«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


ҚР мемлекеттік табыстарын басқару



бет26/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

42. ҚР мемлекеттік табыстарын басқару
Мемлекеттік кірістер - бұл мемлекеттік бюджетке қолданыстағы классификацияға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеусіз және қайтарымсыз түрде алынған қаражат.
Қаржылық бақылау - бұл елдің және жекелеген аймақтардың тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін білім беру, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаражатын бөлу және пайдалану саласындағы әрекеттердің заңдылығы мен мақсаттылығына бақылау.
Қаржылық бақылау - бұл мемлекеттің қаржылық-шаруашылық қызметінде заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды құралы. Мемлекеттік бақылауды заң шығарушы биліктің мемлекеттік органдары, атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, оның ішінде атқарушы биліктің арнайы құрылған органдары жүзеге асырады. Мысалы,Мемлекеттік кірістер департаменті, Қаржылық бақылау департаменті.


43.Ұзақ мерзімді активтерді түгендеуді жүзеге асырудың сапасын тексеру.
Ұзақ мерзімді активтердің ішкі бақылауы туралы жалпы түсінік алу мақсатында, аудитор лауазымды тұлғалар арасындағы ақпарат қозғалысындағы құрылымдық жүйесін есеп ақпараттарын көрсету үшін зерттеуі немесе өзі құрастырған ішкі бақылау жайлы сауалнама сұрақтарына жауап іздеуі тиіс. Бұл қүжаттар аудиторға клиентті бақылау тиімділігін тестілеуге және тәуекелділік деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық операциялар есепте нормативтік-құқықтық актілерге, бухгалтерлік есеп саясатына, есеп саясатының ережелеріне т.б. сәйкес көрсетілуі тиіс. Бақылау процедураларын зерттеу алдында аудитор тексеру жүргізгенде жүгінетін ақпараттарды білуі тиіс
Ақпарат көздері қаржылық есептілік баптарынын бекітілген дұрыстық категориялары бойынша аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін зерттелуі тиіс. Ұзақ мерзімді активтер бойынша аудитор тексеруі тиіс:
• Есепте көрсетілген ұзақ мерзімді активтер (ҰМА) бар, өндірісте қолданылады және кәсіпорын меншігі болып саналатындығын.
•ҰМА қалдығы түгелдеу қортындыларында көрсетілгендігін.
• Барлық ҰМА кәсіпорын меншігі болып табылады және олар бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес есептелгендігін.
• ҰМА кірісі мен шығысы бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында есептелгендігін.
• ҰМА синтетикалық есебінің шоты бойынша айналымы және сальдосы аналитикалық есеп шот сальдосы мен айналымымен салыстырғанда тең болады. Олар Бас кітап пен қаржылық есепке дұрыс көшірілуін.
Ұзақ мерзімді активтерге байланысты шаруашылық операцияларды бақылауды тестілеу тек операциялардың өте көп болуынан және бақылау тиімсіздігіне әкелетін тәуекел көлемі үлкен болғанда қолданылады.
Бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді активтердің мүмкін бұрмалаушылықтары. Ішкі бақылау құралдары арқылы шаруашылық операциялар жасалу барысында барлық мүмкін бұрмалаушылықтардан айырылу мүмкін болмағандықтан, аудитор өз тәжірибесі мен ұйым бизнесі жайлы білімдарлығына сүйеніп, тиісті процедураларды қолдануы керек.
Ұзақ мерзімді активтердін пайдаланылуна, сақталуына тексеру жүргізу, олардың бөлек объектілердің кімге бекітілгені, олардың пайдаланылуы мен күзетуі қалай ұйымдастырылғаны туралы мәлімет алуды көздейді. Ол үшін өндірістік ғимараттарды қарап шығу керек немесе кәсіпорын жұмысшыларына сұрау жүргізу қажет.
Аудитор, есеп мәліметтерін зерттеу процессінде негізгі құралдар объектілерінің барын және оларды бөлек топтар бойынша жіктелуін анықтайды (өндірістік, өндірістік емес меншікті, жалдағы т.б.) орналасқан орындарына қарай (бөлімшелер, материалды жауапкершілігі бар тұлғалар).
Ұзақ мерзімді активтердің талдамалық есебін дұрыс ұйымдастыруын анықтағаннан кейін, олардың инвентарлық нөмірі барлығын, және техникалық құжаттарының түсу мерзіміне тексеру жүргізу.
Осы алынған мәліметтердің барлығы, типтік шоттар жоспарының 10,12 бөлімшелерінің жазуларымен және инвентарлық карточкалардың мәліметтерімен салыстырылады. Талдамалық және жинақтық есептердің мәліметтері бірдей болмаған жағдайда, олардың себебін, және айыпты тұлғалар мен оның экономикалық салдары анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет