3.Экономикалық бақылау түрлері. Экономикалық бақылау ұлттық экономика дамуының сферасына таралады.Экономикалық бақылаудың басты функцияларының бірі басқару жүйесі арқылы экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын табысты орындау, шаруашылық және еңбек заңдарының орындалуына, меншіктің сақталуының қамтамасыз етуге әсер ету болып табылады. Срнымен қатар, экономикалық бақылау кәсіпорын мен ұйымның қаржылық жағдайын, оның өнімінің ішкі және әлемдік рыногтардағы бәсеке қабілетін жүйелі түрде бақылауды көздейді.
Экономикалық бақылау жүргізілу кезеңділігі бойыншаалдын-ала, ағымдағы (оперативтік) және кейінгі (ретроспективті) болып бөлінеді.
Оперативтік бақылау шаруашылық операцияларды орындау процесінде іске асырылады.
Ретроперспективті бақылау қаржы-шаруашылық қызметтің түрлі сферасындағы экономикалық процессті бақылау жүктелген бақылау органдарының шаруашылық операциялары аяқталғаннан кейін іске асырылады.
Экономикалық бақылауды жүзеге асыру нысандары бойынша келесі тексерулерді бөліп көрсетуге болады: превентивті, ағымдық, тақырыптық.
Превентивті бақылаушы тексерулер кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметін алдын-ала бақылау кезеңінде жүзеге асырылады.
Ағымдық бақылаушы тексерулерді құзыретіне жататын барлық бақылаушы органдар жүргізеді.
Тақырыптық бақылаушы тексерулер. Олар экономикалық талдау әдістерін, түрлі профилді мамандарды жүйелі түрде емес, қажеттілік туындауға қарай кезеңмен тарту арқылы жекелеген тақырыптың көрсеткіштердің шеңбері бойынша жүргізіледі.
4.Аудит нәтижелерін бағалау және құжаттық рәсімдеу. Аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен оларды жүргәзу үшін қажетті ресурстарды анықтаудың негізі болып табылатын кәсіпорынның қандай да бір бөлімшесіне тәуекелдіктерді жүйелі түрде бағалау процессі. Мұндай бағалаулар ішкі аудиторлық қызметтің басшыларына қандай да бір объектісінің «тәуелділігін» есепке ала отырып тексерулерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Аудиттің объектісін алдын ала зерттеу мәліметтері, оған қолданатын нормативтер мен бухгалтерлік есеп процедуралары арқылы аудиторлар ең басты тәуекелдіктерді анықтайды және осы тәуекелдіктерге сай келетін аудиттің міндеттерін қалыптастырады. Тәуекелдікті бағалаудың қажетті алғы шарты болып аудиттің объектісінің сипаттамасын алу саналады. Объекті жөнінде құжатталған ақпараттардың массиві операциялардың әр типтерін, ақпаратттық алмасуларды ішкі бақылау сауалдарын, жұмысқа тартылған қызметкерлерді, қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп шоттарын қамтиды.
Құжаттық рәсімделуі. 230 «Құжаттау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында «аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралықстандарттарға сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті екендігі көрсетлген.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты – аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.
Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:
олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;
олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;
оларда аудиторлыққорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарына келесілер жатады: 1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;
2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;
3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;
4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;
5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;
6. Ассистенттер орындағын жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;
7. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;
8. Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері;
9. Аудитордың өз клиеніне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;
10. Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;
11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;
12. Шоттардың, экономикалық субъект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;
13. Өткен есепті кезеңдердің қаржылыққорытынды есебінің, сонымен бірге қорытынды есеп бойынша жасалған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б. көшірмелері;
14. Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.
Аудиторлармен жұмыс алдында дайындалған барлық құжаттар оның жұмыс қағаздарын ажыратады және аудитті жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар аудиторлық жұмыстың дәлелі болып табылады. Аудитті тексеру барысында аудитор әртүрлі мәліметтерді пайдаланады. Оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәліметтер көзі деп бөледі.