Қатерсіз және қатерлі ісіктер



бет3/19
Дата29.11.2022
өлшемі5,01 Mb.
#160276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ХирургияСРС Төлеман.Е
ВСС Төлеман.Е, МИКРОБИОЛОГИЯ ЭКЗ (копия)
Ісіктің өсуі. Мүше-өрмелердің қай-қайсысында да ісік шығуы мүмкін. Торшалардың қалыпты қасиеттерінен айырылып, ісіктерге тән қасиеттерге ие болуы тек белгілі бір торшада, бір ғана мүшенің көптеген торшаларында, бір жүйеге жататын бірнеше мүшелердің торшаларында болуы мүмкін. Осылайша пайда болған ісіктердің бастамасы ісіктердің өсуіне ұласады. Туындау ошақ санына қарай ісік бір бастамалы (бір ошақты) және көп бастамалы (көп ошақты) болады. Бұдан былай ісіктің өсуі негізінен ісік торшаларының көбею есебінен болады, яғни ісік өзінен-өзі өседі. Ісік көлемінің ұлғаюы негізінен экспансивтік немесе инфильтративтік өсу арқылы болады. Экспансивтік (латын. expansivus - жайып жіберу, ұлғайту) өсу ісік ошағының бірте-бірте үлкейіп, төңірегіндегі өрмені ығыстыруымен сипатталады. Яғни, ісік торшалары көбейгенмен көрші өрмеге енбейді, тек оны ығыстырып, қысым жасайды. Осылайша өсу кемелденген қатерсіз ісіктерге тән.
Инфильтративтік (инвазивтік) өсу ісік торшаларының төңірегіндегі өрмеге еніп, өсіп-өнуімен сипатталады. Әуелі ісік торшалары өрме қуыстарын жайлайды, қан - лимфа тамырларын бойлай тарайды, кейін жолындағы кедергілерді ыдыратып, бүлдіреді. Осылайша қанға және лимфаға енген ісік торшалары эмбол түрінде басқа мүшелерге жетіп, қылтамырларда кептеліп, нәтижесінде метастаздардың, яғни екінші кезектегі ісік ошақтарының пайда болуына әкеледі. Инфильтративтік өсу қатерлі (кемелденбеген) ісіктерге тән.
Ісіктің өсуі жарақатқа байланысты шапшаңдауы, ал төңірегіндегі өрменің іріңдеп қабынуы салдарынан бәсеңдеуі мүмкін.
Қатерсіз және қатерлі ісіктер
Клиникалық тұрғыдан ісіктерді қатерлі және қатерсіз деп топтайды. Қатерсіз немесе кемелденген ісіктер өсіп-жетілуі жоғары деңгейге жеткен торшалардан тұрады, сондықтан олардың қандай мүшелерден (өрмеден) туындағанын анықтау қиынға түспейді. Бұл ісіктер экспансивті жолмен баяу өседі, метастаз бермейді, оларға өрмелік атипизм тән, көбінесе тек төңірегіндегі өрмені жаншып организмге механикалық әсер етеді. Шекарасы айқын болғандықтан, мұндай ісіктерді сылып алып тастау қиынға түспейді.
Қатерлі немесе кемелденбеген ісіктер өсіп-жетілуі төмен торшалардан тұрады, яғни торшалық және өрмелік атипизмге ие, төңірегіндегі өрмеге еніп, оны бүлдіреді, тез өседі, метастаз береді. Ісік шекарасы айқын емес, сондықтан оны сылып алып тастау біраз қиындықтар туғызады. Бірен-саран сылынбай қалған ісік торшаларынан қайтадан ісік пайда болады (рецидив, латын. recidium - қайталау). Көбінесе метастаз құрылысы жағынан негізгі ісік ошағына ұқсайды, сол аналық ісіктен анағұрлым үлкен болады. Метастаздың пайда болу мерзімі әртүрлі. Ол қысқа не ұзақ (1-2 жылға созылған) болуы мүмкін. Эпителий қатерлі ісіктері (рак) әдетте лимфа арқылы, ал мезенхиманың қатерлі ісіктері (саркома) қан арқылы тарайды. Ішек-қарын ісіктерінің метастаздары негізінен бауырда, ал сүт безі ісіктерінің метастаздары төс сүйегінде, омыртқа жотасында пайда болады. Айта кету керек, қанға, лимфаға еніп басқа жерге көшкен ісік торшаларынан әруақытта ісік ошақтары туындай бермейді. Бұл торшалардың көпшілігі ыдырап өледі. Тез өсетін қатерлі ісіктер, олардың метастаздары көбінесе екінші кезекте дамитын өзгерістерге ұшырайды: домбығады, қанталайды, өліге ұшырайды, ойылымданады, қабынады, әктенеді, кілегейленеді, т.б. Бұл процестердің туындау механизімі ісікті қанмен қамтамасыз етудегі олқылықтарға, ісік торшаларынан ферменттердің бөлінуне, аутолизге байланысты. Теріде, кілегейлі қабықтарда орналасқан ісік торшаларының өліге ұшырауы үлкен ойылымдарға ұласады. Ісік метастаздары имплантация (implanta - отырғызамын) жолымен де пайда болады. Зақымданған мүше сау өрмемен, өкпе, көкірек қуысы ылғалды қабығымен жанасса ісік торшалары оларға көшіп, ісік ошақтарының туындауына әкеледі.
Ісік организмге жергілікті және жалпы әсер етеді.
Жергілікті әсері: қатерсіз ісік төңірегіндегі өрмені, көрші мүшені қысып-жаншиды. Қатерлі ісік оны бүлдіріп, қызметін бұзады. Жалпы әсері: зат алмасу процесі бұзылады, қандағы ферменттердің күші, нәруыздар мен липидтердің мөлшері азаяды, эритроциттердің шөгу шапшаңдығы күшейеді, қандағы саны кемиді. Ісік торшалары амин қышқылдарын, витаминдерді, глюкозаны шамадан тыс мол пайдаланады, нәруыздың, көмірсудың толық ыдырап бітпеген өнімдері қанға сіңеді. Нәтижесінде мал арықтап азады (кахексия). Ісік торшаларының антигендік әсерінен трансплантанттық иммунитетке тән иммундық-морфологиялық өзгерістер туады. Ісік стромасында Т- және В лимфоциттер, плазмоциттер, макрофагтар жиналады. Иммундық өзгерістер күшті болса ісіктің дамуы баяулайды, керісінше, қарама-қарсы жағдайда шапшаңдайды, метастаздар ерте пайда болады деген деректер бар. Ісік дамуының алғашқы сатысында антигендік түрткіге байланысты өзгерістер өрбиді: лимфа фолликулдары және олардың көбею орталықтары үлкейеді, синустарда ретикулоциттер, гистиоциттер көбейіп кетеді (синус гистиоцитозы). Алайда бұл иммундық реакциялар ісіктің өсуіне кедергі бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет