23. Аудитті жүзеге асыру барысында жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар. Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:
1. Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;
2. Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;
3. Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
4.Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі.
Жұмыс қүжаттарының толық саны әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирма ішілік стандарттарымен анықталуға тиісті. Тұрақты аудиторлық папкада: Жарғының және құрылтай келісім-шарттарының, статистикалық карталардың, тиісті қызмет түрлеріне алынған лицензиялар, партнерлермен жасалынған келісім-шарттар, бизнес-жоспарлар, есеп саясаты жөніндегі бұйрықтар, жұмысшы шоттар жоспары, ұсыныс хаттары.
24. Түгендеуді жүргізудің дұрыстығын тексеру. Түгендеу аяқталғаннан кейін түгендеу жүргізудің дұрыстығын белгілеу мақсатында бақылап тексерулер жүргізіледі. Түгендеменің бақылау мақсатындағы тексерулері түгендеу комиссиясы мүшелерінің және материалдық жауапты тұлғалардың қатысуымен түгендеме аяқталған соң, бірақ міндетті түрде түгендеме жүргізілген ашылғанға дейін жүргізілуі тиіс.
Түгендеменің бақылау мақсатындағы тексерулерінің нәтижелері құндылықтарды түгендеудің бақылау тексеріс актімен ресімделеді. Жүргізілетін бақылау мақсатындағы тексерулерді есептеуді бухгалтерлік арнайы түгендеулердің бақылау тексерісін есепке алу кітабында жүргізеді. Түгендеу нәтижелері анықталған түгендеулер нәтежелерінің ведомосінде көрсетіледі.
Түгендеу комиссиясының жұмысы хаттамамен ресімделеді, оны мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітеді.
Түгендеу хаттамасында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне сәйкес активтердің құнсыздануына тест өткізу туралы ақпарат көрсетіледі. Туындау себептерін түсіндіре отырып, активтердің құнсыздану фактісінің болуын тәуелсіз сарапшы растайды және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.