінің беті біркелкі, талшықты, тіпті қуыс болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет