{~3~}
~~Бала 10 жаста. Жиі суық тиіп ауырады. Диспансеризация кезінде бетінің ісінуі, микрогематурия, протеинурия (0,98%) анықталды. АҚҚ 115/70 мм/сын.бағ. Қан анализінде: Нв 128г/л, шамалы лейкоцитоз, ЭТЖ 15 мм/сағ. креатинин 80 ммоль/л. Диагноз қойыңыз:
@@Жедел гломерулонефрит, жеке зәр синдромы, бастапқы кезеңі
@@Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезеңі
@@Жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром, бастапқы кезеңі
@@Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром гематуриямен, бастапқы кезең
@@Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі
{@A@}
{~2~}
~~Стационарға 8 жастағы бала баспамен ауырғаннан 11 күн өткен соң ауыр жағдайда түсті. Тексеру кезінде дене температурасы 380, беті ісінген, зәр түсі «ет жуындысы» тәріздес болған. Жүрек тоны тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу, II тонның акценті естіледі, қантамыр соғысы минутына 98 рет. АҚҚ 130/85 мм сын.бағ. ЖЗА: іл.салмағы 1006, белок 1,5 г/л, эритроциттер өте көп, лейкоциттер 8-10 көру аясында, цилиндрурия. ЖҚА: Нв 75 г/л, эр 2,6х 1012/л, лейкоциттер 9,6х109/л, ЭТЖ- 50мм/сағ. БҚА: жалпы ақуыз-59 г/л, креатинин 160мкмоль/л. Клиникалық диагноз қойыңыз.
@@Жедел гломерулонефрит нефритикалық синдроммен, бастапқы клиникалық көрініс кезеңі.
@@Жедел біріншілік пиелонефрит, белсенді кезеңі
@@Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, бастапқы клиникалық көрініс кезеңі.
@@Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі
@@Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі
{@A@}
{~3~}
~~Қыз бала 12 жаста, 9 жылдан бері созылмалы нефритпен ауырады. Ауру өршу кезеңдерінде стационарда емделеді. 3 жасында алғаш рет ауырған. Балада ісік пайда болып, біртіндеп жайылып асцитке ұласқан. Бала ұзақ уақыт стационарда емделген. 3 жылдан астам преднизолонмен үзілісті емделген, үзіліс кейде 6-8 айға дейін созылған, бірақ аурудың қайталап өршуіне байланысты дәрі қайта тағайындалған. БҚА: жалпы ақуыз-52 г/л, креатинин 160 мкмоль/л. ЖЗА: іл.салмаєы 1025, ақуыз 6 г/л, эритроциттер - 4 көру аясында, гиалинді цилиндрлер көру аясында-15. Диагноз қойыңыз:
@@Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, толқын тәрізді ағымы
@@Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі, өршу кезеңі
@@Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезеңі
@@Жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром, бастапқы кезеңі
@@Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі
{@A@}
Достарыңызбен бөлісу: |