ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміндегі Қазақстанның тарихи
обьектілері Ұлттық брендтің құрамдас бөлігі ретінде
Әр халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихи нысандарын, мәдени жауһарларын әлемдік мұра қатарына қосып, сақтау және қорғау жұмыстарын ЮНЕСКО халықаралық ұйымы атқарып келеді. Ұйымның тарихына қысқаша тоқталсақ:

1939 жылғы 1 қыркүйекте басталған Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы 2 қыркүйекте ресми аяқталды. Алты жылға созылған жаһандық соғыс кезінде адамзат өркениетінің сан мыңдаған материалдық және материалдық емес мұралары жойылды, ұрланып, талан-таражға түсті. Көптеген елдерде кітапханалар, мұражайлар соғыс өртіне шарпылды. Әлемді сауатсыздық, жайлады. Сондықтан да мәдениетті қалпына келтіру, жас ұрпаққа тым болмағанда бастауыш білім беру, мәдени мұраларды тізімдеп, сақтау жолында әлем елдеріне бірлесе жұмыс істеудің қажеттілігі туындады. Осылардың барлығын үйлестіретін ауқымды ұйым қажет болды.
ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) – Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы осылайша, 1945 жылы 16 қараша күні құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. Сондықтан да Париж қаласы – әлемнің мәдени астанасы деп аталады. ЮНЕСКО құрамында әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер бар.
Ұйымның мақсаты –мемлекеттер мен халықтар арасында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы өзара ынтымақтастықты нығайту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған нәсіліне, жынысына, тіліне, ұстанымы мен дініне қарамастан, әділеттілік пен заңға бағынушылықты қамтамасыз ету, жалпыға бірдей құқықтар мен адамның негізгі құқықтарын құрметтеуге ықпалдастық жасау болып табылады.

Қазіргі күні ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше. 2 мемлекет бақылаушы және сыртқы саясатта жауапкершілік жүктемейтін 10 серіктес мүше-аумақтар бар. Парижде 182 мүше мемлекеттің тұрақты өкілі отырады.
Ұйым өзінің іс-қызметін, жалпы алғанда, мынадай мәселелерге сәйкес үйлестіреді: білім беру мен сауатсыздық ауқымындағы теңсіздік, ұлттық мәдениеттерді зерттеу және ұлттық кадрлар дайындау, әлеуметтік ғылымдар, геология, мұхиттану және биосфера мәселелері, Африкадағы кедейлікті жою және гендерлік теңдік.
Қазақстан ЮНЕСКО ұйымына 1992 жылдың 22 мамырында мүше болып қабылданды. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы мәдени мұраларды сақтау, насихаттау, жалпыадамзаттық мәселелер бойынша ЮНЕСКО ауқымында көптеген жұмыстарды бірлесе атқарды. ЮНЕСКО-ның мәдени және табиғи талаптары бойынша заттық және бейзаттық Әлемдік мұралар тізімі бар. Біздің елімізде Әлемдік мұралар тізіміне отандық нысандарды енгізу, үміткерлікке қатысу жұмыстары үнемі жүргізіліп келе жатыр.