«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру



бет21/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)

34. Дәлелдерге қол жеткізу әдістері.
Аудиторлық дәлелдерді алу көздері:
-қаржылық есеп беру
-бухгалтерлік есеп регисторлары
-аудиттелетін ұйымның және үшінші тұлғаның алғашқы құжаттары
-статистикалық есеп беру
-жарғылық құжаттар:келісім шарттар, бұйрықтар , өзге де әкімшілік құжаттар.
-қаржы шаруашылық қызметінің талдау нәтижелері
-аудиттелетін субъекті мен үшінші тұлғаның ауызша пікірі
-аудиттелетін субъекті мен үшінші тұлғаның құжаттарын салыстыру
-түгендеу нәтижелері
-ауызша және жазбаша формада басшылыққа хабарлау
Аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді: 1) аналитикалық анықтау, есептеу; 2) құжаттау; 3) қорытындылау.
Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі-ол негізінде экономикалық талдау (топтау, салыстыру т.б.), аналитикалық тексеру және статистикалық, экономика-математикалық әдістер. Осы орайда аудиттің көп тараған әдістемелік әдісі-ол, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық есебін тексеру. Мысалы, өндіріс шығынын, оны сатудан түскен төлем сомасымен салыстыру, онда анықталған өзгеру мөлшерінің нендей себептен болғанын, факторлардың әсерін есептеу.
Аналитикалық тексеру әдісі аудиттің барлық кезеңінде қолданылады. Жоспарлаудан бастап күнделікті тексеруде, қаржылық ақпаратын жасауда, онда кездескен өзгертулерді анықтауда және кәсіпорын шаруашылығының даму жолын бағдарлау барысында аналитикалық тексеру үздіксіз жүргізіліп отырады.
Әдістемелік құжаттау әдісі-өз кезегінде үш топқа бөлінеді: 1) мәліметтік модельдеу; 2) нормативтік құқылық жолын анықтау; 3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру. Мәліметтік модельдеу дегеніміз-аудит объектісінің мәлімет тасушыға бір жүйеге келтіріп тіркелген мәліметтерін айтамыз. (Ол алғашқы құжаттар, магнит барабандары, дискалары, перфокарта, магнит таспасы, есеп кестелері, ақпараттар).
Мәліметтік модельдеу мақсаты тексеру объектісінің нормативтік-құқылық, ақпараттық, бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру. Мысалы, аудит жүргізу үшін өндіріс процесінің моделін алатын болсақ, онда шығыны жоспарланған өлшемде, нақты шығын өлшемінде, оның цехтар арасындағы құбылыс қозғалысы, оның бухгалтерлік құжаттарға тіркелуі, жауапкершіліктегі есебі тағы басқа көптеген мәліметтер бір жүйеге келтіріп, мәлімет моделін құрайды.
Нормативтік-құқықтық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының ішкі ереже тәртібінің орындалуын анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін түгелдеу жүргізудің ереже-нұсқауының дұрыс қолданылуы бақылау қажет. Нақты мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру ережелерінің дұрыс қолданылуы.
Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген шаруашылық әрекеттерінің операцияларының заңдылығы, қажеттілігі және экономикалық тиімділігі, шындықты көрсетуін анықтау қажет. Осы әдісті іске асыру үшін әр түрлі құжаттарды тексеру түрлері, нақты бақылау әдісі, әр түрлі есептеу, инспекция өткізу т.б. қарастырулар қолданылады.
Осы орайда құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін қарастыруға болады: формальдық, арифметикалық заңдылық, логикалық тексеру. Немесе жаппай қарама-қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті қалпына келтіру әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.
Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығы, түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі жұмысшылардың қол қоюы қарастырылады.
Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің мақсат сондағы тіркелген анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.
Қарама-қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеруде өте жиі қолданылады. Себебі, бір құжат бухгалтерлік есепте екі қайтара кездеседі. Мысалы, кәсіпорынға жабдықтаушыдан материал келіп түссе, материалдың құжатының бір данасы қоймасының есебінде болса, екіншісі банк көшірмесінің тіркеуінде болады. Соларды салыстыру арқылы қарама-қарсы тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса есебінде болады да оның түбіртегі дүкеншінің есебіне тіркеледі. Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің дұрыстығы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы анықталады. Осы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы ұрлық немесе әдейі қиянат жасаушылық қылмыстары анықталады.
Есепті қалпына келтіру әдісі-ол негізінде аудит процесінде бухгалтерлік есепте жіберілген қатені түзету. Қате түзету процесінің бірнеше түрі бар.
Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау. Мысалы, тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қалай түзетілді, оны түзеткен адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін әдіс. Мысалы, дүкенші жабдықтаушыдан құжат бойынша тауар қабылдап алған. Тауар сомасы 10000 теңге, ал дүкенші өзінің есебіне 1000 теңге деп, тіркелген бухгалтер өзінің корреспонденциясында 1000 теңге көрсеткен. Кейін тексеру барысында қате анықталғаннан кейін қосымша екі жақты жазу 9000 теңгеге жасалады.
Үшінші қате түзету әдісі-қызыл жазу. Бұл әдіс бойынша, бұрын екі жақты жазуда жіберілген қате сол күйінде қайталанылады да тек қана екі жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады. Бухгалтерлік есептің қалыптасқан тәртібі бойынша есеп шоттарына екі жақты жазу бойынша тіркелген тәртібі айналым санын санағанда шығарылып тасталады. Яғни, қате жазу бойынша қарамен жазылған сан, қызыл жазумен жазылған сан шығарылғаннан бұрын жіберілген қате түзетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет