12. Жұмыс құжаттарын қолдану. Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.
Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
- жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
- жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:
- көрсетілетін қызметтің сипаты;
- аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
- клиент бизнесі;
- ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
- аудитті орындау процесінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:
1. Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;
2. Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;
3. Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
4.Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі.
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін:
- Тексеруші баланс.
- Банк шоттарынан үзінділер.
- Түгелдеу тізімдемесі.
- Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі.
- Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б. тізімі.
Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар.
Жұмыс қүжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирма ішілік стандарттарымен анықталуға тиісті. Тұрақты аудиторлық папкада: Жарғының және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицензиялар, партнерлермен жасалынған келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, ұсыныс хаттары.
Ағымдағы құжаттардың картотекасы:
- жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі;
- жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі.
Ағымдағы құжаттардың картотекасында аудитордың жұмыс құжаттарының көбірек бөлігі сақталады, сондықтан оларды төмендегі бөлімдерге топтастырылған тиісті номенклатура бойынша бөлу дұрыс:
- қаржылық қорытынды есепке шолу жасау құжаттары;
- аудиторлық тексерудің жоспары мен бағдарламалары;
- нақты тексеру жүргізу нәтижесі бойынша құжаттар;
- арнайы мақсаттағы құжаттар.