Атырау облысы білім беру басқармасы


Мұнайды фонтанды тəсілмен өндіру



бет9/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
6.Мұнайды фонтанды тəсілмен өндіру
Скважинамен сұйықты көтеру тек қабат энергиясының есебінен жүзеге асатын пайдалану əдісін – фонтанды əдіс деп атаймыз. Қабат қысымы төмендеуі кезінде немесе скважинаның сулануы жоғарылаған жағдайда, скважина пайдаланудың механикаландырылған əдісіне (газлифтілі немесе сорапты) ауыстырылады. Скважинаның фонтандауы жаңадан ашылған, қабат қысымы жоғары, мұнай кен орнындағы скважиналарда болады. Скважинадағы түптік қысым, сұйық бағанының гидростатикалық қысымынан, үйкеліс қысымынан жəне сағадағы кері қысымнан үлкен болуы керек. Кез-келген фонтанды скважиналардың жұмысы үшін жалпыға ортақ шарт бойынша негізгі теңдеу төмендегідей:
РС= РГ+РТР+ РУ
мұндағы РС – скважина түбіндегі қысым; РГ , РТР , РУ – скважинада тігінен есептелген сұйық бағанының гидростатикалық қысымы, сорапты
компрессорлық құбырдағы (СКҚ) үйкеліске кеткен қысым жəне сəйкесінше сағадағы қарсы қысым.
Мұнайды жердің бетіне арнайы құрылғылардың көмегімен көтеру тəсілін механикаландыру деп атаймыз. Механикалық тəсілді пайдалану компрессорлық жəне түрлі сораптардың көмегімен іске асады.
Компрессорлы тəсіл кезінде скважинаға мұнаймен араластырылып компрессормен газ айдалады. Мұнайдың тығыздығы төмендеп, түп маңы қысымы қабат қысымынан төмендеп, сұйықты қозғалысқа келтіріп жер бетіне шығарады. Компрессорлы тəсілді Батыс Қазақстан кен орындарында кеңінен қолданады.
Сорапты тəсілді пайдалану кезінде сораптар белгілі бір тереңдікке
түсіріледі де, түрлі тəсілдермен берілген энергия есебінен қозғалысқа
түрленеді. Мұнай өндіретін кен орындарында штангалы сораптар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар мұнайды шығарудың тəсілдерінің бірі штангісіз сорапты қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осы кезде скважина СКҚ бойымен сорапқа кабель арқылы электр энергиясы жалғанады. Біздің елімізде кеңінен таралған қондырғылардың бірі ортадан тепкіш электр сорабы.



Сонымен қазіргі кезде мұнайды өндірудің негізгі үш тəсілі қолданылады:
1.Фонтанды - сұйық пен газ қабат энергиясының əсерінен скважина оқпаны арқылы түп аймағынан жер бетіне көтеріледі;

2.Газлифтілі - жер бетіне мұнайды көтеру үшін скважинаға компрессор көмегімен сығылған көміртекті газ бен ауа айдалады немесе жіберіледі;

3.Сорапты - скважинаға түсірілген сораптар көмегімен жер бетіне сұйықты көтеру.




7

09

30



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет