Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет7/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е

б

а
75-сур. Қатты папиллома: а)дерма, б) эпидермистің ұзарған емізікшелері.

Микроскоп арқылы қарағанда ісік паренхимасын құрайтын жамылғы эпителийдің торшалары көбейіп қалыңдағанын, одан көптеген тармақ бұтақты өсінділер өсіп шыққанын, бұл өсінділердің аралығын борпылдақ немесе нығыз дәнекер өрме басқанын көруге болады. Эпителиймен дәнекер өрме арасы қанша ирелеңкі болғанымен, сол арада кәдімгі анатомиялық құрылым бұзылмайды. Көп қабатты эпителийдің дәнекер өрмемен шектесетін табанын куб тәрізді іргелік (базальдық) торшалар, ал беткейін күстенген торшалар құрайды (сур.75).


Папиллома қабынып, домбығып, қанталап әртүрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін, кейде мұндай өзгерістер қатерлі ісікке ұласады.
Аденома (грек. Aden - без, oma - ісік) – без мүшелер (сүт безі, қалқанша без, бауыр, бүйрек, т.б.) эпителийінен және кілегейлі қабықтар астары – призма тәріздес эпителийден жаралған қатерсіз ісік. Әдетте диаметрі бірнеше сантиметрге жететін, шекарасы айқын, ақшыл - қызғылт түсті, жұмсақ түйін түрінде кездеседі. Ісік құрылымы көбінесе сол ісік туындаған мүше құрылымына ұқсас. Аденома органоидтық ісіктер қатарына жатады, яғни онда паренхимамен қатар борпылдақ және нығыз дәнекер өрмеден тұратын строма айқын болады. Кейде ісік стромасы оның паренхимасынан басым (фиброаденома). Паренхима куб немесе призма тәрізді эпителиймен астарланған қарапайым немесе бұтақты түтікшелерден құрылса, ісік түтікті (тубулярлы) аденома деп аталады. Аналық без бен қалқанша без аденомалары қабырғасы куб тәріздес эпителиймен астарланған шар пішінді бітеу қуыстардан тұрады (фолликулдық аденома). Бауыр аденомасында эпителий торшалары өзара иін тірескен беларалар құрады (трабекулалық аденома). Ісіктің безді қуыстары ішінде түрлі секрет (сарысу, кілегей, коллоид) жиналғандықтан шамадан тыс кеңейіп, кистаға айналуы мүмкін (сур. 76).

76-сур. Сүт безінің аденомасы.




К истоаденома аналық жыныс безде, бүйректе (жылқыда, итте) гипофизде кездеседі. Киста қабырғасы торсиып сыртқа қарай кеңеюі нәтижесінде мұнда үлкенді-кішілі бездер - қуыстар пайда болады. Эпителиймен астарланған, дәнекер өрмеден құрылған строма кистаның ішіне қарай өссе, мұнда көп тармақты бүртіктер пайда болады (бүртікті аденома).
Аденоманың сырт көрінісі әрқилы. Кілегейлі қабықта орналасқан аденома түйінінің беткейі тегіс те, бүртікті де болуы мүмкін. Мүшенің қалың ортасында орналасқан ісік ошақтары айқын шекаралы, ақшыл-қызыл түсті, жұмсақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет