Экономикалық (қаржылық) бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпы мемлекеттік экономикалық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
Экономикалық бақылау- заңдар мен нормативті актілерде, сондай-ақ бағдарламаларда, жоспарларда, келісім-шарттарда қарастырылған объектілердің қажетті және көзделген жағдайына сәйкестігін тексеру мақсатында оған бақылау жасау кіретін экономикалық объектілерді басқарудың құрамдас бөлігі.
Экономикалық бақылау қызметтерін іске асыратын мемлекеттік органдар: ҚР Президенті жанындағы Есептеу комитеті, Салық комитеті, Қазына комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, ҰР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ұлттық банкі.
2.Қателіктер мен заңсыз әрекеттер. Аудиторлық тексеру кезінде қателіктер мен заңсыз әрекеттер кездеседі.
Аудиторлық тексеру - тексерілуге тиіс экономикалық субъектінің қаржылық жағдайына қатысты аудиторлық дәлелдемелерді жинау, бағалау және талдау, нәтижесінде бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілгендігі, экономикалық субъектінің бухгалтерлік есеп-қисабының растығы туралы аудитордың пікірін білдіру. Аудиторлық тексеру барысында аудитор ұйымның есеп-қисабындағы мүлікті, міндеттемелерді, белгілі бір кезеңдегі есептесулер мен қаржы нәтижелерінің жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштердің толықтығын, уақытылы жасалуын, дәлдігін, растығын, заңдар мен қабылданған есеп саясатының дұрыс та дәл сақталуын бағалайды.
Қатенің мынадай түрлері болуы мүмкін:
Алғашқы құжаттарды жасау кезіндегі қателер. Бұл кездегі басты қателер міндетті деректемелердің болмауы немесе дұрыс толтырылмауымен байланысты. Сондай-ақ алғашқы ақпараттың құқықтық дәлелдемесінің болмауы да осы қате түріне жатады.
Операцияларды есеп регистрлеріне жазу кезіндегі қателер. Есеп регистрлеріне шаруашылық операцияларын жазумен байланысты, қатенің негізгі мынадай топтарын көрсетуге болады:
- Барлық жасалған операциялар тіркелмегенде;
- Шын мәнінде болмаған операциялардың тіркелуі;
- Операцияларды шоттар бойынша жазу кезіндегі кездейсоқ қателер.
- Операциялар сомасын дұрыс жазбаумен байланысты арифметикалық қателер.
- Шаруашылық операциялар есебінің аяқталмауы(мысалы, әрбір сатып алушы немесе тапсырыс беруші бойынша аналитикалық есептің жүргізілмеуі).
- Шаруашылық операцияларын есеп кезеңіне дұрыс жатқызбау.
Есеп берудегі қателер. Бұл кездегі қателерге төмендегілерді жатқызуға болады: - Есеп беру баптарындағы мәліметтермен есеп регистрлеріндегі шоттар бойынша қалдықтардың сәйкес келмеуі.
- Есеп берудің толық толтырылмауы.
- Есеп беру баптарының өзара байланысының болмауы.
- Баланс баптарын дұрыс бағаламау.
Жоғарыда аталған қателердің түрлеріне байланысты мынадай бақылау процедуралары ұсынылады: жасалған операциялардың шынайылығын анықтайтын процедуралар; шаруашылық операцияларының заң талаптарына сәйкестігін тексеру; есептеулердің дұрыстығын тексеру; аналитикалық есептің жүргізілуін тексеру; шығындардың есеп кезеңдеріне дұрыс жатқызылуын тексеру; есеп саясатының сақталуын тексеру.
Қате анықталған кездегі аудитордың түпкі мақсаты- олардың есеп берудің шынайылығына әсер етуін бағалау болып табылады.
Есепті қалпына келтіру әдісі-ол негізінде аудит процесінде бухгалтерлік есепте жіберілген қатені түзету. Қате түзету процесінің бірнеше түрі бар. Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы, тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қалай түзетілді, оны түзеткен адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін әдіс. Мысалы, дүкенші жабдықтаушыдан құжат бойынша тауар қабылдап алған. Тауар сомасы 10000 теңге, ал дүкенші өзінің есебіне 1000 теңге деп, тіркелген бухгалтер өзінің корреспонденциясында 1000 теңге көрсеткен. Кейін тексеру барысында қате анықталғаннан кейін қосымша екі жақты жазу 9000 теңгеге жасалады.
Үшінші қате түзету әдісі-қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі жақты жазуда жіберілген қате сол күйінде қайталанылады да тек қана екі жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады. Бухгалтерлік есептің қалыптасқан тәртібі бойынша есеп шоттарына екі жақты жазу бойынша тіркелген тәртібі айналым санын санағанда шығарылып тасталады. Яғни, қате жазу бойынша қарамен жазылған сан, қызыл жазумен жазылған сан шығарылғаннан бұрын жіберілген қате түзетіледі.