«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру



бет3/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

5.Аудиттың мәні мен маңызы.
Аудит (лат audit-шоттарды тексеру, тексеріс)-шаруашылықты жүргізу субьектілерінің қаржы есеп –қисабына аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жүргізген тәуелсіз сараптамасы мен талдау. Аудиттік жүргізу барысында жылдық бухгалтерлік (қаржы) есеп-қисабының жай күйі мен мазмұны, меншік нысаны мен қызмет түрлеріне қарамастан банкілердің, қорлардың, биржалардың, компаниялардың, қоғамдар мен басқа да шаруашылық жүргізу субьектілерінің жылдық балансының дұрыстығы мен толықтығы; субьектілердің инвестициялардың қабылдау және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу жөніндегі әлеуметті мүмкіндіктері, кәсіпорындардың жарғылық қорының уақытылы толық құралуы; несие ресурстары мен инновациялардың мақсатқа сай пайдаланылуы; қаржының жай-күйі жөнінде аудиторлық қорытынды жасалады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өздерінің кәсіптік қызметімен байланысты басқа да қызметтер, атап айтқанда: бухгалтерлік есепті жалға қою және қалпына келтіру; табыс және қаржы есеп-қисабы туралы жасау; кәсіпорынның активтері мен пассивтерін бағалау; тапсырыскерлерге ақпараттық қызмет көрсету; салық және шаруашылық заңдары жөнінде кеңес беру қызметтерін де көрсетеді.
Аудиторлық қызметтің мәні - қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екіге бөлінген: өзінің кәсіби қызметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloitte Touche, KPMG, Ernest Young, Pricewaterhouse Coopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр. Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелері ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет