137
Дәл сол секілді сонау алғашқы қазақ ұлтын құраған түркітілдес
тайпалардың
мәдениетпен бірге қалыптасқан химиялық терминдері өте көп. Өкінішке қарай, солардың
көбі бүгінде ұмыт болып, орнына өзге тілден енген сөздер басуда. Бұны зерттеп, ежелгі қазақ
тілін зерттеп, көнерген сөздерді тірілту – болашақ алдындағы ең үлкен парыз. Бұны тіл
мамандары мен салалық ғалымдар бірлесе отырып зерттеп жасағанда мыңдаған терминдер
мен ұғымдар табылар еді һәм тіліміздің өркендеуі үшін үлкен еңбек еді.
Екінші қосарымыз, қазір термин үш түрлі жолмен қалыптасып жатыр.
Біріншісі – халықаралық термин деген түсінікпен аударусыз,
өзгеріссіз әкеліп
ғылымға енгізу. Бұл дұрыс дейтіндер өте көп, қазір осы бағытпен қалыптасып жатқан
терминдер өте көп. Өкінішке қарай, бұл тілдің табиғатын өте үлкен деңгейде өзгертеді.
Үндестік, дыбыстық заңдылықтарды бұзады, тілдің қалыптасқан грамматикалық,
фонетикалық ережелеріне соққы жасайды. Оның үстіне ұлттың ойлау жүйесіне
жасалған
үлкен соққы һәм қастандық дер едім.
Екіншісі – тіке бір тілден қазақ тіліне аудару. Бұл жерде кейде сәтті, кейде сәтсіз
аудармалар өте көп. Сәтті аудармалар, әрине, жақсы, тілдік қорға, қазақ тілінің ғылым тіліне
айналуына үлкен көмек. Ал сәтсіз аудармалар – термин қалыптастырудың жауы. Себебі
сәтсіз аудармалардың кесірінен жоғарыдағы бірінші нұсқада қолданған дұрыс дейтіндер тым
көп.
Үшіншісі– ойлау жүйесі қазақ тілінде толық қалыптасқан, ғылым мен тілдің
заңдылықтарын толық білетін адамдардың термин жасауы. Бұл – өте үлкен, өте ауыр еңбек.
Бірақ ең дұрыс жол осы, әрине, шамамыз келсе.
Қазақ тіліндегі алғашқы химия оқулығын 1926 жылы Мәскеудегі «Күншығыс» баспасынан
шыққан "Химияның бірінші тәжірибе сабақтары" деп аталатын 3000
тиражбен таратылған
Арыстанбайұлы Жүсіпбектің аударма оқулығы еді. Одан кейін Химияны орыс ғалымы Лебедевтен
Қошке Кемеңгерұлы да аударған. Іркес тіркес алғашқы қазақ тілінде мектеп оқулығын жазуға
кіріскен Алаш қайраткерлерінің химия ғылымына қосқан терминдері өте көп. Солардың негізінде
Батырбек Ахметұлы Бірімжановтың «Алғашқы жалпы және бейорганикалық химия» еңбегі жарық
көрді. Бүгінгі орта мектептегі химия пәнінің қайнар бұлақ көзі осы еңбектен бастау алады.
Енді бүгінгі химияға келсек, өте ауыр күрсініп,
қатты ойлансақ, көзден жас парлап кетуі
мүмкін. Соңғы жарты ғасырда химия пәні терминологиясы кері шегінді. Бұрынғы қалыптасып кеткен
сөздер бұзылуда.
Біраз мысал келтірейін, салыстырмалы негізде бұрын оттегі, сутегі, көміртегі еді, қазір оттек,
сутек, көміртек. Тілдің үндестігін түсінбейтіндер келте қайырып өзгертті. Бүгін тіпті осы терминдер
сіңіп кетті, қате деп те дәлелдеу тым қиын.
Тағы бір мысал, бұрын екі ұдайлы (элемент, оксид, негіз) еді, ол кейін екідайлы болды.
Қазақта екідай деген сөз жоқ, екі ұдай деген сөз бар, мысалы, «бүгін екі ұдай боп тұрмын, барамын
ба, бармаймын ба білмеймін» деген секілді. Кәдімгі екі жақты қасиетті де көрсететін ұғым еді. Бұл
дыбыс үндестігі мен орфоэпиялық заңдылықтардың әсерінен туындаса керек, сірә. Яғни айтылуда
қатар келген екі (екі дауысты немесе екі дауыссыз) дыбыс бірін не бір-бірін өзгеріске ұшыратады.
Тек мұның орфографиялық заңдылыққа қайшы екенін жазуда ескергеніміз жөн болар.«Сарарқа» емес
«Сарыарқа» күйінде жазатынымыз секілді «екі ұдайлы» болып қалуы керек. Сонда ғана термин әрі
түсінікті, әрі тіл табиғатына сай болмақ.
Тағы
сондай бір мысал, бұрын «гальвани элементі» еді, қазір «гальваникалық элемент».
Бұндай -лық деген ауру оқулықта лық толы, шыны керек. Бұны тізе беруге болады, бірақ бір мысал
да жеткілікті болар.
Ал енді мына терминді түсініп көріңіз: «Кристалдық торы кубтық көлемді орталықтанған
атом немесе кубты қырлы-центрлі кристалдық тор, кубты көлемді-центрлі кристалдық тор түзеді»
(Химия. 10-сынып. I бөлім. Алматыкітап, 2019 жыл). Ал енді дұрыстайық,«кристалл торы куб
тәрізді», «кристалл торы шар тәрізді» ақылға қонымды, әлдеқайда түсінікті.
Дәл осылай бүгінгі
оқулықтың терминдерін тізсек, қазақшаны қазақшаға аударып шығуға
тура келеді. Сол үшін де біз оқулық жазу кезінде терминдердің дұрыс алынуы үшін «қай пәннің
оқулығын жазатын болсақ та, оқулық авторларының ішінде тіл маманы болуы керек» деген
ұстанымды үнемі айтып келеміз. Жоғарыдағы сөзіміз бұны тағы бір рет дәлелдеп тұр.
«Химия қиын, ашиды миың» болмас үшін, химия қазақ тілінде сөйлеуі үшін, ең алдымен,
термин сапалы жасалуы керек. Калька аударма немесе тікелей сөзбе-сөз
жасалған аудармамен