13. ҚР «Аудит және аудиторлық қызмет туралы» заңының 1-2 бабы. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында тексеру;
аудитор – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
аудиторлық есеп – жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;
аудиторлық қызмет – осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитiн жүргiзу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым;
аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және өкілдіктері, дара кәсіпкер;
қорытынды;
уәкiлеттi мемлекеттiк орган– аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсiби ұйымдардың қызметi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;
халықаралық аудит стандарттары– Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар.
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.