«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Қаржылық есеп беру аудиті және ықтимал бұзущылықтар



бет36/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

57. Қаржылық есеп беру аудиті және ықтимал бұзущылықтар
Қаржылық есептіліктің әрбір элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып табылады. Аудитор анықтау керек, жағдайға сәйкес қандай дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен жинау керек. Аудиттің 200 халықаралық стандартына сәйкес «Қаржылық есептілік аудитін реттеудің мақсаты мен жалпы қағидалары» термин «аудит ауқымы» аудиттің шараларына жатады, кейбір жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажет етеді. Қаржылық есептілік аудитінің ауқымын анықтаған кезденегізгі сатысын бөліп көрсетуге болады.
"Алаяқгың және қателер ХС-нда аудитор жалпы қаржылық есеп беру үшін маңызды болуы мүмкін алаяқгық пен қателер фактілері туралы жеткілікті аудиторлық дәлелдеме алуға үмтылады. Егер онда орын алса, алаяқтық салдарлары қаржылық есеп беруде дүрыс көрсетілуі, ол кдте түзетілуі керек. Әдетте қатені анықгау ықтимал-дылығы алаяқтың фактісін анықтау ықтималдылығына қарағанда жоғары болады. Себебі алаяқгың оны жасыруға арнайы бағыттаған әрекеттерімен қатар жүреді
58. Компьютерлік ақпараттық жүйе саласының аудиті
Ақпараттық технология деп жинақтау, хабар беру, өңдеу, сақтау жөне ақпаратты беруді айтады. Қазіргі замандағы есептеу құралдары арқылы барлығы дерлік автоматтандырылғандықтан ақпараттық технологияны жобалау барысында мынадай сүрақтарға жауап беру қажет:
- ақпараттық технология қандай мақсатқа құрылады:
- қандай қаржының негізінде (әлде ортаның):
- ол қандай қасиеттермен иемденеді
Ақпараттық технологиялар және қолданбалы программалар жүйесінің соңғы жетістіктері бухгалтерлік есеп жүргізуде, басқаруда шешім қабылдаудауды ұйымдастыруда өте маңызыды.
Дамыған елдерде сыртқы аудитке арналған компью-у жүйелері тексерілетін фирмалардағы жалпы стандарттар мен еределерді ескереді және белгілі бір дәрежеде әмбебаптыққа ие. Жарқын болашақта аудитьтің нәтижелігі еөп жағдайларда ақпараттық камтамасыздандырудың сапасына, аудиторлық қызметтің кәсіпорындағы деңгейіне байланысты болады.
59. Аудит қағидалары мен тұжырымдары
Мемлекеттік аудиттің негізгі қағидаттары:
1) тәуелсіздік – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу;
2) объективтілік – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау;
3) кәсіби құзыреттілік – мемлекеттік аудиторлардың білікті және сапалы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлемінің болуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, кәсіби әдеп қағидаларын сақтауы, сондай-ақ кәсіби борышын орындауы;
4) құпиялылық – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі;
5) анықтық – мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;
6) ашықтық – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;
7) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау;
8) мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтаған жағдайда осы органдардың мемлекеттік аудит нәтижелерін тануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет