Реферат " Аталық жыныс ағзалары"



Дата26.09.2023
өлшемі2,06 Mb.
#182493
түріРеферат
Байланысты:
Аталық жыныс ағзалары


Жамбыл жоғарғы медициналық колледжі
РЕФЕРАТ
Аталық жыныс ағзалары”


Орындаған: Әбілда Мұхаммеджан Бақытжанұлы
Оқытушы: Шорманбаева Римма Толеновна
Көбею
Ұ
рпақ жаңғырту 
(көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады.
Аталық жыныс мүшелері

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топқа бөледі.

  • Сыртқы аталық мүшелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады.

  • Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады.






Аталық бездер


Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ  қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы  құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық  дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.


Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады.



  • Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары  - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі.




  • Екіншіден, аталық бездерден жыныс гармондары (негізінен  тестастерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.

Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует  (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады.
Сперматозоид




Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos – ұрық, zoon – тіршілік иесі және eіdos – түр) – адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы.
1977 жылы сперматозоидты сүтқоректілердің спермасынан Антони ван Левенгук тапты. Ал сперматозоид терминін ғылымға 1827 жылы К.М. Бэр енгізді. Сперматозоид сперматогенез процесінің (адам мен жануарлар аталық безінде сперматозоидтардың түзілуі) нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы басталады Сперматозоидтар талшықты және талшықсыз болып бөлінеді. Кәдімгі талшықты сперматозоидтар барлық омыртқалы жануарлар мен көптеген омыртқасыздарға тән. Талшығы (құйрығы) қозғалу қызметін атқарып, сперматозоидты жылжытады, онда аденозин үш фосфор қышқылын ыдырататын белок, денесінде қысқа басы болады. Аталық жыныс жасушасы төменгі сатыдағы өсімдіктер бойында аталық гамета ретінде дамып жетіледі. Олардың аналық гаметаға қарағанда мөлшері ұсақтау келеді, үнемі қимыл-қозғалыста болатын талшықтары болады. Аталық жыныс жасушасы мүктерде жұқа қабырғалы қапшықтарда, ал қырыққұлақтәрізді өсімдіктерде өскін антеридийлерінде дамиды. Олардың ұрықтануы сулы ортада жүреді.
Аталық жыныс безі
Аталық жыныс бездері – жыныс органының күрделі бөлігі. Мұнда аталық жыныс клеткаларымен бірге аталық жыныс гормондары түзіледі. Аталық безі мезотелий мен ақ қабықшадан тұратын қабықпен қапталған. Осы қбықтан аталық жыныс безін бөліктерге бөлетін дәнекер ұлпалық бөлмелер тарайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет