Нахимов негізгі мектебінің
2016– 2017 оқу жылындағы
гуманитарлық пәндер бағытынағы
әдістеме бірлестігінің бірінші жарты жылдық
бойынша қорытынды есебі
Тіл-халық жаны, сәні. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өзіміз. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасында тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан біз ана тілін білмей ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Адам баласы білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу үрдісінде үйренеміз.
Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы елдің елдігі, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, өнеркәсібін, салт-санасын, мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін құралы. Тіл көмегімен өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен-кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа, әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам- халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз, сондықтан «Өнер алды қызыл тіл» дегендей, адам баласының байлығында тілден артық не бар. «Қазақ ең алдымен, өз тарихын білуі қажет». Сондықтан әр сабақ әрбір тәрбие жұмысы бүгінгі талап деңгейіне байланысты құрылуы тиіс. Демек, қазақ халқының әдет - ғұрпын, мәдениетін танып білуге талпындырып, өз ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеп, өзге тілді оқушыларды қазақ тілінде сөйлетіп жаза алатындай дәрежеге жеткізу басты мақсатымыз болуы тиіс. Тіл – халықтың тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Тілге деген құрмет - халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болуы үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуге міндеттіміз. Әлемдегі ең бай да сұлу, әуезді де салтанатты тіліміздің қасиетін менсінбейтін мәңгүрттік кеселге шалдықты. "Тілімізді кристалдай таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз" деген Шоқан Уәлихановтың сөзі дәл бүгінгі ұрпаққа айтылғандай. От ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз, ел тағдыры сынға түскенде, абыздай күңіреніп айтқан тапқыр ойлары, мірдің оғындай өткір сөздері әлі күнге ұрпақ есінде.
Мектептің жұмыс жасайтын мәселесі: «Білім беру үрдісінде қатысушылардың табысқа жетуіне және функциональды сауаттылықты қалыптастырудың негізгі тәсілі ретінде,білім берудегі жаңа әдіс- тәсілдерді меңгеру»
Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің мәселесі: «Білім беруді жетілдіру жағдайында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің мақсаты: «Гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру және оқушылардың пәндер бойынша функциональды сауаттылықтарын жетілдіру»
Міндеттері:
Оқушылардың функциональды сауаттылығын жетілдіру,
Маниторинг жүргізу арқылы жеке қабілеттерін ашу;
Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін ашуға жағдай туғызу;
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты тереңдету;
Жаңа технологияларды кеңінен қолдану,
Оқу-әдістемелік кешендерді жаңартып отыру;
Оқу-тәрбие процесінде шығармашылық жұмыстарды кеңінен қолдану;
Ата-ана ,мектеп, қоғам, психолог арасындағы байланысты жетілдіру;
Мектепішілік, қалалық деңгейдегі пәндік олимпиада, интеллектуалды ойындарға катысу;
2016 – 2017 оқу жылындағы Нахимов негізігі мектебіндегі гуманитарлық әдістем бірлестігіндегі оқытушылар жайлы жалпы мәлімет:
№
|
Оқытушының
аты –жөні:
|
Туған
жылы
|
Диплом бойынша білімі
|
Пән
бойынша
мамандығы
|
Еңбек
өтілімі
|
Аттестацияда өткен жылы,
Санаты
|
1.
|
Г.Қ.Каирбекова
|
01.10
1956
|
Жоғары,ҚазГПИ.
1978
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Директор, Орыс тілі мен әдебиеті
|
18 ж
42 ж
|
Жоғары
2009
|
2.
|
Б.Б.Сұлтан
|
26.11.
1995
|
Орыс тілі мен әдебиеті
|
Орыс тілі мен
Әдебиеті
|
-
|
-
|
3.
|
Л.Ж.Асылбекова
|
15.09.
1977
|
Жоғары,АрПИ 1998
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
16 ж
|
Екінші
2008
|
4.
|
А.Ж.Амерханова
|
21.05.
1979
|
Шет тілі
|
Ағылшын тілі
|
5 ж
|
-
|
5.
|
А.Мырзахметова
|
15.06
1994
|
Жоғары,АрГПИ 2016
Тарих
|
Тарих
|
-
|
-
|
6.
|
Г.Х.Конурова
|
09.11.
1969
|
Жоғары,АрПИ 2007
ПМНО
|
Өзін –өзі тану
|
27 ж
|
Бірінші
2013
| Әдістеме бірлестігінде барлығы бес отырыс жоспарланды. Оның ішінде екеуі бірінші жарты жылдықта, қалған үшеуі екінші жарты жылдықта жоспарланған. Бірінші отырыста 2015 – 2016 оқу жылындағы әдістеме бірлестігінің жұмысымен әдістеме бірлестігінің жетекшісі Л.Ж.Асылбекова отырғандарды таныстырды. Былтырғы жылғы әдістеме бірлестігінің жұмысы «қанағаттанарлық» деп саналды. 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қаралды. Мұғалімдердің ашық сабақ кестесі және күнтізбелік , факультатив жоспарларын,оқулық авторларын қарап, бекітті. Тілдер апталығының жұмыс жоспары мен қорытындысы талқыланды.
Тіл апталығында оқытушылар мен оқушылар белсене атсалысты.Тілдер аптаталығында атқарған жұмыстар төмендегідей:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деп ылғи да айтып келе жатыр. “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” екенін терең ұғынған президентіміз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қазақ тілінде сөйлеу үшін барлық жағдайды жасауда. Абайдың «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп, туған тілінің құдіретіне тәңірдей табынуы тегін емес шығар. Ұлылар дәріптеген ұлт тілі – ана тіліміздің мәртебесін бүгінгі күнде қандай, болашақта қандай болмақ деген ой әр қазақтың көкірегін сыздататыны бүгінде жасырын емес. Қасиетті ана тілімізді жетім балаша босағада жәутеңдетпей, төбемізге көтеріп, төрімізге шығару үлкен-кішімізге ортақ парыз деп білеміз. Осыған орай көптеген іс – шаралар Нахимов негізгі мектебінде өткізілді. 2016-2017 оқу жылының 7-қыркүйегінен 22-қыркүйегіне дейін тілдер күніне орай іс-шаралар жоспары:
№
|
Іс- шараның атауы
|
Сынып
тар
|
Орындау
Мерзімі
|
Жауапты
|
1
|
Тіл күніне арналған салтанатты жиын «Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақ кепілі»
|
1-9
|
07.09.2016
|
Тәрбие ісінің меңгерушісі
|
2
|
Кітап көрмесі «Қазақ тілі тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
|
8 - 9
|
08.09.2016
|
Кітапханашы
Р.Д. Сатанова
|
3
|
«Бала тілі бал» -мәнерлеп оқу
|
5-6
|
13.09.2016
|
Л.Ж..Асылбекова
|
4
|
«Тіл - әр халықтың байлығы» сынып сағаты
|
1-9
|
19.09.2016
|
Сынып жетекшілер
|
5
|
Достық әні және билер сайысы.
|
1-5
|
10.09.2016
|
А.Т. Ажибаева
|
6
|
«Әлем ұлттар ойыны» -спорттық жарыс
|
5-7
|
16.09.2016
|
Н.К. Каирбеков
|
7
|
«Бір шаңырақ астында» - ертеңгілік
|
1-5
|
17.09.2016
|
А.Т. Ажибаева
|
8
|
«Тіл -халық мұрасы» - дөнгелек үстел
|
7-9
|
14.09.2016
|
А.М. Мырзахметова
|
9
|
«Мәңгілік Еліміздің - Мәңгілік тілі» -шығарма жазу
|
7-9
|
19.09.2016
|
Л.Ж. Асылбекова
Б. Б. Сұлтан
|
10
|
Викторина «Happy English»
|
7-9
|
15.09.2016
|
А.Ж. Амерханова
|
11
|
Фестиваль дружбы народов «Керегесі кең байтақ елім!»
|
6-9
|
20.09.2016
|
Л.Ж. Асылбекова
Б. Б. Сұлтан
|
Атап айтқанда:7 қыркүйекте Тіл күніне арналған салтанатты жиын «Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақ кепілі» атты онкүндіктің ашылуы өтті. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Х.Конурова өткізген болатын. Барлық оқушылармен әңгіме, пікір алмасу, тіл жайында пікірлері тыңдалып, талқыланды. Оқышылар тіл жайында ақын - жазушылардың шығарған шағын өлең шумақтарын оқыды және «Қазақ тілі тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Р.Д.Сатанова өткізді. Көрменің ұйымдастырудағы басты мақсаты: жас оқырмандардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, тіл-біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу.
Тіл туралы жазылған өлеңдермен және мақалалармен таныстырды. Келешекте кітапхана есігі жас оқырмандарға әр қашан ашық екендігін айтты. Сонымен қатар өздерінің шығармашылықтарын газет- журнал бетіне жариялауға болатындығында оқушыларға түсіндіріп кетті. 5-6 сыныптар аралығында «Бала тілі - бал» атты мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Онда оқушыларымыз қазақша, ағылшынша, орысша көркемсөздер оқыды. Белгілі ақын- жазушылардың шығармашылығынан және 5 сынып оқушысы Алтынай Сейдағалиева өзінің тіл туралы шығарған шағын өлеңдерімен таныстырды. 6 орыс сыныбының оқушылары Яковлеева Адина, Жусупбеков Саяжандар өздерінің қазақша өлең оқығанда өте керемет әсермен,сезіммен оқитындықтарын көрсете білді. «Тіл - әр халықтың байлығы» атты сынып сағаты 1-9 сыныптар аралығында сынып жетекшілер өткізді.Оқушыларға тілімізді білу қаншалықты маңызды екенін және «Тіл туралы Заң» жайлыда баяндап кетті. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан барлық ұлттардың мәдениетінен хабардар болуымыз қажет. Сондықтанда әр ұлттың өнерімен яғни оқушыларымыз ән-билері мен ұлттық ойындарымен танысып және өздерінің қаншалықты өнерді бағалайтынын көрсете білді. 3 сынып оқушысы Батих Кенжебек және 5 сынып оқушысы Боранбаев Әлімжан, 2 сынып оқушысы Қайрат Дәулетхан т.б.оқушылар жұртшылықты өз өнерімен таңғалдыра білді. Ән- билерімен қатар ұлттық ойындарданда жарыс өткізілді.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «асық ойыны», «тоғызқұмалақ», «ханталапай» сияқты ұмытылып барып қайта жаңғыру тапқан ойындарымыз өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі Ақжүніс Төленовна 1-5 сыныптар арасында «Бір шаңырақ астында» атты ертенгілік өткізді. Ертеңгілікте әр сынып өздеріне берілген тапсырманы шебер орындады. 5 сынып оқушылары қазақтың үш биі жайлы қойылым қойды және өзбек халқының ұлттық биін билеп сахана көркін жандандыра түсті. 3сынып оқушылары ән сазымен кешті әрлендіре түсті. Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен қатар 7-9 сыныптар аралығында «Мәңгілік Еліміздің – Мәігілңк тілі» атты шығарма жаздырды. 9 сынып оқушысы Құрман Аружанның және 7 сынып оқушысы Қарсақ Мәденнің шығармалары үздік шығарма деп танылды. Үш тілді тұғырылы ел болғандықтан онкүндікте ағылшын тілінің мұғалімі ағылшын тілінде 7-9 сыныптар арасында викториналық ойын өткізді.Онкүндіктің соңғы күнінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Ж.Асылбекова және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Б.Сұлтан 6-9 сыныптар аралығында «Керегесі кең байтақ елім!» атты фистиваль өткізеді. Тіл күніне орай жоспарланып өткізілген іс- шараның барлығыда қызықтыда, тартымды өткізілді. Оқушыларымызғада мақтау қағаздар мен сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар 2016-2017 оқу жылында Дарынды оқушыларға арнап пән мұғалімдері жоспар құрылып, тест,бақылау жұмыстарын алады. Айта кететін болсақ орыс тілі пәнінің мұғалімі Сұлтан Балнұр Бауыржанқызы дарынды оқушымен жұмыста диктанттар және қызықты грамматикалық тапсырмалар арқылы оқушы талабын талпындыра түсуде. Ағылшын тілі бойынша мұғалім оқушыларға қызықты аударма жұмыстарын және тақырыптық диолог оқыту сияқты жұмыстар береді.Тарих пәнінің мұғалімі Мырзахметова Алтынай Маратовна дарынды оқушымен жұмыста тест және деңгейлік тапсырмалар береді. Оқушыларды күнделікті өмірмен байланысты шығармашылық жұмыстарға баулуда байқағаным, ғылымға құштар әр жеткіншек еңбектенудің, жаңалық енгізудің қаншалықты қиын екенін сезінген сайын, өзін жауапты сезініп, құлшынысы артады. Жұмысын жарыстың әр кезеңінде қорғай жүріп шешендікке, алғырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Жаңа достар табады, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыланып, қойылатын сұраққа ұтымды жауап беруге қалыптасады, ойын ұшқырлап, өзін еркін ұстауға үйренеді. Оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысудың осындай көптеген тиімді жақтары бар.Дарынды балалармен жұмыс барысында оларды өз бетінше ізденуге, ғылыми – зертеулермен айналысуға, баяндама, реферат, ғылыми жұмыс жазуға және оларды байқауларда қорғап алып шығуға машықтанады. Келешекте дарынды оқушыларымыз биіктен көрінеді деген сенімдеміз. Мектепішілік олимпиада 3 қарашада өткізілді. Орыс тілі пәні бойынша 2 оқушы олимпиадаға қатынасты. Олар: 6 сынып оқушысы Яковлева Адина және 8 сынып оқушысы Сұлтан Арман. Диктант және тест жұмысы берілді.Адина бірінші кезеңде 50 балл, ал екінші кезеңде 47 балл жинады. Барлығы 97 баллмен бірінші орынға ,ал Сұлтанов Арман 80 балл жинап екінші орынға ие болды. Қазақ тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы Сапарбек Сабина және Құрман Аружан қатынасты. Қазақ тілі пәні бойынша екі кезеңге арналып тапсырмалар берілді . Бірінші кезеңде мазмұндама және 10 тест сұрағы, екінші кезеге 4 тапсырма берілді. Екінші орынға 87 баллмен Сапарбек Сабина иеленді, ағылшын тілі бойынша Құрман Аружан және Сайлаубек Гулназ қатынасып екінші және үшінші орынға иеленді.Тарих пәні бойынша 7 сынып оқушысы Қарсақ Маден және оқушысы Мукашев Батыргеді қатынасқан болатын. Сонымен қатар 5 сынып оқушысы Сейдағалиева Алтынай және 9 сынып оқушысы Сапарбек Сабина ауданда өткен Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа оқудан жарысқа қатынасты. 9 сынып оқушысы Сапарбек Сабина екінші орын алды.
Жарқын болашақ олипиадасы бойынша 2 орын Сапарбек Сабина алды.
2015 – 2016 оқу жылында аттестациядан өтетін мұғалімдер төмендегідей:
№
|
Мұғалімнің аты – жөні:
|
Туған жылы
|
Сабақ беретін пәні
|
Еңбек өтілім
|
Санаты
|
Білімі
|
Аттестациядан
өтетін санаты
|
Марапаттау
|
1.
|
Л.Ж.Асылбекова
|
15.09
1977
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
15 жыл
|
Екінші
|
Жоғары
АрПи 1998 жыл
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
Бірінші санатқа
|
Жарқайың аудандық білім бөлімі 2008,2009,2011,
Ақмола облысының білім басқармасы 2012
|
Қайта даярлау курсынын өту динамикасы
Оқу жылы
|
Жалпы саны
|
Курстан өткені
|
Қайта даярлау курсынын өткені %
|
2015-2016
|
6
|
1
|
17%
|
2016-2017
|
6
|
-
|
-
|
Гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Л.Ж.Асылбекова
Достарыңызбен бөлісу: |