Атырау облысы білім беру басқармасы


Табиғи режимдегі мұнай мен газ шоғырларын игеру



бет7/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
5. Табиғи режимдегі мұнай мен газ шоғырларын игеру
Ежелгі уақыттан бері адамзат мұнай мен газды өндіріп келеді. Алғашында қарапайым тəсілдер қолданылды. Мұнай сіңген су қоймаларының беттерінен мұнайды жинақтау, құмтас пен əктасты өңдеу, құдық арқылы өндіру сияқты сол заманға ыңғайлы тəсілдермен өндіріліп жатты. Дегенмен, мұнай өнеркəсібі дамуының бастауы деп мұнай скважиналарын механикалық бұрғылау пайда болған кезді есептейді. Қазіргі уақытта барлық өндіріліп жатқан мұнайлар бұрғылау скважиналарының көмегімен өндірілуде. Сонымен қатар, шикізат қоры құрылымының жағдайы да бөлек. Ірі кен орындары игерудің соңғы кезеңінде жəне өңделмеген қорды дəстүрлі əдістерді қолдану арқылы игеру экономикалық тиімді емес, осыған байланысты, көп мөлшердегі қор көлемі өндірістік игеруге қатыстырылмай қалуы мүмкін.
Мұнай шоғырларын игеру мен скважиналарды пайдалану қабаттың табиғи режимімен тығыз байланысты.
Кен орны скважиналармен ашылуға дейін қабаттың барлық физикалық шамалары – температура, қысым, мұнай, су жəне газдың таралуы – шоғырдың геологиялық кезеңдерінің өтуі барысында қалыптасқан бастапқы жағдайында болады. Əдетте, мұнай жəне газ шоғырда тығыздығына баланысты орналасады: ұстағыштың жоғарғы бөлігінде газ, одан төмен мұнай, одан да төмен су. Шоғырды ашу кезінде скважина түбінде қабаттық қысымнан төмен қысым пайда болады, осының əсерінен сұйық пен газ скважина түбіне қарай яғни, төмен қысым қалыптасқан жаққа жылжи бастайды.
Бастапқы жағдайда сыйымды коллектор болып табылатын қабаттық жүйедегі мұнай бөлігі жəне онымен байланыста болатын су бассейні сығылған күйде болады. Мұнайды шоғырдан алу ол жердегі қысымның түсуіне əкеледі. Осының əсерінен тау жынысының, мұнай мен судың бөлшектері кеңейеді де қабаттың қысымның төмендеуін азайтады. Яғни, игеру үрдісінде қабаттық жүйенің бастапқы серпімді энергиясы азаяды. Игерудің қабаттық жүйенің серпімді энергиясының қорына негізделген əдісі табиғи режимде игеру деп аталады. Шоғырды игеруде табиғи энергия пайдалану кезінде қабат энергиясының азаю қарқындылығы режимге байланысты болады. Сонымен қатар, шоғырдың энергетикалық қоры, сəйкесінше, игерудің əр сатысындағы қозғалмалы нұсқалардың (ГМН, ГСН, СМН) іс-əрекетіне баланысты болады.
Осының бəрін скважиналарды орналастыру торының тығыздығын анықтағанда, олардың шығымын орнатқанда, перфорация ара – қашықтығын таңдағанда, сонымен қатар, геологиялық - өндірістік зерттеудің дұрыс алғы шарттарын орнатқан кезде игеруді бақылау үшін ескеру керек. Табиғи режимді қолдану кезінде шоғырды игеру тиімді болу керек. Яғни, мұнайдың (газдың) жылдық өндіру қарқындылығы, басқа да маңызды игеру көрсеткіштерінің жер қойнауынан мұнай (газ) қорын алудың мүмкін болатын соңғы деңгейі тиімді болуы керек. Табиғи режимді білу мұнай жəне газконденсатты шоғырларын игеру жүйесі тиімді пайлаланудың алғы шарттарының негізгі сұрағын, яғни табиғи энергетикалық ресурстарды қолдану арқылы игеру жүйесін таңдау, немеме, жасанды əсер ету қажеттігін шешуге мүмкіндік береді.
Газ жəне газконденсатты шоғырлардың энергия көзі болып қабаттық газдың қысымы жəне қабаттың шеткі сулар арыны болып табылады. Оларды сəйкесінше газды жəне серпімді су газ арынды деп атайды.
Газды режим
Газды режим кезінде (кеңейген газ режимі) өнімді қабатта орналасқан
газдың скважина түбіне ағылуы қысымның потенциалды энергиясына
байланысты болады. Əдетте, энергия шоғырды толық пайдалануға жеткілікті болады (газдың сығымдалуы су мен тау жынысының сығымдалуынан көп болады). Режим нұсқа сыртының əсерінсіз қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет