«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру



бет24/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

38. Аудиттің қызметтері мен маңызы.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері. Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді. Аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестаттаған және “аудитор” біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке адам. Аудитор аудиторлық қызметін жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудитор бұл (латынша - тыңдаушы) - жөндеуге қатысты бухгалтерлiк есепті (бухгалтерлiк кiтаптар, құжаттар және есеп берудi) тексерумен және консультациялық қызметпен шұғылданатын тұлға. Аудиторлық фирмалар акционерлік қоғамдар мен заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын тексерумен айналысқанымен, өз қызметiнде мемлекеттiң алдында заңды түрде жауапты. Аудиторлар клинет алдында да және оның қызмет нәтижелеріне мүдделік танытатын яғни қызмет нәтижелерінің негізінде 3 жақ ретінде белгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің алдында да жауапты. Аудитордың жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін бірнеше қызметті бөліп көрсетуге болады:-Қызметкерлерді жалдау;-Жұмыс кестесін жасау;-Біліктілікті арттыру;-Мансап;-Кеңес беру;-Тәуелсіздік;-Фирманы бақылау.Қазіргі уақытта аудит шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін қаржылық бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделікті өміріне біртіндеп еніп келеді


39. Негізгі қорлар аудиті және есеп бойынша ықтимал бұзушылықтар.
.Негізгі құралдардың аудиті.
Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:
1) негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі; 
2) негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
3) мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы; 
4) негізгі құралдардың түсуі мен істен шығуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;
5) негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі. «Амортизация» (кейінгі латынның «өтеу» сөзінен) – негізгі құралдардың құнын арнайы ақшаны - өндіріс шығындарына немесе негізгі қорлардың жай немесе кеңейтілген қайта өндірісіне айналуына кіретін амортизациялық аударымдар пайдалануына көшірудің объективті процесі; 
6) бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;
7) негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б. 
Негізгі құралдардың аудиторлық бұрмалаушылықтары:
* - нақты қаржылық салымдарды бойынша
ықтимал дәлелдейтін құжаттардың болмауы;
*- құжаттарды орнатылған тәртіпті бұза отырып рәсімдеу;
*- жалған құжаттар мен операциялар;
*- бағалы қағаздардың нақты өзіндік құнын дұрыс есептемеу;
*- сатып алу және шығару кезінде бағалы қағаздар құнын дұрыс бағаламау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет