Алманың зиянкестері



бет1/13
Дата08.11.2019
өлшемі2,15 Mb.
#51316
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алманың зиянкестері

Алманың зиянкестері

Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын насекомдардың жүздеген түрлері белгілі. Насекомдармен қатар жеміс ағаштарына өсімдік қоректі кенелер де қатты зиян келтіреді.


Зиянкестердің түр құрамы жеміс ағаштарының жас немесе кәрі болуына,физиологиялық күйіне және соынмен қатар жеміс шаруашылығының зоналық ерекшеліктеріне байланысты түрліше болады.

Жеміс ағаштарының питомниктерінде екпе шыбықтарды негізінен көп қоректі зиянкестер (сымқұрттар,жалған сымқұрттар,зауза қоңыздарының личинкалары,кеміргіш қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары және т.б.) зақымдайды. Тікпе шыбықтардың өсу барысында оларды біртіндеп жапырақтарын соруға және кеміруге маманданған зиянкестер мекендей бастайды.Жеміс салған кезден бастап зиянкестердің түр құрамы жеміс ағаштарының генеративтік мүшелерін, яғни бітеу гүлін, гүлін, жемісін зақымдайтын зиянкестер (гүл жемірлері, жапырақ ширатқыштар, егеушілер, жеміс жемірлері және т.б.) есебінде көбейеді. Ал бақтағы әлсіреген кәрі ағаштарды қабық жемірлері,шел қабықшалылар, мөлдір қанаттылар, бұрғы көбелектер сияқты зиянкестер зақымдап, олардың қурап қалуына себепкер болады.
Зиянды насекомдар мен кенелер жеміс ағаштарының барлық мүшелерін (бүршігін, жапырағын, бітеу гүлін, бұтағын, діңін, тамырын) зақымдайды. Қатты зақымдалған жеміс ағаштары әлсіреп, дұрыс өспейді. Келесі жылдары өнімі төмендейді. Ағаштардың жемісін зақымдайтын зиянкестер де көп шығынға ұшыратады.


Жеміс ағаштарын бітелердің көптеген түрлері зақымдайды. Солардың ішінде алма ағашында тұрақты түрде көп кездесетіні – алманың жасыл бітесі – Aphis pomi Deg. Бұл кең таралған, көбінесе питомниктерде тікпе шыбықтарды және жас ағаштардың бұтақтарын мекендейді.
Алманың жасыл бітесі миграция жасамайтын бітелер тобына жатады, яғни ол тек жеміс ағаштарын ғана мекендейді. Ал жапырақ бітелерінің жоғарыда көрсетілген бұдан басқа түрлері шөптектес өсімдіктерді мекендейді. Бірақ күзде олар жұмыртқаларын жеміс ағаштарына..салады.
Бітелер жеміс ағаштарының жапырақтары мен жас өркендерінде өте тығыз шоғырланып, олардың шырынын сорып,қатты зақымдайды. Нәтижесінде зақымданған жапырақтар бүрісіп ширатылып, өркендер бұралып, деформацияланады. Көпшілік жағдайда олар қурап қалады да, біржола тіршілігін жояды.
Бітелер әсіресе ауа райы жылы және ылғалдылық жеткілікті болған жағдайда қарқынды түрде өсіп-өніп, тез көбейеді. Ал ауа-райы салқын және нөсер жаңбырлы болған кездерде олардың өсіп-өніп көбеюі едәуір тежеледі. Бітелердің жаппай көбеюін тежеп, сан мөлшерін едәуір дәрежеде азайтып тұратын факторлардың ішінде энтомофагтардың да, әсіресе кокцинеллидтер мен алтын көзділердің маңызы өте зор.

1-сурет. Алманың жасыл бітесі (Aphis pomi Deg)




Алманың қанды бітесі - Eriosoma lanigerum Hausm. Бітелер отряд тармағының пемфигиде (Pemphigidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тек Түркістан облысында ғана кездеседі. Денесін мақта тәрізді ақ түк шоғы жауып тұрады. Басып жаншығанда денесінен қызыл-қоңыр түсті сұйық зат бөлініп шығады. Осыған байланысты қанды біте деп аталады.
Қанды бітенің 1 және 2 жастағы личинкалары, кейде қанатсыз ұрғашылары алма ағашының тамырларында, діңінде, қабыұтың сыр заттары мен жапырақтарында көтеріліп, сонда күзге дейін тіршілік етеді. Жапырақ бітелерінен айырмашылығы – қанды біте алма ағашының діңіне қаңқа бөлікерін, яғни діңін, бұтақтарын сорып зақымдайды. Ағаштың біте колониялары мекендеген мүшелерінде борпылдақ тканьдерден тұратн ісік тәрізді буылтықтар және сонымен қатар бұтақтарда ұзын салалы сызаттар пайда болады, зақымдалған ағаштар қатты әлсірейді.

2-сурет. Алманың қанды бітесі. (Eriosoma lanigerum Hausm)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет