Композициялық “Оғыз-наме” аңызының Париж ұлттық
құрылысы кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі
Мазмұны. жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жәйіт емес, “Оғыз-наме” өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек. Шамасы кезінде көркем шығармада суреттелетін белгілі бір оқиғаны рет-ретімен жүйелеп, мазмұндап айтып шығудың берік қалыптасқан өзіндік дәстүрі, әдеби қағидасы болған сияқты.
Күлтегін жыры осындай әдеби дәстүр негізінде жазылғанын, оның бірнеше цикл-хикаядан тұратынын жоғарыда айттық. Оғыз батыр жөніндегі прозалық хикая да композициялық құрылысы жағынан Күлтегін жырына ұқсас. “Оғыз-наме”— қырықтан астам цикл-хикаядан тұрады. Әрбір циклда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар ғана баяндалады. Сондай-ақ әрбір циклдың өзі үш элементті қамтиды, олар 1. Оқиғаның басталуы. 2. Оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі. 3. Оқиғаның түйіні, қорытынды.
Бірінші циклда Ай-қаған атты анадан ғажайып сұлу бір ұл бала туылғаны туралы айтылады:
Көне күнләрдан бір күн
Ай-қағанның көзу иариб бодалді,
Еркак оғұл тоғұрды.
Ошул оғулнуң өңлугі чірағы көк ерді,
Ағызы аташ қізіл ерді.
Көзләрі ал, сачлары, қашлары
Қара ерділар ерді.
Мазмұны:
Ертеде күндердің бір күні
Ай қағанның көзі жайнап,
Бір ұл бала тапты.
Сол баланың жүзі көгілдір,
103
Аузы — оттай қызыл еді,
Көзі — ал қызыл, шашы, қасы
Қап-қара болатын.
Екінші циклда сол баланың қырық күнде өсіп, ер жете бастағаны әңгіме болады:
Кырық кундун соң бедуклады,
Жүрді, ойнады
Адағы уд адағы даг,
Беллары бері беллары даг,
Иағыры кіш йағры даг,
Көгузу адуғ көгузу даг ерді.
Бәданінуң камағі түг тулуклур ерді,
Жілкілар кутайа турур ерді,
Атларға міна турур ерді,
Киик ау аулайа турур ерді.
Күнлардан соң, кечалардан соц иігіт болды
Мазмұны:
Қырық күннен соң өсті —
жүрді, ойнады.
Аяғы — өгіздің аяғындай,
Белі — қасқырдың беліндей,
Иықтары — бұлғынның иығындай
Төсі — аюдың төсіндей еді.
Денесінің бәрін түк басқан еді.
Жылқы бағатын еді,
Атқа мінетін еді.
Киік аулап жүретін,
Талай күн.талай түниен сок жігіт болды.
Үшінші, төртінші циклда Оғыз батырдың аң аулауға шыққаны, марал, аю, қаршыға атьш алғаны, соның бәрін жеп қойған жалғыз мүйізді үрейлі жыртқышпен арпалысып, ақыры жеңіп шыққаны — қазақ ертегілеріндегідей сарынмен қызықты етіп баяндалады.
Бұдан кейінгі бірнеше цикл-хикая Оғыз батырдың үйленгенін, одан үш бала туылғанын баяндауға арналған:
Көне кунларда бір күн
Оғуз қаған бир иерда теңріні
Жалбарғуда ерді.
Қарағұлк келди.
Көктен бир көк йаруқ тушті.
Кундун айан, айдун қуғулғулуғрақ ерді.
Оғуз Қаған йуруді, көрді кім
Ошбу жарукнуң арасінда бір киз бар ерді.
1 А. М. Шербак. Огуз —наме. Мухаббат—наме. М., 1959, с 22. Бұдан кейінгі беттердегі мысалдарды да осы кітаптағы транс-крипциясы бойынша алдық.— Н. К.
104
Жалғыз ол турур ерді.
Жақшы керуклуг бір киз ерді
Ануң башінда аташлуғ жаруклуғ бір меңі бар ерді.
Алтун Казук даг ерді.
Ошул қиз андағ көрулуг ерді:
Кім кулса көк тәңрі кула турур,
Жығласа — көк тәңрі жығлайа турур.
Оғыз қаған аны көрдукта өзі қалмады,
Кетті, сеуді, алды...
Мазмұны:
Күндерде бір күн
Оғыз қаған Көк тәңіріге жата жалбарынады.
(Сол сәтте) қараңғылық түсті.
Аспаннан бір көк нұр түсті.
Күннен де, шұғылалы айдан да сәулелі екен.
Оғыз қаған (оған) жақын барып көрді:
Сол жарық сәуленің ішінде
Бір қыз отыр (екен).
Ғажайып сұлу қыз екен.
Жүзінде оттай алаулаған,
Бейне бір Алтын (Темір) қазық шоқ жұлдызындай
Жаркырап тұрған меңі бар екен.
Ол қыздың сұлулығы сондай.
Егер ол кулсе —көк аспан қарқылдап күледі.
Егер ол жыласа — кек аспан күңрене жылайды
Оғыз қаған оны керді де, есінен танды.
(Ақыры) барды, сүйді, үйленді.
Арада талай күн, талай түн өткен соң сол әйелден үш ұл бала туылады:
Бірінчісіга — Күн ат қойділар,
Ікінчісіга — Ай ат қойділар,
Учунчусіга — Жұлдыз ат қойділар.
Мазмұны:
Біріншісіне — Күн деп ат қойды,
Екшшісіне — Ай деп ат койды,
Үшіншісіне — Жұлдыз деп ат койды.
Бұдан сон, Оғыз қағанның ан, аулап жүріп тағы бір теңдесі жоқ сұлуды көргені, қызға ғашық болып, оған да үйленгені, одан үш ұл бала туылғаны, есімдерія “Қек” (Аспан) “Тау” және “Теңіз” деп қойғаны тартымды етіп баяндалады.
Міне, содан кейін ғана жырдың негізгі оқиғалары басталады. Оғыз каған үлкен той жасап, сонда өз халқына үндеу тастайды: “Дүниенің төрт бұрышы түгел маған бағынуы тиіс. Бізге өз еркімен бағынғандар — салык төлесін. Бағынбағандар— жауымыз болады.
105
Оларға қарсы қисапсыз көп әскер жіберіп, құртамыз. Біздің ұранымыз, жолбасшымыз — көк қасқыр болсын!” дейді қаған.
Алтын каған басқаратын ел Оғыз қағанға елші жіберіп, көптеген алтын мен күміс, қисапсыз қазына әкеліп беріпті. Ал, енді Үрім қаған басқаратын ел Оғыз қағанның жарлығына құлақ аспапты. Оғыз қаған дереу Үрүмге қарсы соғысқа аттанады. Жолда әскер шаршап, тынығады. Таңсәріде Оғыз батыр жатқан шатырға бір жарық сәуле түседі:
Сол жарық сәуледен көк шашты,
Көк жалды арлан қасқыр шыға келді де,
Оғыз қағанға тіл қатты:
“0, Оғыз! Сен Үрүмге аттанып барасың,
О, Оғыз! Мен сені бастап жүрейін” деді.
...Бірнеше күннен соң
Көк жалды арлан бөрі
Тоқтады.
Оғыз қаған да әскерімен тоқтады.
Мұнда Итиль деген өзен болатын.
Сол Итильдің жағасында,
Соғыс басталды.
Қаратау маңайында
(Екі) әскер арасында
Көп шайқас болды.
Көптің көңілі —
Қайғы-қасіретке толды.
Шайқастың аяусыз болғаны сондай:
Итиль өзенінің суы қып-қызыл қан болды.
Оғыз қаған басты (жеңді)
Үрүм қаған қашты.
Бұдан кейін жырда Оғыз батырмен соғыспақ болған Урус бек (Орыс бек) туралы, оның баласы Саклаб қаланы өз еркімен бергені жайында, Еділ өзенінен Оғыз батырдын. әскерін сал жасап өткізген Қыпшақ бектің тапқырлығы хақында, Қағарлұқ пен Қалач бектер жөнінде айтылады.
Джурджит қағанмен болған соғыста Оғыз батырдың жеңіп шыққаны, онын, үнді еліне, Тибет пен Сирияға жорықтары Масар қағанды бағындырғаны мейлінше тартымды сюжет негізінде суреттеледі.
Оғыз батырдың жанында жүрген Ұлы Түрік деген бір данышпан адам бар екен. Сол қария түсінде бір алтын садақ пен үш күміс жебе көріпті. Алтын садақ күннің шығыс жағынан батысына қарай, ал үш күміс жебе түн тарапқа (яғни солтүстікке) қарай жатыр екен. Ол
106
өз түсін Оғыз қағанға айтып, “жаулап алған жерлеріңді ұлдарыңа бөліп бер” дейді. Оғыз қаған бұл кеңесті мақұл көріп, алты ұлын шақыртып алып әмір ете сөйлейді:
“Көңілім менің аң аулауды көксейді,
Қарттықтан бірақ ерлігім оған жетпейді,
Сендер — Күн, Ай және Жұлдыздар,
Таңсәрі жаққа, шапаққа жақын барыңдар.
Ал, сендер — Көк, Тау және Теңіздер
Түпек жаққа бағыт алыңдар”
Үшеуі күн шығысқа қарай кетті,
Үшеуі түн тарапқа бет түзеді.
Күн, Ай және Жұлдыз көп киік, кеп құс аулап,
Жолда келе жатып алтын садақ тауып алыпты,
Алыпты да әкесіне әкеліп беріпті.
Оғыз қаған масайрап күліпті де,
Жайды (садақты) үшке қақ бөліпті де айтыпты:
“Ей, ағалары, мына садақ сендердікі болсын,
Садақ секілді (сендер де) жебелеріңді әманда
Көкке жеткізе ататын болыңдар”.
Көк, Тау және Теңіз,
Көк киік, көп құс аулап келе жатып,
Жолда үш күміс жебе тауып алыпты,
Алыпты да әкесіне әкеліп беріпті.
Оғыз қаған масайрап, күліпті де,
Үшеуіне үш жебені үлестіріп беріпті,
Беріпті де айтыпты:
“Е, інілері, мына жебелер сендердікі болсын.
Бұл жебелерді атқан садақ (екенін ұмытпаңдар),
Сендер осы үш жебе секілді болыңдар”.
Сосын Оғыз қаған бүкіл ел-жұртты жинап, үлкен кеңес құрып, той жасапты, өз иелігіндегі жердің бәрін балаларына беліп беріпті. Сонда Оғыз қаған айтыпты:
“Ей, ұлдарым менің,
Мен басымнан көп нәрсе өткіздім,
Талай-талай шайқасты көрдім.
Садақ тартып, көп оқ аттым,
Дұшпандарымды жылаттым,
Достарымды кұлдірдім.
Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім.
Ел-жұртыңды сендерге табыс етем”.
Сәйтіп, “Оғыз-наменің” негізгі идеясы — бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шакыру болып табылады.
“Оғыз-намедегі” “Оғыз-наме” адызында діни-
діни- мифолологиялық мифолологиялық элементтер едәуір
көріністер. орын алған. Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдар өзін қоршаған табиғаттың дүлей күші жайында сан қилы аңыздар шығар-
107
ғаны мәлім. Сол рулық-тайпалық қоғамда адамдар тобының шығу тегін белгілі бір табиғат құбылыстарына немесе кейбір жануарларға тікелей байланысты деп қараған. Мәселен, алғашқы түрік қағандарының бірі “Ашин өзінін, арғы ата-бабасы қасқыр тұқымынан тараған деп білген”1.
Оғыз батырдың жер қайысқан қалың қолын жоғарыда айтылғандай көкжал бәрі (қытайша “були”, а түрікше “бері” деп аталады) бастап жүреді.
Ұйықтап жатқан батырдың шатырына көктен нүр-сәуле түседі. Сол сәуле ішінен бір көкжал қасқыр шыға келеді. Қасқырға табанда тіл бітіп, Оғыз қағанға айтыпты:
О, Оғыз! Мен сені бастап барайын.
О, Оғыз! Сен Үрүмге аттанып барасың.
Талай-талай қанды шайқастардан кейін бір күні көкжал қасқыр тағы да Оғыз батырдың көзіне түседі.
Сол көкжал бөрі Оғыз қағанға айтыпты:
“Енді, сен Оғыз қаған, әскеріңмен аттан.
Халқық мен бектеріңді ертіп,
Осында алып кел.
Мен саған жол көрсетемін.
Ислам діні тарағанға дейін Көк Тәңіріне, Жер-су Тәңіріне және Ұмай анаға сыйынатын ежелгі түріктер адамның жаралуын да аспан денелерімен байланыстырып қарағаны ертегі-аңыздардан жақсы мәлім. Мұндай көріністерді, әсіресе, қазақтың қиял-ғажайып ертегі-лерінен жиі ұшыратуға болады.
“Оғыз-намеде” де осындай элементтер бар:
Аспаннан бір көк нұр түсті.
Күннен де шұғылалы, айдан да сәулелі екен.
Оғыз қаған (оған) жақын барып Көрді:
Сол жарық сәуленің ішінде
Бір қыз отыр (екен).
Жүзінде оттай алаулаған,
Бейне бір Алтын (Темір) қазық шоқ жұлдызындай
Жарқырап тұрған нұрлы меңі бар екен.
Әрине, “Оғыз-наменің” оқиға желісі бастан-аяқ ертегі-аңыздар емес. Әйтсе де “Оғыз-намені” ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деуге болады. Мұндағы мәліметтерді әдетте ғалымдар мынадай топтарға
1 Л. Н. Гумилов. Древние тюрки. М, 1967, с. 82.
108
бөліп қарастырады: 1. Оғыз-түрікмен эпосына негізделген деректер. Бұған Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар туралы аңыздар енеді. 2 Тарихи тұрғыдан реалдық негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен мәліметтер. Бұл негізінен оғыз тайпа-ларының түрлі тарихи кезеңдерде қоныс іздеп, көшіп-қонуы жайындағы, оғыз елінің ішкі қоғамдық-әлеуметтік өмірі туралы деректер. 3. Оғыз елінің көрші тайпалармен және тайпалық бірлестіктермен қарым-қатынасы жайындағы аңыздар.
“Оғыз-наме” аса маңызды тарихи шығарма ғана емес. Сонымен бірге, ол ғажайып әдеби ескерткіш болып табылады. Мұнда түркі халықтарының көптеген аңыз-әңгімелері, өлең-жырлары, қанатты сөздері, мақал-мәтелдері өзінің көркемдік көрінісін тапқан деуге болады.
Бұл ежелгі дәуірдің әдеби мұрасынан алғашқы қауымдық құрылыс пен әуелгі орта ғасырда орын алған тарихи оқиғалардың ізін айқын аңғаруға болады. Мұнда тіпті жеке адамдардың есімдері, нақтылы жер-су аттары, түрлі ру-тайпалар атаулары, т. б. бар.
“Оғыз-намедегі” жеке адам есімдері, этникалық және географиялық атаулар туралы көптеген ғылыми еңбектер жазылған. Мәселен, атақты тарихшы-ғалым Н. Я. Бичурин нақты деректер келтіре отырып, Оғыз — есімі тарихтан жақсы мәлім Туманның үлкен ұлы Мөде деп біледі. Ал, Меде белгілі адам. Ол билік үшін өз әкесін, өгей шешесін, інісін өлтіреді. Мөде біздің заманымызда бұрынғы 209 жылы ғүндардық билеушісі — шаньюн атағын алады. Ғүндар кезінде оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін мекендегені мәлім. Мөде тұсында ғұндар құдіретті державаға айналады. Көп жерлерді жаулап алады. Хань империясы ғұндарға жыл сайын салық телеп тұратын болады. Біздің заманымыздың бұрынғы 174 жылы Мөде қайтыс болады.
Сөйтіп, Оғыз қаған — ғұндардың әміршісі Меденің әдеби бейнесі деген болжам бар.
Ал, енді шығысты зерттеуші белгілі неміс ғалымы Иозеф Маркварт Оғыз туралы мүлдем басқаша пікір айтады. Ол Оғыз бейнесінен Шыңғысханның тұлғасын көреді. “Мұнда Шыңғысханды (яғни Оғыз қағанды) түркі халықтарьшың жауы емес, қайта досы етіп, әдейі бұрмалап көрсеткен” деп жазады.
Белгілі орыс ғалымы Г. Н. Потанин: Оғыз қаған белгілі бір тарихи бейне емес, эпостық қаһарман деген пікір
109
айтады. Сондай-ақ Оғыз кағанды Александр Македонский немесе қазақтың алғашқы хандарының бірі Жәнібек деп болжам жасаған ғалымдар да бар.
Оғыз қағанды белгілі бір тарихи адам бейнесіне телу, яғни оның тарихтағы нақты прототипін іздеп табу мүмкін емес. Әрине, Оғыздың әдеби бейнесі арқылы белглі бір тарихи адамдардың реалдық іс-әрекеті көрінген болуы ықтимал. Өйткені “Оғыз-наме” белгілі бір тарихи оқиғалардың желісі, сүрлеуі, ізі бойынша жазылғаны анық.
Оғыз қағанның анасы — Ай қаған бейнесін ғалымдар көбінесе дерлік от басының қамқоршысы Ұмай-анабей-несімен байланысты түрде алып қарастырады.
Ал, “Оғыз-намедегі” Қыпшақ бек, Қағарлық бек, Қаңлы — түркілердің белгілі ру-тайпаларының жинақталған бейнелері болуы да мүмкін.
Орыс бек — Киев княздарының бірі болса керек деген болжам бар. Ежелгі орыс жылнамаларының бірінде Киев Русінің печенектерге қарсы күресі туралы айта келіп, Орыс бектің есімін шежіреші ауызға алады.
“Оғыз-намеде” кездесетін нақтылы географиялық атаулар да аз емес. Мәселен, Шағам — Шам (Дамаск), Сінду — Индия, Итилмуран — Еділ өзені, Тераң муран — Терең өзен. Терең езен — Днепр өзені деген болжам айтылып жүр.
Сөйтіп, “Оғыз-наме”— түркі тектес халықтардын ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма болып табылады. Әйтсе де шығарманың негізгі сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар тарихы емес. “Оғыз-наме”—түркі халықтары тарихының белгілі бір дәуірін бейнелейтін туындылар қатарына да жатпайды. Соның өзінде Оғыз батыр туралы аңыздан түркі халықтарының сан ғасырлық кене тарихының ізін аңғаруға болады.
Шығарманың тілі “Оғыз-наме”— Орта Азия түріктерінің
Көркемдеу тілінде жазылған ескерткіштер тобы-
әдістері. на жатады. Дегенмен мұнда оғыз-қып-
шақ диалектілері басымырақ екенін аңғару қиын емес. Оғыз тілі кезінде кең тараған түркі тілдерінің бірі болғаны мәлім. Қазір оғыз тілі өлі тілдер тобына қосылады. Кезінде бұл тіл қыпшақ тіліне едәуір ықпал жасаған болатын. М. Қашғари өзінің атақты сөздігінде оғыз және қыпшақ тілдерінің бір-біріне ықпалы туралы айта келіп, “Ж” дыбысы басым оғыз
110
және қыпшақ говорларының өзара жақындығын ерекше атап көрсетеді.
Сейтіп, “Оғыз-наменің” ұйғыр әрпімен көшірілген Аусқасы да атақты шежіреші Әбілғазы жазып, кейінірек араб әрпімен көшірілген нұсқасы да кезінде түркі тілдес тайпалардың бәріне де түсінікті болған орта азиялық түркі тілінде жазылғаны мәлім. Бұл шығарманың екі нұсқасының тілі де өзінің грамматикалық құрылысы және сөздік құрамы жағынан мейлінше қарапайым бо-лып келеді. Мұнда араб және парсы тілдерінен ауысқан кірме сөздер мейлінше аз. Сөйлемнің синтаксистік құрылысы ауызекі сөйлеу нормасына жақын.
I. Н. Кононов “Оғыз-наме” тілін шағатай тілінің кейінірек қалыптасқан бір түрі деп бағалайды. Сондай-ақ ол бұл шығармада араб-парсы лексикалық элементтерінің онша көп еместігін ерекше атап көрсетеді.
Оғыз немесе Оғуз қаған туралы эпосты Құлмат Өмірэлиев қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан жан-жақты зерттеген1.
Біріншіден, күні бүгінге дейін советтік түркологияда “Оғыз-наме” деп аталып келген әдеби мұраны зерттеуші “Оғуз қаған” эпосы деп өзгертіп алған. Шынында да “наме” сөзі парсы тілінде “хат”, “өтініш”, “дастан”, “трактат”, “кітап” деген мағына беретіні мәлім. Сол себепті “наме” сөзі көбінесе жазба түрінде өмірге кел-ген, авторы белгілі шығармалардың тақырыбына қосылып, оған анықтамалық мағына береді. Мәселен, “Шаһ-наме”—“Шаһ туралы кітап”, “Мұхаббат-наме”—“Махаббат дастаны”, “Бабур-наме”—“Бабыр кітабы” т.б. Ал енді “Оғыз-наме” эпосы әуелде ауызша жасалып, кейінірек барып қана жазуға түсірілген шығарма екені мәлім. Бұл көне заман мұрасын шетелдік түрколог — ғалымдар “Оғыз қаған туралы аңыз” деп атайды. Тегінде осы атау Оғыз қаған жайындағы эпостың табиғатына жақын тұрған сияқты. Ғалым эпостың басты қаһармандарының атын көне түркі тілінің нормасына сәйкес — “Оғуз қаған” деп алған. Бұл сез қазір орыс тілінде—“огуз”, араб және парсы тілдерінде—“ғузз”, қазақша—“оғыз”, азербайжан тілінде—“оғуз” деп жазылып жүр. Көне түркі тілінде “оғуз” сезі — уыз, уыздас,
1 Кұлмат Өмірәлиев. “Оғуз қаған” эпосының тілі. “Ғылым” баспасы, 1988 жыл.
111
сүттес, емшектес, яғни бір емшектен сүт емген деген мағына берген. Ежелгі ғұндардың кейінгі ұрпақтар бертін келе “оғуз” деген жиынтық атпен де мәлім ған.
Екіншіден, жоғарыда айтылғандай зерттеуші “Оғыз қағанды” — жазба ескерткіш деп емес, әуелде ауызша туған, әйтседе көне дәуір тарихының кемескі ізі сақт ған фольклорлық мұра деп қарастырады. Автор эпостың сюжетіне, идеясына, көріктеу құралдарына белгілерді негізінен фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері тұрғысынан сөз етеді. Әрі бұл әдеби мұр бізге жазба ескерткіш күйінде жеткенін мықтап ескеріп отырған.
“Оғыз-наме” эпосы өзінің формасы мен мазмұны жағынан ертегіге де, батырлар жырына да жатпайды.Мұның өзі тарихи негізі бар фольклорлық шығарма дегеніміз жөн сияқты.
Бұдан жеті жүз жылдай бұрын қағазға түсірілген ежелгі эпостың көне ұйғыр әрпімен жазылған жалғыз нұсқасының жалпы көлемі 21 парақ, яғни 42 беттен тұрады. Қолжазбаның әрбір бетінде 9 жол жазу бар.
Қ. Өмірәлиев өз зерттеуінде Оғыз батыр жайындағы эпосты ежелгі қолжазбаның осы “тоғыз жолдық” бір-тұтас шартты жөргегінен шығарып, оны эпостың сюжеті мен композициясына сәйкес келетіндей етіп он жеті желіге бөліп берген. Сонымен бірге, ол әрбір сюжеттік желіге шартты түрде тақырып қойып отырған. Мұның өзі эпосты неғұрлым тереңірек танып-білуге мүмкіндік туғызады.
Әрбір желіге берілген бұл шартты тақырыптар эпостың табиғатына сәйкес келетіндей етіп, шығарманың өз текстінен алыныпты. Бұл желілердің тақырыптарына қарап-ақ эпостағы оқиғаның басталуын, әрбуін, шиеленісуін, кульминациясың түйінін аңғаруға болады. Мәселен, осындай бірнеше тақырыпты оқып көрелік: “Оғуз қағанның тууы мен балалық шағы баяны”, “Оғуз қағанның жігіт болуы және ерлік көрсету үшін аттану баяны”, “Оғуз қағанның үйлену баяны”, “Ай, Күн, Иулдыз, Тағ, Көк, Теңіз деген балаларының тууы баяны”, “Оғуздың қаған болуы және үлкен той жасауы, төрт тараптағы елдерге елшілер жіберуінің баяны”, “Оғуз қағанның Урум қағанымен соғысы баяны”, “Урум қағанды жеңуі және елін қарату баяны”, “Оғуз қағанның Етіл суынан өтуі. Етіл суынан өту амалын тапқан
112
Орду бекке Оғуз қағанның “Қыпшақ” деп ат беруі баяны”, “Оғуз қағанның Көк бөрі бастап Сынду, Таңғұт, Шағам жұрттарына аттануы және сол жұрттарды жеңуі баяны”, т. б.
Әрине, өте көне заманда ауызша туып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған “Оғыз-наме” эпосына әрбір дәуір (соның ішінде, эпосты жазуға түсірген XIII ғасыр да) өзіндік тілдік нормасы бойынша өз редакциясын жүргізіп отырған. Соның өзінде, Оғыз қаған туралы эпостың негізгі өзекті жүйесі бізге өзгеріссіз жеткен деуге болады.
“Оғыз-наме” эпосының тағы бір құнды жағын ерекше атап өерсеткен жөн сияқты. Мәселен, “Оғыз-намеде” айтылатын аңыз-шежірелер Рашид ад-Дин (1247— 1318 ж.), “Қадырғали Жалаири (1530—1605 ж.), Әбілғазы Баһадурхан (1603—1663 ж.) сияқты белгілі тарихшылардың шежіре — кітаптарында да кездеседі. Біздің ойымызша, “Оғыз-наме” эпосы мен осы тарихи шежірелерді бір-бірімен салыстыра отырып, текстологиялық талдау жасау қажет. Сол арқылы көркемдік шындық пен тарихи шындықтың арақатынасын айқыңдай түскен жөн.
Бір қызығы — Оғыз батырдың тууына, өсуіне, ерлік көрсетуіне, т. б. байланысты болып келетін көркемдік сипаттаулар қазақтың батырлық жырларында да жиі ұшырайды. Бұл туралы ғылыми әдебиетте кең көлемде жазылған.1
“Оғыз-наме” эпосы өзінің сюжетті баяндау тәсілі жағынан қазақтың батырлық эпосы мен қиял-ғажайып ертегілеріне ұқсас болып келетін тұстары да бар. Мәселен, Ер Төстік жер астына түскенде оған жәрдем беріп, қолдап-қуаттап жүретін Желаяқ, Таукөтерер, Саққұлақ сияқты “жол серіктері” болады.
Мұндай “жол серік” біз әңгіме етіп отырған “Оғыз-наме” эпосында көкжал бөрі яғни арлан қасқыр бейнесінде көрінеді. Көкжал бері қиын-қыстау сәттерде Оғыз қағанның әскерін бастап, оған көмектесіп жүреді. Сонымен бірге, тарихи негізі бар “Оғыз қаған” эпосының батырлық ертегілер мен батырлық эпостарға ұқсамайтын белгілері де кеп.
Шығармада Оғыз батырдың өзінен бастап, оның ұрпақтары
1. Оғыз-наме. Мұхаббат-наме (Аударғандар Ә. Дербісәлин, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев).“Ғылым” баспасы, 1986, 34 бет.
113
мен айналасындағы адамдардың толық қанды көркем образы жасалған. Автор эпитет, теңеу, метафора, гипербола сияқты көріктеу әдістерін зор шеберліпен қолданады. Әсіресе, шығармада аллегориялық тәсіл, яғни пернелеп айту басым болып келеді.
“Оғыз-наме” авторы сөйлемдегі сөз тіркестерін әдеттегі синтаксистік қалыптан өзгешелеу ораммен, айшықтап, ажарлап құрады. Соның нәтижесінде, прозанық өзінде поэзияға тән ішкі ұйқас, ырғақ бар. Мұнын, өзі “Оғыз-намені” белгілі бір екпінмен, мақамға салып окуды талап етеді.
Автор қыздың сұлулығын суреттегенде эпостық шығармаларға тән көріктеу кұралдарын нағыз сөз зергерлеріне тән шеберлікпен қолданады:
Көзі оның аспаннан да мөлдір көк,
Шаштары оның толқынындай өзеннің,
Тістері оның бейне маржан секілді.
Бұл қыздың сұлулығы сондай, оны көргенде аппақ “сүттің өзі табанда қымызға айналып кетеді” екен.
Ал, Оғыз батырдың аяғын тепсе темір үзетін өгіздің аяғына, белін қасқырдың беліне, иықтарын бұлғынның жауырынына, көкірегін аюдың тесіне теңейді. Мұндай мысалдарды шығармадан көптеп көруге болар еді.
Сондай-ақ “Оғыз-наме” авторы тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді қолдануға шебер. Қөркемдеу әдістері жағынан “Оғыз-наме” батырлар жырына үқсас болып келеді. Мүнда қан майдан соғыс картинасы жасалған. Батырдың мінетін атына, ұстайтын қару-жарағына байланысты айтылатын теңеулер қазақ эпостарын еріксіз еске түсіреді.
Қорыта айтқанда, “Оғыз-наме”— генеалогиялық аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлұмат беретін, көркемдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
(870—950 жылдар)
Әбу Насыр әл-Фараби —дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы (арабша: “Муаллими соний”) атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Ол Арыс езенінің Сырдарияға қүя беріс сағасындағы
114
ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар — бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларың өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша, ұлы ұстаз Әл-Фараби атанып кеткен.
Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани — деп жазылатын болған. Мұндағы “тархаң” „сөзі. екі нәрсені аңғартады: бірінші' ден"әл~-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді. Екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша “тархан” деп аталатын болған.
Ежелден-ақ Отырар қаласын мекен еткен түркі тек-тес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енгені көне тарихтан жақсы мәлім. Алайда “Әл-Фарабиді қазақ етіп керсетуге тырысу да жасанды әрекет болады. Ол заманда ұлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді. Сол сияқты оны өзбек деп кесіп айту да әділеттік бола қояр ма екен. Фактілер негізіне сүйене отырып, Әл-Фараби кейін қазақ халкының құрамына қосылған түркі тайпасынан шыққан және ол советтік шығыс халықтарының мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер болды дей аламыз”1.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше күштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда кыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир, т. б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергерлерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ғылы-
1 Кітапта: Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикадық трактаттар. Алматы, 1975, XXVII бет.
115
ми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.
Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы, т. б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қол-жазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалыми
Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал совет ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгін-гі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма деуге болады1. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.
Әрине, Әбу Насыр әл-Фараби ең алдымен кезінде “Шығыстын, Аристотелі” атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстын, ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор роль аткарды.
Фарабидің “Ақылдың мәні туралы трактат”, “Данышпандық-тың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, “Риторика”, “Софистика” т. б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Бақыт жолын сілтеу”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”, “Бақытқа жету жайында” деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойы-
1 А. Ирисов. Форобий адиб. Тошкент, 1975, 10-бет.
116
оның жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш — ақыл-парасат деп біледі.
Әл-Фараби өзінің “Қайырымды” қала тұрғындарының көзкарастары” атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы “қала” деп отырғаны — мемлекет.)Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т. б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби ез дәуірінің перзенті еді. Сондықтан ол халық бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім — әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды.
Сонымен, Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін-еркін, азат өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бірі құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Утопист ре-тінде ол феодализм жағдайында қайырымды мемлекет, барша халықтың бақыты туралы армандады. Ал, енді Фараби ұлы гуманист ретінде феодалдық соғыстарға, ел-жүртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төғістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген правосын қорғауға әрекет жасады.
Әл-Фарабидің философия, логика, тіл білімі, музыка т. б. ғылым салалары бойынша жазылған еңбектерін оқып білудің өзі ұлы ғалымның әдебиет теориясы мәселесіне арналған трактаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.'
Достарыңызбен бөлісу: |