«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Қазақстандағы аудиторлардың білім алуы



бет27/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

44. Қазақстандағы аудиторлардың білім алуы
Қазақстан республикасының «аудиторлық қызмет туралы» заңы және аудитті реттеуші басқа да заңдар
«Аудиторлық қызмет туралы » заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесіндемемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады.
1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4баптар).
2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).
3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).
4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).
5-тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).
6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы» - 31 қыркүйек 1995 ж. №244, «сақтандыру қызметі туралы»- 18 желтоқсан 2000 ж., №126-II, «инвестициялық қорлар туралы» - 7 шілде 2004 ж., №576-2, «табиғи монополиялар туралы» - 9 шілде 1998 ж., №272-1, «Акционерлік қоғам туралы» 13 мамыр 2003 ж. №415-2, «жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» 22 сәуір 1998 ж. №220-1 заңдарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы» заңында – 27 желтоқсан 1994 ж. №25 266-XIII (өзгертулерімен және толықтыруларымен) 23-бетте шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың аудиторлық қорытындыны міндетті түрде меншік иелеріне, мемлекеттік статистика және мемлекеттік бақылау органдарына дайындап тапсыруды белгіленген.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1995 жылғы 28-маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген №33 «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже-нұсқау (өзгертулерімен және толықтыруларымен) Қазақстан Республикасында тқұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалардың салық органдарына міндетті түрде декларацияда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы (сенімділігі) туралы аудиторлық қорытынды дайындап тапсыру шарттарын анықтайды.
1.2. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары
Аудит стандарттары дегініміз – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және олард мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін , аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін , сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан , осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
• жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;
• аудит өткізудің барлық кезеңдері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;
• аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
• Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;
• Аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді , терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;
• Аудиторлық тексеру іс-тәжірибесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;
• Ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процесін түсінуге көмектеседі;
• Кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
• Мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
• Аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;
•Аудит өткізу процесінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет