Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы



бет16/23
Дата11.01.2017
өлшемі5,41 Mb.
#7187
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Тыңдалым




Мұны білгеніңіз жөн!

5-тапсырма. Аудиоқұралдан берілген мәтінді тыңдаңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1, 15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
Назар аударыңыз!
Тырнақша




Қойылатын орны

Мысалы

1

Дәйексөз тырнақшаға алынады.

«Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де өмірден өтті.

2

Төл сөз тырнақшаға алынады.

Шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?»

3

Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде

қолданылғанда тырнақшаға алынады.



«Ақыл - жастан» демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.

4

Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады.

Қазақта «құлақтан кіріп бойды алар» қаншама әдемі әндер бар.

5

Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

6

«Де» дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады.

«Сабаққа бармаймын» -ды қой.

7

Қалжыңмен айтылған астарлы

мәндегі сөздер тырнақшаға алынады.



«Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре береміз бе?

8

Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады.

«А» - жуан дауыс дыбыс.

9

Ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады.

«Шың-кітап» баспасы.

«Ана тілі» газеті.



«Абай жолы» романы.



Жазылым

6-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Бүгінгі кезеңдегі... саласындағы... телефонның... бір бөлек.

2. Телефон арқылы... -... жасау мәдениетінің...... – тек ойлауда ғана емес, ойды баяндауда да мейлінше... ,..., ... әрі... сақтау.

3. ...сәтінде бір нәрсені... не... тұру орынсыз.

4. Сіздің телефон... күтіп отырған... телефон... қалу өрескел... болар еді.

5. Өзіңізді... және не мәселе... білгіңіз келерін айту....
7-тапсырма. Оқыңыз. Есте сақтаңыз. Топтастырыңыз.

Телефон


Іссапар кезінде

Үйіңе, туған- туысқаныңа

Басқа қаламен байланыс жасауға

Жолда қалған жағдайда т.б.


8-тапсырма. Өлеңді есіңе түсір. Жаттап ал.

Өнер – білім бар жұрттар
Өнер – білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзді ашып – жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Білімді жиды жалықпай,

Суда жүзді балықтай.

Біз болмасақ, сіз барсыз

Желкілдеп өскен жас ұрпақ,

Сіздерге бердім батамды-ай.



Ыбырай Алтынсарин.
9-тапсырма. «Ұялы телефон, оның пайдасы мен зияны қандай?», «Кішкентай балаға ұялы телефон сондай қажет пе?» тақырыбында қосымша мәлімет іздеңіздер.

Сайт: www.google. kz,

www.egemen.kz,

www.yandex.kz.
10-тапсырма. Рефлексиялық тапсырмалар.

    • Ұялы телефонның пайдасы көп пе, зияны көп пе? Өз ойыңызбен дәлелдеңіз?

    • Жастар қымбат телефонды ұстауға неге әуес?

    • Тариф жүйесіне кірген пайдалы ма?

    • Сіз маңызды жиында отырсыз. Аяқ астынан телефон шырылдап қоя берді? Не істейсіз?

    • Қажетті жағдайда телефоныңыз жасамай қалды? Іс - әрекетің қандай?

    • Іскерлік кездесу. Уақытыңыз созылып кетті, ал сіз маңызды телефонмен сөйлесу уақытыңыз болып қалды, не істейсіз?


11-тапсырма. Бүгінгі тақырып бойынша сұхбат жүргізіңіз. (телефон арқылы сөйлесу үлгісін көрсетіңіз).

  1. Құрбы-құрдас арасында;

  2. Қызметкер мен мекеме басшысы арасында;

  3. Отбасы және Сіз;

  4. Казактелеком операторы және Сіз.


Даналық мәйегі




Т Е С Т
1. Телефон мәдениетінің басты талабы

А. Асықпау, аптықпау

Ә. Қысқалық, жинақылық, нақтылық

Б. Шапшаңдық, бәрін айтып үлгеру

В. Үндемей қалу, ұстамау.

2. Телефонмен сөйлесе білу этикасының қағидаты

А. Өзіңді таныстыру, қоңырау шалудың себебін айту

Ә. Керек адамды сұрау

Б. Ұзақ сөйлесу

В. Қоңырауды көтермесе қайта соғу.

3. Радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

А. Телефон

Ә. Ұялы телефон

Б. Телеграф

В. Аппарат.

4. Ұялы телефонмен байланыс жасау қай жылдан бастап жүзеге асты?

А. 1971 ж.

Ә. 1972 ж.

Б. 1973 ж.

В. 1974 ж.

5.Айшылық алыс жерлерден,

Көзді ашып – жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды - өлеңінің авторы кім?

А. Абай


Ә. Шоқан

Б. Шәкәрім



В. Ыбырай

10-САБАҚ. ТАҒАМ ҮСТІНДЕГІ ІСКЕРЛІК ҚАЛЫП




Тілдесім
Сұхбаттасайық!

– Тағам үстіндегі іскерлік қарым- қатынасқа көзқарасыңыз қалай?

– Іскерлік мәселелер тағам үстінде шешіле ме?

– Қазақ тарихында күрделі мәселелерді шешуге атсалысқан би-шешендерден, хан-батырлардан кімдерді атай аласың?






Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет