«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Кассалық операциялар аудиті және ықтимал бұзушылықтар



бет17/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)
3144357494, 3144357494
26. Кассалық операциялар аудиті және ықтимал бұзушылықтар. Кассаның түгендеуі аудитордың тексеру орнына келген уақытта басталады. Тексеруді жүргізбес бұрын аудиторкелесілерді анықтап алады:

  • кассадағы ақша қаржыларының нақты қолда барына тексеруді жүйелі түрде жүргізіп отыру үшін үнемі әрекет ететін комиссия тағайындалғаны туралы жетекшінің бұйрығының бар болуын;

  • кенеттен болатын тексерулердің актілерінің болуын;

  • осы кәсіпорында неше кассирдің бар екендігін;

  • кассирдің басқа жерлерде қосымша жұмыс істейтіндігін;

  • кассирді тағайындау туралы бұйрықтың және жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісімнің болуын.

Кассаны тексеруді жүзеге асыра отырып аудитор келесідей шарттарды сақтау керек:

  • кассаны тексеруді кәсіпорын жетекшісімен тағайындалған үнемі әрекет ететін комиссияның мүшелерінің қатысуымен жүргізеді, оның құрамында міндетті түрде бас бухгалтер мен кассир болуы керек;

  • кассаның тексеруі кезінде бөтен адамдардың кассаға кіруіне рұқсат етілмейді;

  • кассаны тексеруде барлық кассалық операциялар уақытша тоқтатылады.

Касса операциялары бойынша бухгалтерлік есепте болуы мүмкін
бұрмалаушылықтар:

  • кассирдің міндетін атқарушы тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарттың жоқ болуы;

  • бастапкы касса құжаттарының жоқ болуы;

  • касса құжаттарының белгіленген талаптарды бұза отырып рәсімделуі;

  • кассаға түгелдеудін формалды түрде жүргізілуі;

  • айналымдар мен қалдықтарды есептеу кезінде арифметикалық кәтелердің болуы.


27. Аудиторлық қызметтің негізгі қағидалары.
Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi мыналар:

  • тәуелсiздiк; объективтiлiк;

  • кәсiби құзыреттiлiк;

  • құпиялылық;

  • адалдық;

  • ұйымдардың стандарттарын сақтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет