«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру



бет23/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

36. Аудит міндеттері
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттер керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, ШЖС-дің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына,талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.
Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.


37. Есептегі сомалар аудиті және ықтимал бұзушылықтар.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде есебі берілуге тиісті сомалар мардымсыз аз шығыстарды құрайды. Сондықтан есебі берілуге тиісті сомаларды тексеруді төмендегі бағыттар бойынша жүргізген дұрыс:

  • Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың бухгалтерлік есебі мен ішуі бақылаудың бастапқы бағалауын растау

  • Есеп беруше тиісті тұлғалармен есеп айырысулардың талдамалық есебінің шығыстарды бөле отырып (шаруашылық қажеттіліктері үшін шикізаттарды, материалдарды және тауарларды сатып алу, іс-сапар шығыстары, өкілеттік шығыстар) тексеру

Есеп беруге тиісті тұлғаламен есеп айырысулардың бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылаудың бастапқы бағалауын растау. Есебі берілуге тиісті сомалар бойынша кез-келген шығыстар бірдей бақылау жасау сәттері кезінде жауапты тұлғаның ресми рұқсатын талап етеді.
Бухгалтерлік бұрмалаушылықтар төмендегі бұзушылықтардан тұрады:

  • Есебі берілуге тиісті сомалардың берілу тәртібінің бұзылуы

  • Іс-сапар шығыстарын рәсімдеу кезінде іс-сапарға жіберу туралы бұйрықтың жоқ болуы нормалардың шегінде және нормадан тыс іс-сапар шығыстарының талдамалық есебнің болмауы және т.б

  • Іс-сапар шығыстарын рәсімдеу кезінде салық салу тәртібінің бұзылуы

  • Есеп беруге тиісті тұлғалардың материалдық құндылықтары сатып алу, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге төлем жасауы кезіндегі бұзушылықтар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет