«Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер
1-есеп. Нөмірленген үш сынауықта келесі заттардың құрғақ үлгілері берілген: натрий сульфаты, магний сульфаты және аммоний сульфаты. Қай сынауықта аммоний сульфаты бар екенін тәжірибелік жолмен анықтаңыздар.
Шешуі:
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий сульфаты, магний сульфаты және аммоний сульфатының құрғақ үлгілері, концентрлі сілті ерітіндісі, спиртшам, сынауықтар.
Берілген заттардың аниондары бірдей (сульфат) болғандықтан, оларды бір бірінен ажырату үшін катиондарының химиялық қасиеттерінің айырмашылықтарына сүйенеміз. Мысалы, олардвы натрий гидроксиді ерітіндісінің әсері мен олардың тұздарының жалынға әсері бойынша анықтауға болады. Тәжірибелер кезінде байқалатын эффектілерді көрнекі болу үшін төмендегідей теориялық кестеге жинауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |