Атырау облысы білім беру басқармасы



бет2/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
Мұнай қасиеттері
Мұнайдың тығыздығы. Мұнайдың тығыздығы оның шоғырда түзілуінен
бастап, игеру, пайдалану, жинау мен өңдеуге дейінгі процестердің барлығында өз əсерін білдіретін маңызды физикалық қасиеттердің бірі.
Тығыздық бірлік көлемге келетін салмақ мөлшерімен анықталады. Халықаралық бірліктер жүйесінде тығыздық өлшем бірлігі кг/м3. Мұнай тығыздығы 750-960 кг/м3 аралығында өзгереді. Көбіне мұнай тығыздықтары 820-890 кг/м3 аралығында болады. Тығыздық пикномертмен, ареометрмен немесе Вестфаль таразысы көмегімен өлшенеді. Осылардың ішінде ареометрмен өлшеу ең қарапайым жəне барынша дəл. Лабораториялық жағдайда мүмкіндігінше жоғары дəлдікте тығыздық мəнін алу үшін пикномерт мен Вестфаль таразысы қолданылады. Қабат жағдайындағы мұнай тығыздығы температура, қысым жəне еріген газ мөлшеріне байланысты болады. Қабат жағдайында мұнай тығыздығы газынан айырылған мұнай тығыздығынан əлдеқайда төмен болады. Қабат қысымы қанығу қысымына дейін төмендеген кезде тұрақты температурада мұнай тығыздығы барынша төмендейді, яғни оның сығылуымен байланысты. Қысым одан əрі қарай төмендеген кезде мұнай тығыздығы өзінен бөлінген газдың əсерінен барынша артады.
Тығыздығы бойынша мұнай бірнеше топқа жіктеледі:
1 – аса жеңіл 830,0 кг/м3 аспайды;
2 – жеңіл 830,1-850 кг/м3;
3 – орташа 850,1-870,0 кг/м3;
4 – ауыр 870,1-895,0 кг/м3.
5 – битуозная 895 кг/м3 – тан жоғары.
Мұнай тұтқырлығы. Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі – тұтқырлық. Тұтқырлық бұл сұйық қозғалысы кезінде оның бөлшектерінің біріне бірі кедергі келтіру қасиеті. Мұнай тұтқырлығының өндіріс саласындағы маңызы өте зор. Мұнай тұтқырлығы оны өндіру үрдісі мен құбыр арқылы тасымалдауда жұмыс қарқынына көптеген əсерін тигізетіні белгілі. Тұтқырлығы төмен, жеңіл, сұйық мұнайлар құбыр арқылы тез өтеді, ал тұтқырлығы басым қою мұнайды өндіру, жинау, құбыр арқылы тасымалдау жұмыстары қосымша еңбекті қажет етеді. Негізінде мұнайдың тұтқырлығына əсер ететін жағдайлар – оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары жəне температура.



2

09

15



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет