{~2~}
~~Ұл бала 11 жаста. Ұсақ нүктелі бөртпенің шығуына шағымданады. Дене температурасы 37,6С0. Анамнезінде экзема, жиі суық тиіп ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Иықтың, балтырдың терісінде, ірі буындардың айналасында симметриялы экссудативті-геморрагиялық бөртпелер. Таңдайдың шырышты қабатында бірен-саран петехиялер. Жүрек тондары тұйықталған. Нәжісі мен зәрінде патологиялық өзгеріс жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
@@Геморрагиялық васкулит, терілік түрі, жедел ағымды
@@Геморрагиялық васкулит, аралас түрі, жедел ағымды
@@Геморрагиялық васкулит, буындық түрі, жедел ағымды
@@Геморрагиялық васкулит, терілік түрі, толқын тәрізді ағымды
@@Геморрагиялық васкулит, аралас түрі, созылмалы ағымды
{@A@}
{~3~}
~~Бала 9 жаста, мұрнынан қан кетумен зардап шегеді. Зертханалық тексеруде анықталды: тромбоциттердің ристомицинмен агрегациясының бұзылуы, коллагенмен, АДФ, адреналинмен агрегациясы қалыпты, тромбоциттердің адгезиясы және VIII фактор деңгейі төмендеген. Болжам диагнозды қойыңыз.
@@Верльгоф ауруы
@@Шенлейн-Генох ауруы
@@Гемофилия
@@Виллебранд ауруы
@@Афибриногенемия
{@A@}
{~3~}
~~Бала 11 жаста, шөлдеуге, зәр шығаруының жиілеуіне, әсіресе түнгі уақытта, терісінің қышуына шағымданады. Қант диабеті диагнозын қою үшін міндетті түрде жүргізу қажет:
@@Аш қарында қандағы глюкозаны анықтау
@@Тәуліктік зәрдегі глюкозаны анықтау
@@Таңертеңгілік зәрдегі ацетонды анықтау
@@Тәуліктік зәрді глюкозаға және ацетонға анықтау
@@Ұйықтар алдында қандағы глюкозаны анықтау
{@A@}
{~2~}
~~Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз:
@@Қысқа әсердегі инсулин 0,1Ед/кг есебімен сағат сайын
@@Ұзаќ әсердегі инсулин 0,5Ед/кг есебімен сағат сайын
@@Қысқа әсердегі инсулин 0,7Ед/кг есебімен сағат сайын
@@Қысқа және ұзақ әсердегі біріккен инсулин терапия 0,3 Ед/кг есебімен әр бір 6 сағат сайын
@@Қысқа әсердегі инсулин 1,0Ед/кг есебімен сағат сайын
{@A@}
Достарыңызбен бөлісу: |