«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Еңбекақы төлеу бойынша персоналмен есеп айырысу аудиті және ықтимал бұзушылықтар



бет28/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

45. Еңбекақы төлеу бойынша персоналмен есеп айырысу аудиті және ықтимал бұзушылықтар.
Айрықша жағдайда төленетін еңбек ақы. Жеке және ұжымдық келісім шарттарда ауа райы ауыр (құбылмалы) жағдаймен, қара жұмыспен, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен, интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергілікті жерде қосымша еңбек ақы белгілеуі мүмкін. Қара жұмыс, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жұмыс орнын аттаестациялаудың көмегімен және еңбек бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігінің қатысуымен анықталады. Ал интенсивтік еңбек ақы салалық және сала аралық нормативтердің негізінде анықталады.
Жұмыс уақытында орын алған тоқтатуларды төлеу жеке және ұжымдық келісім-шарттарда анықталады. Егер де тоқтатулар еңбеккерлердің кінәсінен болмаса, онда сол еңбеккерлерге төлеуге тура келеді. Сондай-ақ жұмыс беруші төлемдердің басқа да түрлерін жасауға құқысы бар. Мысалға, тегін сүт, тамақ өнімдерін, тамақтандыру, витамин препараттарын беру, денсаулығы төмендеуіне байланысты орташа жалақысын сақтау, арнайы киімдер беру тағы басқаларын. Бұл аталған төлем шығыстары дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Сонымен қоса, жұмыс берушілер жеке не ұжымдық келісім-шартында вахталық әдіс бойынша да еңбек ақы төлеуді қарастырады. Олар мерзімді де, кесімді де болуы мүмкін. Олардың есебі алдын ала қаралған графиктердің шегінде жүреді. Вахталық әдісте еңбек ақы төлеудің негізіне — бір күндік мелшерлемесі алынады жөне сол сомадан үстеме жалақының мөлшері анықталады немесе сағаттық тарифтік мөлшерлеме пайдаланылады. Егер де еңбеккер жұмыс орнына өз күшімен барса, онда оған жұмыс беруші транспортгықшығысын етеп беруі керек (егер ол орынды себептермен дәлелденсе).
Қазақстан Республикасының “Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет” туралы заңына сәйкес кәсіпорындар еңбекақы төлеу түрлері мен жүйелерін тарифтік ставкалар мен окладтар жүйесін құрудың негізі болып Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген “Ең төменгі еңбекақы” есептеледі. Анығырақ айтқанда, заңды негізде белгіленген орташа айлық жұмыс уақытының ұзақтылығы мен ең төменгі еңбекақыдан барып бірінші разрядтық сағаттық тарифтік ставкасының ең төменгі мөлшері анықталады. Еңбекті нормалау – еңбекті ғылыми ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігінің бірі.
Ол екі көрсеткішті енгізеді: орындау нормасын және уақыт нормасын. Орындау нормасы уақыт бірлігінде (сағат) ауысым (смена), қалыпты жұмыс жағдайында жасалынуға және алынуға тиісті натуралды өнім бірлігінің (дана, м, т) саны белгілейді. Уақыт нормасы белгілі бір ұйымдастыру техникалық жағдайларда (мин, сағ) орындалатын жұмысқа қажетті уақытты көздейді. Соңғы жылдары жұмыскерлерге жалпы табыстан еңбекақы төлеу кеңінен таралуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет