Атырау облысы білім беру басқармасы


Газ және газконденсат туралы түсінік



бет3/13
Дата08.06.2022
өлшемі1,31 Mb.
#146210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
КҮНДЕЛІК DarkhanovD
бронх демікпе, бронх демікпе, 5кл-26 кмж (1)
2.Газ және газконденсат туралы түсінік
Табиғи газдар түссіз, ауамен тез араласады, олардың мұнай мен суда еруі əр түрлі болып келеді. Қабаттық жағдайдағы газ бен жер бетіндегі газдың қасиеттері бір – бірінен ерекшеленеді, бұл негізінен ортаның физикалықхимиялық параметрлері мен термобаралық жадайларына байланысты. Табиғи газдың ерігіштігіне оның температурасы, қысымы, газ бен мұнайдың құрамы əсер етеді. Газдың мұнайда ерігіштігі қысымның жоғарлауы əсерінен артса, температураның жоғарылауынан төмендейді, ол С1 – С4 аралығында өзгереді. Газдың мұнайда ерігіштігі мұнайдың тығыздығы артқан кезде төмендейді.
Мұнай-газ өндіруші компаниялар үшін газконденсаттың орны ерекше маңызды. Негізінен конденсат өндіру табиғи газды өндірумен тікелей байланысты, сондықтан көбіне конденсат газ өндіруші компаниялардың
үлесіне келеді. Алайда конденсат өзінің құрамы жағынан жеңіл, ашық мұнай болып келеді. Конденсатты басқаша «ақ» мұнай деп те атауға болады, себебі оның түсі ақшыл сарғылт немесе мөлдір болып келеді. Конденсат - (латынша «condensatus» - тығыздалған, қоюланған деген мағынаны білдіреді) қабаттық жағдайда газ тəрізді күйінде болып, қысым мен температура төмендеген кезде сұйыққа айналған өнім. Басқаша айтқанда конденсат сұйыққа айналған газ дегенді білдіреді. Газконденсат – табиғи газды өндіру кезінде одан бөлінген құрылысы жағынан əр түрлі сұйық көмірсутектердің қоспасы. Химия саласынан қарасақ, конденсат классикалық мұнай мен табиғи газ ортасындағы шиізатпен түсіндіріледі. Газконденсат молекулалары табиғи газ молекулаларынан ауыр, мұнай молекуласынан жеңіл болады. Қабат жағдайында жоғары қысым мен температурада газконденсат газ күйінде болады: көбіне табиғи газбен қосылып, кейде мұнайда еріген күйде. Қабаттық жағдайда қысым мен температура жоғары болғандықтан (10- 60МПа) бензин керосинді фракциялар (жоғары молекулалы мұнайдың сұйық компоненттері) бу күйінде болады, кейін өнімді игеру кезінде қысым 4 -. 8МПа дейін түсіп, температура бірден төмендейді. Осындай жағдайда газдан тұрақсыз конденсат бөлінеді. Ол тұрақты конденсатқа қарағанда метан-бутан фракциялы еріген газдар, С5 жəне одан жоғары көмірсуктерінің болуымен ерекшеленеді. Құрамында газконденсаты көп кен орындарын игеру кезінде алынған газдан С3 жəне одан жоғары көмірсутектер бөлінеді, ал С1 – С2 фракциялары қабат қысымын ұстау үшін кері қабатқа айдалады.






3

09

17



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет