«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудиторлық тәуекелдер мен оның құрамдас бөліктері



бет16/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

25. Аудиторлық тәуекелдер мен оның құрамдас бөліктері.
Аудиторлық тәуекелділік- аудит аяқталып, оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін қаржы есептемесінде елеулі кемістіктер табылған жағдайда аудитор өзіне алуға әзір тәуекелдіктің субъективті түрде белгіленген деңгейі. Аудиторлық тәуекел- бұл аудитор өзіне алуға әзір субъективті құрылған тәуекел деңгейі және тұжырымдардың жағымды ұсыныстары мен аудит аяқталғаннан кейін соңғы қаржылық есептерде болатын кемшіліктерді табуға бел буушы.Аудитор аудиторлық тәуекелді бағалау кезінде және осы тәуекелділікті азайту үшін аудиторлық процедураларды орындаған кезде кәсіби тұжырымдарды пайдалану керек.
Аудиторлық тәуекел үш құрамдас бөліктен тұрады: бөлінбейтін тәуекел, ішкі бақылау тәуекелі, таба алмау тәуекелі.
Бөлінбейтін тәуекел- бухгалтерлік шоттың, баланс бабының, экономикалық субъектінің есеп берушілігінің ішінде нақты қателердің бар болуы. Ішкі шаруашылық тәуекелдің деңгейін аудитор клиенттің бизнестің спецификасына қарап біледі. Бұл тәуекел түрі ішкі шаруашылық бақылау құралдары мен тексеруге келмейтін клиент ісінің ішкі мазмұнына байланысты. Бұл тәуекелден айырылу мүмкін емес. 
Ішкі бақылау жүйесінің тәуекелі- кәсіпорында бар және күнделікті қолданылатын бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерінің құралдары дер кезінде қателерлі тауып, түзете алмау ретінде аудиторлармен анықталатын мүмкіндік. Ішкі бақылау жүйесінің тәуекелі кәсіпорында қызмет ететін және күнділікті қолданылатын бухгалтерлік және ішкі бақылау жүйелерінің құралдары бұзушылықтарды дер кезінде тауып, түзету мүмкіндігі. Аудиторға ішкі бақылау тәуекелін бағалау үшін бақылау тестілері арқылы дәлелдер жинау қажет. Аудит бойынша қорытынды жасамас бұрын аудитор ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін нақтылау қажет.
Анықталмау тәуекелділігі- тексеру барысында аудиторлар қолданатын процедуралар нақты қателерді таба алмау мүмкіншілігі. Анықталмау тәуекелділігі аудитор жұмысының тиімділігімен сапасының көрсеткіші болып табылады. Аудиторлар ішкі шаруашылық бақылау құралдарының тәуекелін бағалау негізінде өзінің жұмысындағы анықталмау тәуекелін азайту керек. Анықталмау тәуекелдігі аудиторлық процедуралар операцияларының шоттары сальдосындағы қателерді таба алмау мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет