«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Дайын өнім аудиті және ықтимал бұзушылықтар



бет19/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

30. Дайын өнім аудиті және ықтимал бұзушылықтар.
Дайын өнімнің нақты қозғалысы өндірістік есеп берулер, қоймалардағы материалдық құндылықтар, дайын өнімді босату немесе тапсыру жүктелімдер қозғалысы туралы есеп берулер мәліметтері бойынша талданады.Шикізат пен материалдар қабылдау кезінен бастап өндіріс процесінде оларды пайдаланатын барлық кезеңдерде есеп пен бақылау объектісі болып табылады.Шикізат пен материалдар, дайын өнімдерді сақтауды қамтамасыз ететін процедуралар қамтиды:

  • рұқсаты жоқ пресоналды жіберуші шектеу арқылы босалқы қорларды қорғау;

  • материалды өндірістік цехтарға қажетті рұқсат беру арқылы беру;

  • шығындарды есепке алу тізіміне босалқы қорларды материалдарды беруден кейін жазу;

  • қолма-қол материалдарды ары қарай нәтижелерді талдамалық есепке алу тізімдері мәліметтерімен салыстыру арқылы кезең сайын есептеу.



31. Дебиторлық қарыз аудиті және есеп бойынша ықтимал бұзушылықтар.
Дебиторлық қарыздар – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың кәсіпорынға өткізілген өнімі және көрсетілген қызметі үшін тиісті қарыздары. Есеп айырысу операцияларын дұрыс ұйымдастыру ұйымының қаржыларының жоғары айналымдылығын қамтамасыз етеді, шарттық және есеп айырысу тәртібін нығайтады, оның қаржы жағдайын жақсартады.
Дебиторлық қарыздар пайда болу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. Әдеттегі дебиторлық қарыздар

  2. Аяқталмаған дебиторлық қарыздар

Дебиторлық қарыздардың аудитінің мақсаты – кәсіпорында есеп айырысуды ұйымдастырудың дұрыстығын бағалау, дебиторлық қарыздардың пайда болуының заңдылығын, оның дұрыстығын және өтеудің ақиқаттығын растау.
Дебиторлық қарыздарды тексеруде аудиторлардың негізгі міндеттері мыналар:
Кәсіпорынның балансында көрсетілген дебиторлық қарыздардың сомасының заңды негізделгенін және ақиқаттығын тексеру;
Есеп айырысу және қаржылық тәртіптің ережелерінің сақталуын тексеру;
Жөнелтілген қорлар үшін алынған сомаларының дұрыстығын, оларды есептен шығарудың толықтығын, есеп айырысу операцияларының болғанын растайтын құжаттардың барын және олардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;
Дебиторларға шағым жасаудың уақытылы және дұрыс рәсімделуін, сонымен қатар бұл істің қозғалысын бақылауды ұйымдастыруын және келтірілген зиянды және басқа есеп айырысу өзара қарым-қатынасынан болған қарыздарды іздестіруді ұйымдастыру тәртібін тексеру;
Есеп айырысуларды тәртіпке келтіру, дебиторлық қарыздарды төмендету бойынша кепілдемелер құрастыру.
Аудитор дебиторлармен есеп айырысуды тексере отырып, балансты дебиторлық қарыздардың дұрыс көрсетілгенін анықтауы мүмкін қажет. Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыздардың есептік кезеңінің соңындағы және есептік кезеңнің басындағы қалдықтарының «Қысқа мерзімді активтер» және «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімдерінде дұрыс көрсетілгенін тексереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет