Қазақ әдебиетінің



бет1/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
БЕТАШАР

Көкірек көзі ояу, рухани байлығын сәбиіндей мәпелеп, тәрбиелей білетін халық әдебиетіне ен-жар қарай алмаса керек. Егер жылдар тереңіне, тіпті ғасырлар қойнауына ой жүгіртетін болсақ халқымыздың арасынан шығыстың жұлдыздары атанып, жарқырап шыққан талай-талай шайырларды, ақыл-ойы дариядай, сөздері шегедей шешендер мен шежірешілерді, өмір бояуын оңдырмай, тағдыр суретін қалам ұшымен кестелей білген күні кешегі қарымды қаламгерлерді көз алдымызға келтірер едік. Түйіп айтқанда, қазақ әдебиеті де, қай елдің болсын дамыған делінетін әдебиетінен қалысты емес. Бірақ, өкінішке орай, осы, тарихы тамырланып, айтары молайған әдебиетіміздің зерттелу жүйесі бүгінгі зерделі оқырманды қанағаттандыра қоймайтыны, тағы рас, Бұған бар ықыласын арнап, өмірін сарп еткен қайраткерлеріміз аз болған жоқ, іргелі еңбектер де аз жазылған жоқ. Алайда, осының бәрінде жоғары оқу орындарының бағдарламалық қажетін қанағаттандыра аларлықтай жүйелішік жетіспей жатты. Оған, бір жағы рухани дүниеге де өктемдік саясаттың аясында қараған кесірлі көзқарас “салқынын” тигізді. Өмір шындығын бар болмысымен ашып көрсетуге мүмкіндігі шектелген сөз зергері іште қайнаған толғанысын кейде астарлап, абайлап шығаруға мәжбүр болды. Кейбір “уытты” тақырыптарды “құлыптап” та тастады. Енді, міне, әдебиет майданының шебі толысып, шынайы шабыттың өрісі кеңіген тұста арнайы “Қазақ әдебиетінің тарихы” атты серия ашып, оқырмандарымызды, ең алдымен студенттерімізді әдебиетіміздің бүкіл кезеңдерімен, мүмкіндігінше толық, жүйелі түрде таныс-тыратындай көп томдық оқулықтар мен хрестоматиялық оқу құралдарын шығарғалы отырмыз. Оның қолдарыңызға үстіміздегі жылы тиетін беташар кітабы ежелгі дүние әдебиетіне арналды. Әрине ғасырлап жасалған мол дүниені түгел қамтып, шытырманды, шырғаланды кезеңдер шындығы түсірген таңбаларды ылғи да тап басып тану мүмкін де болмас. Бұл жолдағы ізденістер болашақта жемісті жалғасар деп үміттенеміз.

Баспа

Қазақ әдебиетінің

тарихы

Н. КЕЛІМБЕТОВ

Ежелгі

дәуір

әдебиеті

Толықтырылып, екінші рет басылуы

АЛМАТЫ “АНА ТІЛІ> 1991т

83.3(04)4 К 29



Казақ ССР Халыққа білім беру министрлігі жоғары оқу орындары филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық ретінде мақұлдаған

“Қазақ әдебиетініқ тарихы” сериясының қоғамдық алқасы.

С Қирабаев (алқанық төрағасы), Ж. Әзізханов, Ж. Дәдебаев,

Ә. Дербісалиев, 3. Серікқалиев, С. Қасқабасов, М. Кұдайкұлов.

Келімбетов Н.

К 29 -Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғары оқу орындары филология факультеттері студенттеріне арналған окулық.

Алматы, Ана тілі 1991. 264 бет.

Бұл кітап қазақ әддебиеті тарихының бастауларымен таныстырады. Автор VI—VІІІ-ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезенге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ болған әдеби мұраларға жан-жақты талдау жасайды.

Сондай-ақ мұнда көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік және әлеуметтік мәні жүиелі түрде баяндалады.

Кітап жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне, қазақ әдебиетінің ежелгі тарихын зерттеуші аспиранттар мен ғылыми қызметкерлерге және көшшлін оқырман қауымға арналған.

Мектеп” баспасы, 1986 Келімбетов Н., 1991

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз

Кіріспе

Бірінші бөлім. VI—IX ғасырлардағы түркі әдебиет ескерткіштер.

Тасқа жазылған дастандар.

“Күлтегін” және “Тоныкөк” жырлары .

“Қорқыт ата кітабы”.

“Оғыз-наме”.

Әбу Насыр әл-Фараби

Орта ғасыр ғалымдарының әл-Фараби туралы ой-пікірлері

Е к і н ш і б ө л і м. X—XII ғасырлардағы әдебиет

Махмұд Қашғари. “Диуани лұғат ат-түрк”

Жүсіп Баласағұн. “Құтадғу біліг”.

Ахмед. Иүгінеки. “Хибатул—Хақайық” .

Ахмет Яссауи. “Диуани хикмат”.

Үшінші бөлім. XIII—XV ғасырлардағы әдебиет

Хорезми. “Мұхаббат-наме”.

Құтб. “Хұсрау-Шырын”

Сайф Сараи. “Гулистан бит-турқи” .

Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер .

Захириддин Мұхаммед Бабыр.

“Бабыр-наме”.

Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ жыраулары.

 

АЛҒЫ СӨЗ



Бүгінгі таңда бүкіл елімізде қызу жүріп жатқан қайта құру процесінін, қоғамдық-әлеуметтік, рухани өмірімізге көптеген игі жаңалықтар енгізіп отырғаны жақсы мәлім. Солардың ішінде ең бастысы — әрбір халықтың тарихына, тілі мен әдебиетіне, мәдени-етіне, әдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына зор құрметпен қарау мәселесі болса керек. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі беріл-уінің өзі осындай қамқорлықтың бір көрінісі болып табылады.

Міне, осындай дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына кел-тіріп жатқан революциялық бетбұрыс кезеңінде көне дәуір мұрала-рын, соның ішінде кейінірек қазақ халқын құраған әр алуан тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің ежелгі тарихымен байла-нысты әдебиет нұсқаларын танып-білудің мәні зор деп білеміз.

Рас, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін жоғары оқу орындарында оқыту ісін 1965 жылы профессор Бейсембай Кенжебаев тұңғыш рет қолға алған болатын. Есімі машһур ғалымның жетекшілік етуімен, әрі Ханғали Сүйіншәлиев, Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Мағауин сияқты бір топ білікті қаламгер- ғалымдардың тікелей атсалысуы нәтижесінде 1967 жылы “Ертедегі әдебиет нұсқалары” деп аталатын оқулық-хрестоматия “Мектеп” баспасынан шыққан еді. Ал, енді содан бері өткен жиырма жылдай уақыт ішінде ежелгі түркі жазба ескерткіштерін әдеби және тілдік тұрғыдан зерттеу ісі едәуір алға басты. Атап айтқанда, қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірін зерттеу саласында әдебиеттану ғылымы бірқатар табыстарға жетті. Сонымен бірге, көне түркі, ежелгі қыпшақ, шағатай тілдерінде жазылған ертедегі әдебиет нұсқалары тіл білімі тұрғысынан да жан-жақты қарастырылып, олардың қазақ тілі мен әдебиеті тарихынан алатьш орны мейлінше айқындала түсті. Басқа түркі тілдерінен гөрі қазіргі қазақ тіліне жақын әдеби жәдігерлік-тердің бірқатарына ғылыми-текстологиялық талдау жасалды. Сон-дайақ жоғары оқу орындары да қазақ әдебиет тарихынын, ежелгі дәуіріне қатысты шығармаларды оқытудың едәуір тәжірибесін жинақтады.

Орхон жазба ескерткіштерін қазақ әдебиеті тұрғысынан зерттеу ісін алғаш қолға алып, бұл салада көптеген игі істер тындырған ғалым Мырзатай Жолдасбеков екені мәлім. Әдебиетші-ғалым тасқа жазылған осы ғажайып дастандардың ғылыми негіздегі дәлме-дәл, әрі көркем аудармасын жасап шықты.

Міне, осы жәйттердің бәрін ескере келіп, біз “Казақ әдебиетінің ежелгі дәуірі” атты оқулықты 1986 жылы “Мектеп” баспасынан шығарған едік. Содан бері төрт жылдай уақыт ішінде советтік түр-кология ғылымында едәуір игі істер тындырылды. Солардың бірқа-тары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне де катысты болып келеді. Ал, “Оғыз-наме”, “Мүхаббат-наме”, және “Бабыр-наме” сияқты әдеби ескерткіштер қазақ тіліне тәржіма жасалады. Бұлар туралы келелі ғылыми зерттеулёр жарык көрді.

3

Осы уақыт ішінде Жүсіп-Баласағұнньш, “Құтты білік” дастаны қазақ тіліне аударылып, жеке кітап болып басылып шықты. Бұл дастанның қазақ әдебиетіне тигізген әсері жайында елеулі ғылыми еңбек жазылды.



Оның үстіне, біз сөзетіп отырған оқулық кезінде аз тиражбен шығып, тез тарап кеткен болатын. Сол себепті біз қазақ әдебиетінің ежелгі тарихын оқып-үйренуші студенттер мен аспиранттардың, ғылыми қызметкерлер мен көпшілік оқырман қауымның сұраныс-өтініштерін ескере келіп, осы оқулықтың екінші, толықтырылған нұсқасын баспаға ұсынуды жөн көрдік.

Сонымен, “Ежелгі дәуір әдебиеті” оқулығын әзірлеу барысында советтік ғылымның тарих, әдебиет әрі тіл білімі саласындағы жетістіктерін, әсіресе, В. В. Бартольд, В. В. Радлов, С. Е. Малов, Е. Э. Бертельс, А. Н. Кононов, А. М. Шербак, Ә. Н. Нәжіп,

X. Г. Көроғлы, И. В. Стеблева, С. Н. Иванов, Л. Н. Гумилов,

К. Каримов, Н. Маллаев, Г. Араслы, т. б. ғалымдардың зерттеулерін пайдаландык.

Сондай-ақ Ә. Марғұлан, Р. Бердібаев, Б. Кенжебаев, М. Жол-дасбеков, X. Сүйіншәлиев, Ғ. Мұсабаев. С. Қасқабасов, Ш. Сатба-ева, Ә. Қоңыратбаев, М. Дүйсенов, Қ. Өмірәлиев, Ғ. Айдаров, А. Ибатов, Ә. Құрышжанов, М. Томанов т. б. ғылыми еңбектері де қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірі бойынша оқулық жазуға көп септігін тигізді.

Автор.

4

КІРІСПЕ



Қазақ әдебиеті өзінің қазіргі асқар биігіне оп-оңай, аз күнде көтерілген жоқ. Қазіргі социалистік қоғамда жан-жақты дамып, әлемдік әдебиет аренасынан өзіндік орын алған қазақ халқының көркем сөз өнері бүгінгі дәрежесіне жету үшін сан ғасырлықтар жол, тайғақ кешулерден, қиын қыстау асулардан, зар замандардан өтті.

Демек, басқа да бауырлас советтік халықтардың әдебиеті сияқты қазақтың жазба әдебиетінің де өмірге келу, қалыптасу, есею және кемелдену кезеңдері — өзіндік даму тарихы бар.

Қай халықтың болмасын әдебиет тарихы ең алдымен сол халықтың қоғамдық-әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Ендеше қазақ әдебиетінің тарихы — қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, соның сүрлеуі, ізі болып табылады.

Міне, сондықтан да біз қазақ әдебиетінің түп-төркінің, ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып-білу үшін алдымен халқымыздың бұрынғы-соңғы тарихынан толық хабардар болу керек дейміз. Ал, тарихи тәжірибені, халықтың сан ғасырлар бойы сақтап келген рухани қазынасын, яғни әдеби мұраларды танып-білу қоғам-ымыздың әр азаматының рухани жағынан кемелдене түсуіне игі ықпал етері сөзсіз.

Марксизм-ленинизм іліміне негізделген советтік тарихнама буржуазиялық тарихнаманың халықтарды “тарихи” және “тарихи емес”, “жоғарғы” және “төменгі” деп бөлетін нәсілшілдік теориясымағына күйрете соққы беріп келеді. Советтік тарих ғылымы үлкенді-кішілі барлық халықтар тарихи процестің субъектісі деп біледі. Сол халықтардың өзара байланыстарын, әлем-дік мәдениет қазынасына қосқан үлестерін жан-жақты зерттегенде ғана күллі адамзат тарихы туралы дұрыс әрі толық түсінік алуға болатынын дәлелдейді.

Сөйтіп, үлкенді-кішілі әрбір халық бүкіл адамзаттың

5

дүние жүзілік мәдениет қазынасына өзінің тиісті үлесін қосып келгені ешқандай күдік тудырмайды.



Советтік еліміздің басқа да халықтары секілді қазақ халқының да ежелгі дәуірден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар. Қазақ халқы да бүкіл дүние жүзілік ғылым мен өнердің, әдебиеттің, дамуына өзіндік үлес қосты, есімі әлемге мәшһүр ғалымдар мен ақын-жазушыларды, өнер қайраткерлерін тарих сахнасына шығарды.

Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қырлы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы — қазақ әдебиеті болып табылады.



Қазақ әдебиеті. Әдебиет тарихы — әдебиет тану ғы-

тарихы пәні. лымының құрамдас, негізгі бір бөлімі екені мәлім. Ал, әдебиет тарихы пәні марксизм-ленинизм ілімін басшылыққа ала отырып, көркем әдебиеттің даму процесін қоғамдық өмірдің нақты жағдайымен байланысты түрде алып зерттейді. Әдебиет тарихыпәні әрбір халықтың дамуындағы идея-лық бағыт-бағдарларды, әдеби ағымдарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін сол халықтың қоғамдық-экономикалық құрылысымен байланысты түрде танып-біледі.

Қазақ әдебиеті тарихы пәнінің міндеті де, міне, осындай. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиет тану ғылымының құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тарихын халқымыздың төл тарихынан бөліп-жармай, тұтас күйінде алып зерттейді. Сол арқылы ол әдеби шығарманың туылуын, әдеби өмірдің кемелденуін, сан алуан

әдеби бағыттар мен көріктеу құралдарының даму кезеңдерін, әдеби процеске тиісінше ықпал еткен қаламгерлердіқ творчествосын танып--біледі.

Қазақ әдебиеті тарихы — қазақ халқынын, қадым замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын қамтиды. Қазақ әдебиеті тарихының оқып үйренетін дәуірі де, пән ретінде өз ішіне қамтитын объектілері де, зерттейтін мәселелері де қыруар көп.

Сонымен, қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы өте ерте, қадым замандардан, ежелгі. дәуірлерден басталатыны даусыз. Алайда қазақтар халық ретінде тек XV—XVI ғасырларда ғана қалыптасты деп жүрміз ғой. Ендеше XV ғасырдан арғы жердегі материалдық және рухани мұраның бәрі қазақ халқы үшін жат болғаны

6

ма? Әрине, олай емес. “Қазақ халқының құрылуына негіз болған этникалық процестер — түп тамыры ежелгі заманнан, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, таптық қатынастар туа бастаған заманнан басталатыны” тарихтан жақсы мәлім1.



Бертін келе қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар көне замандардан-ақ қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойы мен Қаспий жағалауларын мекен етті. Қазақ халқын құраған осы ру-тайпалар — кезінде өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хақас, башқұрт, татар халықтарының этникалық құрамына енген ру-тайпалармен аралас, көршілес отырып өмір сүргені белгілі.

Демек, қазіргі түркі тілдес халықтардың экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі ежелден-ақ бір-бірімен өзара тығыз байланысты болды. Сондықтан түркі тілдес халықтардын, әдебиет тарихын да бүкіл тұтасымен алып, қоғамдық, саяси және мәдени өмірдің барлық құбылыстарын өзара байланысты түрде танып-білу керек. Сонда ғана біз қазақ халқының ежелгі әдебиетіне азды-көпті қатысы бар көне заманның көркем сөз туындыларын ғылыми тұрғыдан дұрыс бағалай аламыз.

Алайда кейбір әдебиетші ғалымдар ру-ұлыстық дәуірде өмірге келген әдеби шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз, рухы жат, сол себепті олар қазақ әдебиетінің мүлкі бола алмайды деген пікір айтады. Бұл барып тұрған қате, ғылыми негізі жоқ пікір. Өйткені “қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық уәкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет': нұсқалары болуы ықтимал”2.

Бұл сөзімізге орыс, белорус, украин халықтарының жазба әдебиетінің ертедегі тілі толық дәлел. Бұл халықтардың ежелгі дәуірдегі әдеби шығармалары қазіргі орыс, белорус, украин



1 Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1980, 1-том, 17-бет. Б. Кенжебаев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы1973

7

халықтарына түсініксіз булгар тілінен тараған церковно-славян тілінде жазылған. Ал, орта ғасырдағы француз әдебиетінің басым көпшілігі қазіргі французға түсініксіз латын тілінде жазылып келгені мәлім. Оның үстіне, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай, ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылған. Шағатай тілі — араб және парсы сөздері араласқан, түрік ру-тайпаларының кітаби тілі болған. Ал бұл тіл сол кездегі барлық түркі тектес ру-тайпаларға түсінікті тіл еді.



Соңғы жылдары совет түркологтары тарих және археология ғылымдарының бүгінгі таңдағы ғажайып жетістіктерін негізге ала отырып, қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тілі мен әдебиетінің тарихын зерттеу ісін солардың бәріне бірдей ортақ мұра болып табылатын ежелгі жазу-сызулардан, әдеби нұсқалардан, жылнама-шежірелерден, жеке қаламгерлер туындыларынан бастау керек деген пікірді көбірек айтып жүр. Бұл аса маңызды түйін. Шындығында да қазақ, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрікмен, ұйғыр, карақалпақ, татар, т. б. ұлттық қауымдар этникалық тұрғыдан әбден қалыптасып, әрқайсысы жеке-жеке халық ретінде бөлініп шыққанға дейін, яғни ру-ұлыстық дәуірде бірге көшіп-қонып, араласып, өзара қатынасып жүргені мәлім. Міне, түркі тектес ру-тайпалардың сол кезде жасаған мәдени, әдеби мұралары осы халықтардын, бәріне бірдей ортақ, бәріне бірдей тарихи, әдеби қазына болып табылады.

Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдени, әдеби және тілдік мұраларын ұзақ жылдар бойы сарыла зерттеген Е. Э. Бертельс, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, И. В. Стеблева, Ә. Н. Нәжің сияқты есімдері мәшһүр совет ғалымдары қазіргі түркі тілдес халықтардың ру-ұлыстық дәуірде бәріне ортақ жазу-сызуы, әліппесі, мәдениеті, тілі, әдебиеті болған дей, санайды.

“Әрине, көне ескерткіштерді жасауға кейін аталмыш халықтарды құраған негізгі рулардың бірі аз, бірі көп мөлшерде қатысуы мүмкін. Соған сәйкес көне түркі мәдениеті үлгілерінің кейбіреулерінің тілі қазіргі ұйғыр тіліне, енді бірі әзербайжан тіліне, енді бірі қазақ тілі-не жақынырақ келеді. Алайда бұл белгісінің өзі сол ескерткіштерді бір ғана халыққа теліп қоюға негіз бере алмайды. Туыстас халықтардың бәріне ортақ мұра деу әділірек. Қазақ әдебиетінің түп тамыры сонау VII—

9

VПІ-ғасырлардан басталады дегенде осы жағын да естен шығармауымыз қажет”1.



Көне тарихтың куәсіндей бізге ежелгі заманнан жеткен әдеби ескерткіштерді мәдени және әдеби мұра жөніндегі марксизм-ленинизм ілімі негізінде жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүгінгі өрісі биік социалистік мәдениеттің игілігіне айналдыру — қазақ әдебиеті та-рихын зерттеушілердің төл міндеті болып табылады.

Қазақ әдебиеті Марксизм-ленинизм ілімі бойынша,

тарихының әдебиет тарихын кезеңдерге бөліп, дә-

кезеңдері. уірлеу — бір жағынан, қоғамның жал-

пы даму заңдылықтарына, ал екінші жағынан, әдебиет дамуының өзіне ғана тән белгі-сипаттарға негізделуі тиіс. Демек, ежелгі қазақ әдебиетінің тарихын дұрыс жүйелеу үшін ең алдымен мынадай екі жәйтті мықтап ескеру шарт: Біріншіден, адамзат қоғамының жалпы даму заңдылықтарын, соның ішінде казақ халқының қалыптасып, тарихи кезеңдеріне ықпал еткен әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық факторларды жете білу керек. Екіншіден, көркем әдебиеттің қоғамдық-эстетикалық мәні мен қызметінің өсу, жетіле түсу сатыларын, сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу жолдарын, әдеби жанрлар мен әдеби тәсілдердің даму кезеңдерін, т. б. танып-білу қажет.

Маркстік-лениндік ғылыми методологияға негізделген совет әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеп-білуде соңғы Жылдары едәуір игілікті істер тындырды деуге болады. Әйтсе де түркі тілдес халықтардың ежелгі әдеби ескерткіштерін тарихи, әдеби, тілдік, этнографиялық т. б. тұрғыдан танып-білуге қатысты проблемалар да аз емес.

Белгілі ғалым Б. Кенжебаев қазақ халқының бұрын-соңды әдебиетінің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп, жүйелеп қарастырады:

1. Ежелгі әдебиет, бұл дәуір VI—XV ғасырлар арасын қамтиды. Бұл кейінірек қазақ халқынын, құрамына енген қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Ерте кездегі түрік ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиет.

1 М Мағауин. Қадым заман куәгері, Кітапта: Алдаспан, Алматы, 1970, 5—6-беттер.

9

2. Қазақ хандығы дәуіріндегі (XV—XIX ғасырлар арасы) әдебиет. Қазақтық өзіндік төл әдебиеті.

3. Қазақтың ХІХ-ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті.

4. Қазақтың ХХ-ғасыр басындағы (1900—1920 жылдардағы) әдебиеті.

5. Қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі советтік әдебиеті.

Сонымен, әсіресе ежелгі дәуірдің мәдени мұраларын танып-білу барысында әдебиет — таптық идеология екенін бір сәтке де естен шығармауымыз керек. Күресуші таптар қашанда ез идеологиялық системасын (соның ішінде әдебиетті де) таптық күрестін, құралы ретінде пайдаланып келді.

Міне, сондықтан да Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі қазақ әдебиеті антагонистік қайшылықтары бар таптық қоғамда өмірге келгенін, әрі оның бір-біріне қарама-қарсы тұрған прогрессивтік және реакциялық ағымдарда болғанын көне заманның әдеби мұраларын оқып үйренуде ескеріп отыру керек. Бұл тұрғыдан альш қарағанда, қазақ әдебиетінің тарихы — ғасырлар бойы бір-бірімен аяусыз арпалысып келген әдеби ағымдар күресінің тарихы деуге болады. Жүздеген жылдарға созылған осы жанкешті күрес үстінде прогрессивтік бағыттағы әдебиет құрыштай шыңдала түсті, өрісі кеңіп, шоқтығы биіктей берді.

Қазақ әдебиетінің тарихында өткен заманды көксеп, кертартпа топтың сойылын соққан ақын-жыраулар да аз болған жоқ. Сондықтан өткендегі мұраға маркстік-лениндік ілім тұрғысынан қарап, оны әділ, дұрыс бағалай білуіміз керек. В. И. Лениннін. әдебиеттің партиялығы жөніндегі және мұраны сыншылдықпен пайдалану туралы қағидаларын басшылыққа алуға міндеттіміз.

Міне, осы жәйттердің бәрін ескере отырып, VI—XV ғасырлар арасындағы түркі тектес ру-тайпалармен бірге жасалған ортак, әдебиеттің өзін төмендегідей хронологиялық дәуірлерге бөліп қарастырған жөн сияқты.

1. VI—IX ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері. Бұған Орхон жазба ескерткіштері, атап айтқанда, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ “Оғыз-наме” дастаны мен “Қоркыт ата кітабы”, Әбу Насыр әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

2. X—XII ғасырлардағы әдебиет. Бұлар негізінен

10

Қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер деуге болады. Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу біліг” (“Құтты білік”) деген дидактикалық дастаны, Махмұт Қашғаридің “Диуани лұғат ат-түрік” (“Түркі тілдерінің сөздігі”), Қожа Ахмет Яссауидің “Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) атты өлеңдер жинағы, Ахмет Иүгінекидің “Хибатул-хақайық” (“Ақиқат сыйы”) деген дидактикалық сарындағы жыр жинағы, Сүлеймен Бақырғанидің “Хакім ата”, “Жұбан ана”, “Әулие Мария” атты өлен, жинақтары т. б. X—XII ғасырларда өмірге келген әдебиет нұсқалары болып табылады.



3. XIII—XIV ғасырлардағы әдебиет. Бұл кезен, әдебиет тарихында Алтын Орда — Хорезм дәуірі деп те аталады. Аталған дәуірдегі туындылар жалпы түркі әдеби тілінің (шағатай) қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: “Кодекс Куманикус” (“Қыпшақ тілінің сөздігі”), Хорезмидің “Мұхаббат-наме” дастаны, Насыридин Рабғузидың “Қисса-сул Әнбия” немесе “Қиссауи Рабғу-зи” жинағы, Дүрбектің “Жүсіп-Зылиқа”, Сайфи Сарайидың “Гүлістан бит-түрік”, Құтыптың “Қысрау-Шырын” дастандары. Сондай-ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған тарихи мұралар шежіре-кітаптар да баршылық. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жами-ғат-таурих”, Захириддин Бабырдын, “Бабыр-наме” атты шығармалары аталмыш дәуірдегі әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.

Ал, бұдан кейінгі тарихи кезеңде, яғни XIV—XV ғасырларда қазақ елінің этникалық-әлеуметтік, дербестік беті айқындала түсті де, қазақ халқының өзіндік, төл әдебиеті қалыптаса бастады. Жыраулар поэзиясы өмірге келді.



Ауыз әдебиеті Ауыз әдебиеті жазба әдебиеттен бұрын мен

жазба эдебиет пайда болғаны әрі жазба әдебиеттің өмірге

арасындағы келуі үшін қажетті алғы шарттарды әзірлеп бергені және жазба әдебиеттің өсіп жетілуіне қажетті рухани азық болғаны жақсы мәлім. Сол үшін А. М. Горький кезінде “Сөз өнерінің бастауы фольклорда жатыр” деген еді.

Қазақ халқының фольклоры, яғни ауыз әдебиеті мейілінше бай әрі сан қырлы болып келеді. Солардын, ішіндегі ең көне жанры — тұрмыс-салт жырлары. Бұған: төрт тулік мал

11

туралы өлеңдер мен наурыз жырлары, бесік жыры, үйлену, салт өлеңдері, той бастар, жар-жар, сыңсу, беташар, жоқтау, т. б. жатады.



Қазақ халқының ертегілік мұрасы да аса бай болып келеді. Олар: қиял-ғажайып, тұрмыс-салт және жануарлар туралы ертегілер.

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан саласының бірі — батырлар жыры. “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сықылды жырлар қазақ халық ауыз әдебиетінің алтын қорынан орын алған.

Поэтикалық жүйесінің көркемдігі жағынан теңдесі жоқ фольклор жанрларының бірі — ғашықтық жырлары (лиро-эпос). Мәселен, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Айман- Шолпан”, “Күлше қыз”, “Мақпал қыз” сияқты лиро-эпос жырлары кезінде ха-лық арасында кең тараған болатын.

Сондай-ақ тарихи жырлар, айтыстар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер — қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі жанрлары саналады.

Қорыта айтқанда, қазақ фольклоры — халқымыздың ерте замандағы дүние танымын, наным-сенімін, кәсібін, өзін қоршаған орта жайындағы тотемдік түсінігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, Отанға, сүйген жарға деген махаббат сезімін аңғартады.

Міне, сол себепті кез келген халықтың, сонын, ішінде қазақ халқынын, да фольклоры мен жазба әдебиетін оның қоғамдық-әлеуметтік даму жағдайларынан бөліп-жарып қарауға болмайды. Мәселен, қазақтың төрт түлік малға, аңшылық тіршілікке, отқа табынуға, т. б. байланысты айтылатын өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, қиял-ғажайып ертегілері, батырлар жырлары халқы-мыздың ру-ұлыстық дәуіріндегі тіршілігінен елес береді'.

Әрбір халықта ез әдет-ғұрпын, өмірлік тәжірибесің інжу-маржандай асыл сөз қазынасың яғни мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерін, ғажайып өлең-жырларын өзінен кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыратын игі дәстүр бар. Міне, сол дәстүр бойынша кейінірек қазақ халқын қүраған сан түрлі ру-тайпалардың үлыстық дәуірдегі қиял-ғажайып ертегілері, Қорқыт ата туралы аңыздары, Оғыз батыр, Алпамыс батыр, Күлтегін батыр, т. б. жөніндегі жырлары бүгінгі күнге дейін сақталып жетті.

12

Рас, үстем тап өкілдері, діншілдер халықтың мұндай сүйікті қаһармандарының образына діни мән-мағына, беріп, аңыз-ертегілердің идеялық бағыт-бағдарын өз мүдделеріне қарай бұрып әкетуге әрекет жасап бақты. Алайда еңбекшіл халық өзі өмірге әкелген фольклорлық туындылардың жағымды қаһармандарының образын әділдік жолындағы күрескер ретінде бұрынғыдан да жетілдіре түсті. Мәселен, алғашта мифологиялық құдай ретінде сипатталып келген Рүстем бейнесі бірте-бірте халық ауыз әдебиетінде жақа мазмұнға ие болып, халық қаһарманына айналады, кейінірек жазба әдебиеттен де кеңінен орын алды. Қазақ фольклорындағы осындай батырлардың ғажайып жанды бейнесі халқымыздың ерлік, әділеттік, махаббат жөніндегі мұрат-мүдделері негізінде жасалған. Батырлар жырындағы халық қаһармандарының образы қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күреске үндеп, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыра түседі. Ал, мұның аса зор тәлім-тәрбиелік мәні бар.



Халық ауыз әдебиетінін, кейбір қаһармандары бертін келе жазба әдебиеттің кейіпкерлеріне айналды. Мәселен, XI—XII ғасырларда кағазға түсірілген “Қорқыт ата кітабының” ішіндегі “Бамсы-Бейрек жыры” өзінің сюжеті жағынан да, композициялық қүрылысы түрғы-сынан да “Алпамыс батыр” жырына ете жақын болып келеді. “Оғыз-наме” дастаны да Оғыз батыр жөніндегі халықтың аңыз-әңгімелері негізінде жазылған. Қазақ халқының фольклоры мен кене түркі жазба әдеби ескерткіштері арасындағы мұндай байланыс туралы көптеген мысалдар келтіруге болар еді.

Қазақ әдебиеті тарихында фольклордың сан алуан жанрларын, сарқылмас сөз қайнарын жазба әдебиетте творчестволықпен пайдаланудың ғажайып үлгілерін тұңғыш рет асқан шеберлікпен көрсеткен Абай деуге болады. Бұған ұлы ақынның бүкіл творчестволық өмірі дәлел.

Бірқатар қазақ совет каламгерлері халық ауыз әдебиеті туындыларын, әсіресе әлеуметтік тақырыптағы эпостық жырлардың сюжетін, идеясын, керіктеу құралдарын, т. б. творчестволықпен пайдалана отырып, көркем әдебиетте теңдесі жоқ драмалық шығармалар, лиро-эпостық поэмалар жазды. М. Әуезовтың “Еңлік-Кебек”, Ғ. Мүсіреповтың “Қозы-Көрпеш — Баян сұлу” пьесалары, С. Мұқановтьщ. “Сұлушаш”, С. Сейфуллиннің

13

“Кекшетау”, I. Жансүгіровтың “Күйші” поэмалары, т. б. халық ауыз әдебиетінің сюжетіне құрылғаны'' мәлім.



Сөйтіп, бүгінгі таңда фольклор мен жазба әдебиет-тің бір-біріне ықпалы барған сайын артып, олардың арасындағы сан қырлы байланыс мейлінше нығая түсуде. Мұның өзі түсінікті де. Өйткені совет әдебиеті-нің нәр алатын қайнар-көзі қашанда еңбекшіл халық, сол халықтың жарқын болашақ жөніндегі, арман-мақса-тынан туындаған ауыз әдебиеті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет