1
|
09
|
13
|
1.Мұнай және оның қасиеттері
Мұнай табиғи жағдайда тау жыныстарының кеуек қуыстарында
орналасқан сұйық гидрофобты фаза. Мұнайға əртүрлі сала бойынша анықтама беруге болады:
геологиялық анықтамасы – сұйық каустобиолит (жанғыш органикалық жыныс), көміртектес материал;
органолептикалық анықтамасы - судан жеңіл, өзіне тəн исі бар коңыр
қара түсті майлы сұйықтық;
химиялық анықтамасы – көмірсутектер мен гертеро атомдардың (күкірт, оттегі жəне азотты) табиғи күрделі қосылысы;
жүйелік анықтамасы – еріткіштері сұйық көмірсутектер болатын, ал ерігіш заттары қатты көмірсутектер (жоғары молекулалы парафиндер, көп циклді нафтендер, кейбір арендер), газдар, төмен (азотты, күкіртті жəне т.б) жəне жоғары молекулалы (шайыр, асфальтендер) көмірсутек емес қосылыстары болатын табиғи көп компонентті көмірсутектер ерітінділерінің жүйесі.
Мұнайдың элементтік, фракциялық жəне топтық құрамдары ажыратылады. Мұнайдың негізгі құраушы элементтері көміртегі мен сутегі. Орташа есеппен мұнай құрамында 86% көміртегі жəне 13% сутегі болады. Сонымен қоса, мұнай құрамына қазіргі таңда өндіріс тəжірибесінде жоғары қызығушылық туғызып отырған органикалық қосылыстар (азот, күкірт жəне басқа да элементтер) да кіреді. Олардың мөлшері мұнай құрамында болар болмас. Алайда оттегі мен күкірт қабаттың беткі бөлігінде, яғни кеуек қуыстарда мұнай мен газдың таралуына, оның қозғалуына айрықша əсер етуі мүмкін. Сонымен қатар бұл қосылыстардың болуы өндірісте маңызды зор – коррозия мəселесіне де əкелуі мүмкін. Мұнай құрамында көбірек кездесетін – күкірт (7 % дейін), алайда кейбір мұнайларда күкірт болмауы да мүмкін. Күкірт мұнай құрамында таза немесе күкіртсутек пен меркаптандар түрінде кездеседі. Ол металл коррозиясын туғызады. «Мұнай. Жалпы техникалық шарттары» МЕСТ 51858-2002 сəйкес құрамындағы күкірттің массалық үлесі бойынша мұнай келесі кластарға жіктеледі:
1 – аз күкіртті (0,60% дейін)
2 – күкіртті (061-1,80%)
3 – жоғары күкіртті (1,81-3,50%)
4 – өтте жоғары күкіртті (3,50% астам)
Азот мұнай құрамында 1,7% шамасында кездеседі. Оттегі мұнай құрамында таза күйінде кездеспейді, ірі түрлі қосылыс түрінде (қышқылдар, фенолдар, эфирлер жəне т.б.) кездеседі. Оның мөлшері 3,6%-дан аспайды. Металлдардан мұнай құрамында темір, магний, мыс, натрий, қорғасын, кобальт, германий, ванадий, ртуть жəне т.б кездеседі. Металлдың мөлшері өте аз, ол тек мұнайды жаққаннан кейін ғана бөлінеді.
|