Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі251,53 Kb.
#93596
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
p001 009

Рис.4.1.Кесте 8 – Оқу-өндірістік комбинаттардың жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп дайындайтын мектептерге (сыныптар) арналған эксперименттік оқу жоспары

Жоғарыда көрсетілген вариативті қазақ (ұйғыр) тілінде орта білім беретін мектептердің оқу жоспары мен оқу-өндірістік комбинаттардың жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп даярлайтын мектептерге арналған инвариативті-эксперименттік оқу жоспарларын салыстыра отырып, біз мынадай тұжырым жасауды жөн көрдік:


Біріншіден, бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі вариативті оқу жоспарында жалпы білім беретін 25 пән түгелдей қамтылады, олардың ішінде «Еңбекке үйрету» пәні 1-ші сыныптан 11-сыныпқа дейін бір ғана атаумен жүргізіледі, 1 сыныптан 7-сыныпқа дейін апталық сағат саны 2 сағат болса, ал 8-сыныптан 11-сыныпқа дейін апталық саған саны 3-4 сағатқа жетеді. Сонымен қатар бұл оқу жоспарларында 5 сыныптан бастап 10 сыныпқа дейін жылына 10-16-20 күндік еңбек практикасы «Қоғамдық пайдалы өнімді еңбек» деп қарастырылады.
Ал инвариативті-эксперименттік оқу жоспарында жалпы білім беретін 25 пәннің 10-ғана беріледі, сонымен қатар бұл 10 пән 8 және 11-сыныптарда ғана аптасына 18 сағат мөлшерінде жүргізіледі, қалған уақыттың көпшілігінде профильдік қазақ ұлттық пәндер циклы аптасына 19-20 сағат мөлшерінде жүргізіледі.
Екіншіден, бұл екі оқу жоспарының біздің зерттеу тақырыбымызға сәйкес бір-бірінен айырмашылығы неде деген сауалға былай деп жауап беруге болады.
Вариативті оқу жоспарында оқушыларға жалпы білім беру мақсаты басым көзделеді, сонымен қатар «Еңбекке үйрету» сабағына да айтарлықтай көңіл бөлінеді. Ал инвариативті-эксперименттік оқу жоспарында негізгі мақсат жалпы еңбекке тереңдетіп даярлауға бағытталады.
Үшіншіден, вариативті мектептердің оқу жоспарына қарағанда инвариативті оқу жоспарларында қазіргі заман талабына сай, мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрі, өнерімен, соның ішінде қолданбалы өнердің қыр-сырымен таныстыру, оның әдісі, тәсілдерін орынды пайдалану арқылы еңбек сабағында балалардың икемділігі мен шеберлігін қалыптастыру, өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру – ұлт мектептерінде ұлттық идеяны сабақтастырудың басты міндеті болып қарастырылады. Бұл міндетті шешуде бүгінгі күні қазақ мектептерінде пайдаланып жүрген бағдарламалар қомақты үлес қоса алады деп айтуға болады. Бұл ойымызды профильдік пәндер циклына енгізілген мына пәндердің атауларымен және олардың мазмұнымен дәлелдеуге болады. Мысалы, мәдениеттілікке, тәртіпке үйрету (8 және 11-сыныптарда аптасына 7 сағат бөлінеді), тігін жұмыстары, тоқуды үйрету (8 және 11-сыныптарда аптасына әр пәнге 2 сағаттан бөлінеді). Аталған пәндердің мазмұнында ұлттық кілем тоқуда кездесетін ою-өрнек түрлерімен таныстыру, олардың эскиздерін орындауға үйрету жақтары қарастырылған. Мысалы, «Бастырмалау» тарауы әр түрлі материалдарды (қағаз, картон, кептірілген жапырақтар, өсімдік дәндері, мата, тері, жүн, мақта, т.б.) пайдалана отырып, қолдану мағынасына қарай және орындалу әдістеріне байланысты бұйымдарды бастырмалап әзірлеуді көздейді. Жасалу әдісіне қарай бастырмалаудың мынадай түрлері бар екенділігі айтылады:
• жазықтық бетінде;
• дөңес бетте;
• көлемді бастырмалау. Ал мазмұнына байланысты:
• ою-өрнекті;
• бір затты;
• мағыналы тақырыпты;
• әріптік бастырмалау болып келетіндігі көрсетіледі. Бастырмалау жұмысын орындау барысында оқушылардың композиция жайында, түстердің және материалдардың үйлесімділігін таба білуде білімдері мен біліктіліктері арта түседі, конструкторлық ойлау қабілеттері дамиды. Сол сияқты, бағдарлама бойынша «Құрақ құрау» тарауында мұғалім оқушыларды ұлттық жастық пен көрпеше құрақ түрлерімен таныстыра отырып, олардың түстерінің үйлесімділігін табу жолдарын үйретеді. Құрақ құрау өнері бұрыннан келе жатқан өнер екендігі айтылады. Оны алғашында тері, көннен, киіздерден құрап, бұйым жасаса, кейінірек мата қалдықтарынан құрақ құрап, жастық көздерін, көрпеше тыстарын қаптап, қажеттеріне жаратқандығы сөз етіледі. Құрақтың жасалуына қарай жастық құрақ, көрпеше құрақ деп екіге бөлінетіндігі түсіндіріліп, жастық құрақтың мынадай түрлері бар екендігі әңгімеленеді:
• тырна қатар;
• жұлдыз құрақ;
• қайшы құрақ;
• қаттама құрақ;
• бота көз;
• тістеме құрақ. Ал, көрпеше құрақтың мынадай түрлерге бөлінетіндігі айтылады:
• алма құрақ;
• мүйіз құрақ;
• ат құлақ;
• айшық құрақ. Сөйте келе, оқушылар, алған білімдерін пайдалана отырып, жастық құрақтың анағұрлым күрделі түрлерінен тұтыну бұйымдарын: қалташа құрақпен бастырмаланған құмыра, тырна қатар құрағынан қалам салатын құтышаны қағаз картоннан әзірлесе, мата қалдықтарынан қаттама құрақты ине шаншитын жастықша дайындайды. Құрақ құрау өнері өте шыдамдылықты, ұқыптылықты, құрастыруды дұрыс шешуді талап етеді. Оқушыларды бұл өнерге баулу барысында олардың көркемдік талғамын, дұрыс шешім қабылдау, ойлау қабілетін дамытып, маталарды үнемді пайдалануға үйретеді. «Тігіс тігу, кестелеу» тарауында мұғалім оқушыларды мата өңдеу, тігіс тігу, кестелеу әдістеріне үйретеді. Жақсы тігінші мен күрделі кесте тоқу шеберлігінің әліппесі осы тараулардан құралады. Сонымен қатар оқушыларға табиғи талшықтардан жасалған маталардың қасиеттері жайында техникалық мәлімет беріледі. Іс-әрекет жұмыстары барысында балалар матаны екі бүктеп пішу, бұйым бөлшектерін тепшіп тігу, біріктіру және бұйымдарды сабақты кестемен, біз кестемен, ою-өрнектермен тепшіп тігіп бастырмалау арқылы сәндеу жұмыстарына үйренеді. Келесі «Зергерлік жұмыстар» атты тарауда оқушыларға зергерлік өнерінде шеберлік, ұқыптылық, шыдамдылық талап етілетіні айтыла отырып, ұлттық бағдарламада берілген зергерлік өнер түрлерінде әртүрлі материалдарды қолдану арқылы шағын бұйымды көркемдеп безендіру үйретіледі. Қазақ халқының колөнерінде зергерлік жұмыстарға әр түрлі материалдардан әбзелдерді, ыдыс-аяқтарды, үй жиһаздарын әшекейлеп жасау, киім-кешек, әшекей бұйымдарын, ғимараттарды зерлеу жататындығы туралы айтылады. Бағдарлама бойынша оқушыларға зергерлік жұмыстары жайында жалпы мағлұмат беріледі. Мұражайларға, көрмелерге саяхат жасап, зергерлік жұмыстармен таныстырылады. Материалдарды (қағаз, сазбалшық, ермексаз) көркемдеп өңдеу, бұйымдарды оюлап, бастырмалап, бояп, нақыштау тәсілдері жайында техникалық мәліметтер беріледі. Іс-әрекет жұмыстары үстінде жұмыс барысын жоспарлап, материалды оюлармен бедерлеу, бояу, бастырмалау, нақыштап сәндеу тәсілдерінің ең қарапайым түрлерін пайдалана отырып, тақтайша, астау, сәукеле, қалпақ, сақина, тұмарша, қорапша, жез сымнан жүзік, білезік жасау, жезді бұрау, өрнектеп иіп, түйіндеп кесу жұмыстары; сазбалшықтан ыдыс жасап, сыртын бояп сәндеу; қағаздан бас киімдер мен үй жиһаздарын жасау сыртын әр түрлі материалдармен (тас, түйме, моншақ, үкі, фольга, қағаз, тері) оюлап, бастырмалап сәндеу үйретіледі. Мысалы: әшекей бұйымдары (жүзік, моншақ, білезік), ыдыс-аяқ (ожау, күбі, келсап, саптаяқ), бас киімдер (тақия, бөрік), жүк аяқ, кебеже. Сонымен қатар аталған бағдарламалар бойынша өткізілетін сабақтар барысында еңбек құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасы мен жеке бастың тазалығын сақтау ережелері оқушыларға түсіндіріліп отырады. Сондай-ақ технология сабағы барысында ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге үйретуде пәнаралық байланыстар іске асырылады. Мысалға, тікбұрыш, кесінділердің ұзындығы математика пәнімен, түстердің үйлесімділігін табуды, нәрсенің бейнесін салуды, пропорцияны бейнелеу өнері сабағымен байланыстырады. Көне сөздермен танысу, тіл байлығын жетілдіру, техникалық терминдер қазақ тілі және орыс тілі пәндерімен, еңбек барысында табиғи ресурстарды пайдалану, тірі табиғатпен танысу, оны аялай білу «Айналамен танысу» сабағымен байланысты болады. Қорыта келгенде, ұлттық бағыттағы бағдарлама тұрғысында өткізілетін технология сабақтарында оқушылар политехникалық білім алып қана қоймай, сонымен қатар жалпы еңбектегі политехникалық біліктілікті, яғни еңбек барысында жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, бұйымды белгілеу, өлшеу, қию, өңдеу, жинау, монтаждау, сәндеу тәсілдерін орындау икемділігін меңгеріп шығады. Оқушылардың біліктілігі белсенді іс-әрекеті жұмыстары барысында қалыптасады. Жоғарыда біз ұлттық мектептерде оқу-өндірістік комбинаттарының жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп даярланатын мектептердің эксперименттік оқу жоспарларына талдау жасау барысында елімізде ұлттық кәсіптік тәрбие бағытындағы оқу орындарының көбейіп келе жатқандығын, оларда ұлттық кәсіптік тәрбиенің дамуы туралы сөз еткенбіз. Сол ойларымызды жалғастыра отырып, елімізде ұлттық еңбек тәрбиесінің сабақтастығы үлгі болып отырған, ұлттық бағытқа түбегейлі бетбұрыс жасаған мектептер туралы сөз етпекпіз. Өйткені бұл игі бастамаларда қазақ халқының ежелден келе жатқан өнеге-тәлімдері, салт-дәстүрі жас ұланды еңбекке баулу, даярлауда ерекше орын алады. Әсіресе, атакәсіп мал бағудың қыр-сырлары, халықтың тұрмыс жағдайы барынша байқалады. Көшпенділердің өзіне тән еңбек үрдісі, өмір тіршілігі өзіндік жалғасын тапты деуге болады. Қанша тамырынан қырқылып, асыл болмысынан айырылса да, халықтық еңбек пен кәсіп ұлттық сипатын, сабақтастығын жоғалтқан емес. Еңбекқор әкелер мен аталардың, аналар мен әжелердің өнеге-тәлімі кейінгі ұрпаққа мұра болып жалғасып келеді. Тауқымет - азабы көп, жоқшылығы мен қайыршылығы қатар келген мына нарық заманында еңбек үрдісі арқылы тапшылыққа қарсы күрес ашып, миллиондап табыс тауып жатқан мектеп шәкірттеріне еңбегі сүйсінерліктей. Мысалы, Қызылорда облысында миллионер атағына ие болған мектептер өмірге келе бастады. Бұл – нарық саясаты талап етіп отырған үлкен міндеттің іс жүзіндегі көрінісі. Тәуелсіз жас мемлекеттің ұрпақ тәрбиесіндегі заңы мен жарғысының талаптарын орындау жолындағы ұстаздардың абыройлы іс-әрекеті. Мектеп оқушыларын пайдалы, өнімді ұлттық еңбекке баулып, іскерлікке үйретуде қалыптасқан іс-тәжірибелер, іргелі іс-қимылдар баршылық. Қазір құлаққа сіңісті болған еңбек және бизнес ұғымдары жалпы халықты пайдалы іс-әрекетке жұмылдыруда, шәкірттерді өзіне еріксіз тартуда. Ұлттық бағыттағы еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдары барынша жолға қойылған облыста 7 мектепаралық оқу-өндірістік комбинат жұмыс істейді. Жалпы білім беретін мектептерде 212 қол еңбегі кабинеті бар. Ағаш және темір өңдейтін шеберханалар да біраз. Қызмет көрсететін 253 орында шәкірттер мүмкіндіктеріне сай еңбек ете алады. Олар халық тұтынатын тауарлар шығарады, жұртқа ақылы қызмет көрсетеді. Яғни оқу мен еңбек қатар жүреді. Олардың нәтижелі істері алдымен өздеріне, содан соң мектепке пайдалы. Оқушылар жасаған өнімдерді халыққа ұсыну мақсатында аудан орталықтарында және Қызылорда қаласында оқушылардың арнайы дүкендері ашылған. Арал, Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Шиелі, тағы да басқа аудандардағы кейбір мектептерде кіші кәсіпорындар мен кооперативтер жұмыс істейді. Мектептерді шәкірттерді ауыл шаруашылығы жұмыстарына баулу мен үйрету барынша жолға қойылған. Бірқатар мектептерде шағын фермалар ұйымдастыру қолға алынған. Мектептердің жергілікті жерлердегі шаруашылық және кәсіпорын мекемелерімен тығыз байланыста болуының нәтижесі өрелі істердің өрісін кеңейтуде. Оларға қажетті көлік-машиналардың, комбайн, тракторлардың көбеюіне септігін тигізуде. Қазір мектептерде 107 автокөлік, 157 трактор, он шақты комбайн бар. Мұндағы оқушылардың пайдалы еңбегі 1980 жылдан басталған. Алдымен оқу шеберханалары жабдықталған. Содан соң қол еңбегі кабинетіне көңіл бөлінген. Балалар жақсы еңбек орындары өмірге келген соң ағаштан, қағаздан, темірден әр түрлі заттар жасай бастаған. Сөйтіп, мектептің материалдық-техникалық базасы күшейген. Қазір балаларға арналған 4 ағаш станогы, 2 тігін және бір самса пісіретін цехы бар. Осылардан сан алуан тауарлар мен тігін бұйымдары, нан өнімдері шығарылады. Ою-өрнектер мен нақыштар жасалады. «Алтын қолды» шәкірттер жасаған бұйымдар қай жерде болсын көздің жауын алады. Әсіресе, қыз балалар жасаған бұйымдарға жұртшылықтың қызығуы басым. Самса цехында пісірілген тағамдарды алу үшін жұрт кезекке тұрады. Шәкірттер халықтық бағыттағы еңбек тәрбиесін ала отырып, ұлттық өнеге мен тәлімді, өнер мен рухани әлемді жандарына серік етеді. Әсіресе, ауылдық жерлердегі мектептердегі ұлттық қолөнер тәрбиесінің әсері үлкен. Шәкірттер алаша, кілем тоқып, киіз үй мүліктерін жасау арқылы халықтың байырғы еңбек тәрбиесіне төселеді. Сондай-ақ, олар қазіргі жаңа кәсіптерді де меңгереді. Мысалы, шаш алады, суретке түсіреді, тұрғындардың аяқ киімін жөндейді, жүн мен жіптен тоқыма заттарын жасайды. Ауылдық жерлердегі көптеген мектептерде шәкірттер шаруашылықтардан жалға (арендаға) жер алып, онда көкөніс, бақша дақылдарын егеді, жеміс ағаштарын өсіреді. Бекітілген жердің көлемі мен одан алынған өнімге байланысты оқушылардың еңбегіне ақы төленеді. Ауыл шаруашылығындағы оқушылардың өндірістік бригадасы мыңдаған тонна жүгері, жүздеген тонна бидай мен күріш, 2000 тонна картоп, 734 тонна қант қызылшасын, тағы басқа да осы сияқты мол көкөніс дақылдарын дайындаған. Сыр өңіріндегі экологиялық жағдайлардың ауыр екені жұртшылыққа белгілі. Міне, сондықтан «Жасыл өлке» бағдарламасы бойынша шәкірттер күшімен 36 гектар жерге мәдени ағаштар, 12 гектар жерге жеміс көшеттері еккен. 90 мыңнан аса гүл түптерін отырғыған. Кейінгі кездері оқушылар дәрілік өсімдіктер өсірумен де айналасуда. 1992 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған облыс мектептерінің күзгі жәрмеңкесі оқушылар еңбегінің тамаша нәтижесін, пайдалы іс-тәжірибесін республикаға танытты. Жәрмеңкеде 9 миллион сомның халық тұтынатын заттары мен бұйымдары жұртқа ұсынылды. Бүгінгі экономикалық саясатқа байланысты ақша мен пайда табу, оны игілікті нәрселерге жарату білім берудің барлық буынында өріс алуда. Балабақша, мектеп және кәсіптік-техникалық училищелер нарық жағдайында осылай өзгеріп отыр. Біз осы арада республика мектептеріне үлгі боларлық Қызылорда қаласының «Миллионер мектеп» деп аталатын еңбек мектебінің тәжірибесін ұсынып отырмыз. Бұрын «миллионер» деген сөз біздің елде айтылмайтын, ал нарық заңына байланысты шыға бастады. Қызылорда қаласындағы білікті педагог, іскер ұйымдастырушы М.Подольский жетекшілік ететін мектептің өз есеп-шотында 3 миллион сомға жуық ақша бар, яғни ол миллионер мектеп. Осы нәтижеге мектеп ұжымы қалай жетті? Табыс табудағы ерекшеліктері неде? «Базар нарқы» бағдарламасы бойынша жұмыс істеген бұл білім ордасындағы жетістіктер тек таңдай қақтырады. Қаржы көздерін тауып, үлкен пайдаға кенелген мектепте шәкірттердің үлгеріміне байланысты 8–11 сынып оқушыларына тоқсан сайын 100-200 сом мөлшерінде стипендия төленеді. Бұл деген шәкірттерді оқуға тартудың тамаша жолы емес пе. Бәрінен бұрын қазақ тілін «5»-ке оқығандарға төленетін стипендия жайында айту, тіпті, ерекше. Ал, би өнері бойынша озып шыққан жүлдегерлерге 1000 сом көлемінде сыйлық берілетіні тағы бар. Жаңа жыл мерекесінде барлық бастауыш сынып оқушыларына мектептің самса цехы тегін торттар үлестіреді. Мектепте өтетін көп мәдени шаралардың жүлдесі үшін 500-1000 сом міндетті түрде беріледі. Әр түрлі олимпиадалар ұйымдастырған мұғалімдер де ақша-сыйлықтан құр қалмайды. Шәкірттер өздері жасаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай еңбекақы алады. Мектеп өз қаржысы есебінен материалдық нәрселерге жауапты есепші ұстайды. Білім ордасындағы мықты қаржы қоры көптеген игілікті істердің іс жүзіне асуына септігін тигізуде. Аталған миллионер мектеп ізгілікті көмек ретінде Арал қорына 1000 сом, қаладағы балалар үйіне дәл осындай ақша аударған. «Жыл мұғалімі» байқау-конкурсын өткізуге де қол ұшын берген. Қалалық әдістемелік кабинетке магнитофон алу үшін 3,2 мың сом бөлген. Бұл мектептегі жетістіктер мен табыстардың бәрі нарық саясатына сәйкес заңды түрде жалғасып отыр. Мұнда әр түрлі мәселелер іс барысында шешіледі. Тосын жағдайлар да болады. Бірақ олар бұрынғы ескірген тәртіп бойынша шешілмейді. Іс қимылда жаңашылдық, ерекшеліктер жиі байқалады. Өткен оқу жылында мектепке компьютерлік оқу жүйесі ендірілген. Қазір екі кабинет жабдықталған. Жоғары сынып оқушылары үшін ең жақсы электронды есептегіш техникасы бар. Математика пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында 3–9 сынып оқушыларының техникалық шығармашылық клубын ашу көзделуде. Мектеп базасында шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің облыстық слеті өткізілген. Онда облыс мұғалімдері мен кәсіпорын жетекшілерінің кездесуі ұйымдастырылған. Міне осындай мектептің еңбек тәрбиесі жөніндегі іс-тәжірибесі қазір Республикаға кеңінен белгілі болып отырғаны шындық. Міне, осы тұста кешегі училищелер бірде лицей, бірде мектеп болып атауларын өзгертіп қана қоймай, мұнда оқытылатын мамандық түрлерін де әлдеқайда кеңейте түскен болатын. Мысалы, біз әңгіме етіп отырған №1 кәсіптік-техникалық мектепте бүгіндері радио-телеаппаратураларды жөндеу шебері; ағылшын тілін білетін ЭВМ операторы; қазақ және орыс тілдерін білетін ЭВМ-ді меңгерген хатшы-референт; дизайнер-модельер; жеңіл және сырт киім тігу шебері; ЭВМ мен бухгалтерлік есепті меңгерген шағын бизнес менеджері; шаштараз-визажист; тоқымашы-кестеші; аяқ киім пішуші; ЭВМ мен ағылшын тілін меңгерген бухгалтер-менеджер; күрделі тұрмыстық техникаларды жөндеу шебері мамандықтары бойынша оқыта бастаған. Аталған мектепте оқушылар түрлі кәсіпкерлікті меңгеруге мүмкіндік алды. Сондықтан болар, жыл сайын кәсіптік мектепті бітіргендердің 70 пайыздан астамы жұмысқа орналасады екен. Мұнда бүгіндері 300 оқушы күндізгі бөлімде білім алып жатса, 365 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен және өзге мамандықты меңгеру үшін өз қаржыларына оқып жатқан адамдар бар көрінеді. Осыған қарап-ақ мектепте меңгеретін мамандықтардың қаншалықты сұранымға ие екенін аңғаруға болады. Аталған оқу орнына 9-сыныпты бітіргендердің де көптеп келетін ескерсек, оларға 30 мұғалім, 20 өндірістік оқу шеберлері білім мен кәсіп сырын игеруге көмектесуде. Ұстаздардың 10 пайызға жуығы жоғарғы санатты мұғалімдер болғандықтан, мұнда білім беру сапасы өте жоғары деңгейде. Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан зәулім ғимараттарда орналасқан мектепте таңдаған мамандықты алаңсыз меңгеруге барлық жағдайлар туғызылған. Мұнда сырттан келіп оқитын жастарға жайлы жатақханадан орын берілсе, кітапханалар ешқайда шықпай-ақ оқулықтарды, көркем әдебиетті, мерзімді басылымдарды тауып оқуға мүмкіндік береді. Ал, оқушыларды кәсіпке баулу үшін аяқкиім пішу және тігу шеберханасы, екі шаштараз бөлмесі, үш теледидар, аудио және бейнеаппаратура жөндеу цехы, бір тоқыма және кестелеу бөлмесі мен 14 сыртқы және жеңіл киім тігу шеберханалары қызмет көрсетеді. Алайда бұнда ауыл шаруашылығы еңбегі ұмытылып, ескерілмеген. Сондықтан нарық экономикасының өзекті саласының бірі ауылшаруашылық мамандарын даярлауда ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі еңбек тәрбиесінің сабақтастығына аса зор мән бергеніміз жөн, өйткені егістік алаңдарда игеретін де, мал санын көбейтетін де, ауылдарды көсегесін көгертіп, сын өткелдерінен өткізетін де жастар. Сондықтан да оларға ең алдымен мәдени-әлеуметтік жағдайлар жасалуы тиіс. Сонда ғана ата-бабамыз ғасырлар бойы мекен еткен ауылымыздың туы жығылмайды. Сондай-ақ, қазіргі таңда еліміздегі ақпараттық және телекомуникациялық технологияның кеңінен қолданылуына байланысты мектеп өміріне көптеген жаңа талаптар мен өзгерістер келуде. Соның бір айғағы – «Технология» пәнінің енгізілуі. Бұл пән арқылы оқушы тек қана теориялық білім алып қоймай, практикалық, өндірістік міндеттерді, жобалай білуді, шешім қабылдауды, жеке шығармашылық жұмыстарды орындай білуі шарт. Осы қабілеттер мен біліктер баланың жас кезінен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кезеңдерінде әрі қарай дамуы керек. Қазіргі кезде халқымыздың ұлттық болмысындағы ескерілмей, еленбей келген қасиеттердің қаншалықты көп екеніне біз қазір жаңаша ойлау процесінің нәтижесінде көз жіберіп, өткенімізге үлкен мән беру керектігін түсініп отырмыз. Өткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлар баршамызға ортақ қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу – қазіргі жастардың, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал-сері, тігінші, өрімші, балгер-бақсы өтті.Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнерінің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау-басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс-аяқ жасау, ер қосу, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасау (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймай аз да болса сабақтастық табуда. Бұл көрініс 2000 жылдарға дейін осындай мазмұнда болса, ал қазіргі мектептегі білім мазмұнын түпкілікті жаңарту бағыттарында, тұжырымдамалар мен бағдарламаларда халық шаруашылығының барлық салаларын әсіресе, мектептегі «Технология» пәнінің мазмұнын ғылым мен техниканың ең озық шептеріне шығаруға, еңбек өнімділігінің түбегейлі арттырылуына, өнімнің дүниежүзілік таңдаулы үлгілер деңгейінде шығарылуын қамтамасыз етуге жету мақсаты қойылып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1999,2007 жылы өзгертулер енгізіліп қабылданған «Білім туралы» Заңында мынандай міндеттер мен принциптер қойылды: еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау; оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру; әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу. Ал, 2002 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Мектеп және мектепке дейінгі білім беру институты әзірлеген және ұсынған. Білім беру стандарты бойынша мектеп түлектерінің білім деңгейіне мемлекеттің қоятын минимум талаптарын және оған жетудегі мемлекеттің кепілдіктерін айқындады. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-бабының 4-параграфында: «Мемлекет жалпы білім беру стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес болуы тиіс»- деп, көрсетілген. Мемлекеттік стандарт жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында олардың меншіктік түріне және типіне тәуелсіз сақталуы міндетті. Стандартты енгізудің негізгі мақсаты – қоғам сұраныстары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес азаматтар білімділігінің орнықты деңгейін қолдау, барлық оқу-тәрбие орындарында білім алуға тең жағдайларды қамтамасыз ету, мектеп түлектерінің білімі мен біліктеріне бірдей талаптар тағайындау. Қазақстан Республикасының білім саясаты білім берудің мемлекеттік стандартын жасау және енгізу арқылы жүзеге асады. Педагогикадағы стандарттау – көп типті мектеп жағдайында білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуге ықпал ететін білім беру процесін жобалаудың жаңа тәсілі. Стандартты қайта өңдеп, жетілдіру қажеттігінің басты негіздемесі – демократияландыру, ізгілендіру және интеграциялау негізінде Қазақстандағы білім беру сапасын әлемдік деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады. Стандартты әзірлеуші авторлар шетелдердің, ТМД елдерінің, соның ішінде педагогикалық ғылымның осы саласында бай дәстүрі бар Ресейдің оңтайлы тәжірибелеріне сүйенді. Сонымен бірге қазақстандық Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт республикалық білім саясатының мәні айқындай отырып, мазмұндық тұрғыдан да, тұжырымдамалық тұрғыдан да өзіндік сипатта ерекшеленеді. Білім беру стандарты әлеуметтік-педагогикалық ерен құбылыс ретінде болашаққа бағдарланған білім моделі болып табылады. Сондай-ақ жалпы орта білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, оқушылардың дайындық деңгейлеріне және оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне қойылатын талаптар мен нормалар жүйесін белгілейді. Оқушылардың өз бетінше шығармашылық әрекеттеріне арналған тұжырымдарды, мектептен тыс шаралардың бағыттарын айқындайды. Біз осылардың ішінен 1–4 сыныптардағы «Еңбекке үйрету» пәніндегі алдыңғы жарияланған білім стандартымен салыстырғанда елеулі өзгерістер енгізілгеніне тоқталамыз. Бұл стандарт құрылымында пәннің қолдану саласы, нормативті сілтемелер, анықтамалар мен қысқартулар енгізілді. Сондай-ақ стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай «Еңбекке баулу» пәні міндеттерінің желісі түзілді:
– оқушылардың жеке тұлғасының еңбекке мотивтік сапаларын дамыту;
– оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
– оқушылардың қарапайым құралдарымен және әр түрлі материалдармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру;
– пәндік-практикалық дағдыларын қалыптастыру. Стандартта «Еңбекке баулу» пәні – оқушылардың технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды. Атап айтқанда, оның мазмұны төмендегідей құрамда құрылды:
– еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер;
– өмірдің әр түрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары;
– түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктері;
– техникалық еңбек негіздері;
– көркем еңбек негіздері;
– тұрмыстық еңбек негіздері;
– дизайн негіздері. Мектептің бастауыш сатысындағы «Еңбекке баулу» пәні мазмұнының даму болашағы мектептің негізгі, жоғарғы сатыларындағы «Технология» пәнінің мазмұнында дамытылады. Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы да көрсетілді. Бағдарлама мына бөлімдерді қамтиды:
– техникалық еңбек;
– көркем еңбек;
– дизайн;
– тұрмыстық еңбек. «Еңбекке баулу» пәнінің мектептің бастауыш сатысындағы оқу жүктемесінің көлемі – 272 сағат, әр сыныпта оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағаттан болып белгіленді. «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнын жетілдіруде 1998 жылғы стандарт нұсқасындағы «Ауыл шаруашылық еңбегі» бөлімі «Дизайн» бөлімімен ауыстырылды. Бұрынғы «Өзіне-өзі қызмет ету» бөлімі «Тұрмыстық еңбек» болып өзгертілді. Ол бүгінгі ауыл мектептерінің экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескеруді, заман талабына сай еңбек түрлеріне баулуды көздейді. Сонымен бастауыш сыныптардағы «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұны: техникалық еңбек, көркем еңбек, дизайн, тұрмыстық еңбек бөлімдерінен тұрады. Базалық білім мазмұнын жүзеге асыру барысында оқушылар: Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау технологиясын үйренеді. Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді. Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандырады. Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді. Мектеп, сынып, отбасында түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. «Еңбекке баулу» пәні бойынша мектептің бастауыш сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне қойылатын талаптар пәннің ерекшелігі ескеріле отырылып, «білуі тиіс» және «үйренуі тиіс» деп сараланып берілген. «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұны бойынша оқушылардың міндетті (минимум) даярлық деңгейіне жетуін тексеру жалпы техникалық білімі, іскерлігі, практикалық жұмыстарды орындауына қарай бағаланады деп белгіленген. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда оқушының өзінің еңбек әрекетінің нәтижесіне сол күнгі сабақ барысында жетуіне және оның бағалануына мүмкіндіктер тудыру мақсатында «Еңбеке баулу» пәнін қосарланған сабақтар түрінде оқыту ұсынылып отыр. Оқушыларды еңбекке даярлау жүйесін педагогикалық мәнде жүзеге асырудың бір жолы технологияны тереңдетіп оқытатын мектептерді көптеп ашу болып табылады. Бұл білім саласындағы мүлдем жаңа бағыт. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің құрылымдық дифференциациясы 3 сатыдан тұрады. І саты (V–VІІ сыныптар) – модульдік принцип бойынша оқу технологиясын дифференциациялау; ІІ саты (VІІІ–ІХ сыныптар) – бір технологияны дифференциациялық әдіспен тереңдеп үйрену; ІІІ саты (Х сынып) – арнаулы, кәсіптік даярлық негізінде дифференциалап оқыту. Оқуды дифференциялау оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектепте негізінен 10–16 жас аралығындағы балалар білім алады. Жасөспірімдер организміне тән ерекшеліктер – бұл кезеңде олардың бойы өсіп, бұлшық еттері ширай түседі. Ал 8–12 жастағыларды алатын болсақ, олардың омыртқа, жамбас сүйектері бекіп үлгермейді. Бұлшық еттері әлсіз, жүрек те үздіксіз өсу үстіндегі организмді қанмен қамтамасыз етіп үлгіре алмай жатады, осыдан барып, олар тез шаршайды, сабаққа деген ықыласы төмендейді. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектептегі оқуды дифференциациялау қажеттілігі физиологиялық та, психологиялық та процестерге қайшы келмейді. Оның мынадай аспектілері бар:
1) дифференциациялау жайлы сөз еткенде оқу орнының статусын анықтайтындай білім берудің ұйымдастыру-басқару, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық аспектілері де назардан тыс қалмауы тиіс;
2) технологияны тереңдетіп оқыту барысында оқушылардың профильдік бағдар алу мүмкіндігін анықтау, олардың барлық кезең бойынша дамуын қамтамасыз ету, бұл үшін жеке тәсілді қолдана білу қажеттігі;
3) технологияны оқытуды дифференциациялау – ұлттық экономиканың әр түрлі салаларымен (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс), еңбектің көбірек ұшырасатын түрлерімен (металл, ағаш, тері, мата, азық-түлік өңдеу), электротехникалық, радиотехникалық және ауыл шаруашылығы жұмыстары, тұрмыстық қызмет, халықтық қолөнер, құрылыс жұмыстары мен ауыл шаруашылығы машиналарымен байланысты болады. Оқу бағдарламасын, еңбек және технология түрлерін таңдау технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің өндіріс орындарына жақын орналасуына, ішкі мүмкіндігіне және оқу материалдық базасына байланысты. Аталмыш факторлардың есепке алу білім сапасын жақсартып, оқушы қабілетін арттыруға жағдай жасайды. Технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп қабырғасында балалар мен қыздарды даярлаудағы айырмашылық еңбек барысында оларға түсетін физикалық салмақ және жүктемелерімен ерекшеленеді. Технология мазмұнын дифференциациялау 3 бағытта жүргізіледі:
1) модульдік принцип негізінде;
2) блоктар бойынша модульдер, графикалық сауаттылықтың элементтері, бақылау-өлшеу аспаптары, техника элементтері, технология негізі, еңбек практикасы, т.б.;
3) күрделілік деңгейі бойынша. Оқушылар іс-әрекетінің 3 деңгейі болады:
1) өзі зерттейтін объектіні сыртқы белгілері арқылы ажырата білу;
2) объектіні және оның қадір-қасиетін тани, саралай білу;
3) алынған білімді практика жүзінде қолдана білу, кез келген сыныптың күрделі міндеттерін шығармашылықпен орындай алатын жағдайға жету. Осылайша технологияны тереңдетіп оқытатын мектептің педагогикалық негіздері анықталады, олар оқушы дамуын қамтамасыз ететін басты құрал екендігін дәлелдейді.Технологияны тереңдетіп оқытатын мектепті құру түптеп келгенде оқытудың дифференциациялық принциптерін жүзеге асыруға негізделген. Оған оқушылардың бейімділігі, процесінің сапасын арттыру, оқу процесін интенсивтендіру және технологияны тереңдетіп оқыту есебінен кәсіптік оқу мен дәстүрлі еңбекке даярлық мерзімін қысқарту міндеттері де кіреді. Соңғы уақытта жалпы білім беретін мектеп шәкірттерінің қоғамға пайдалы еңбегінің мазмұны мен түрлері едәуір жақсарып, оның өрісі кеңейе түсті. Қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы бағытындағы мекемелер мен ұйымдарда оқушылардың өндірістік бригадалары мен звенолары көптеп құрыла бастады. Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылуына орай сол жылдары оның құрылымдарында механикаландырылған звенолар, отрядтар, отбасылық агрегаттар, экипаждар, т.б. өмірге келді. Агроөнеркәсіптік бірлестік құрылымындағы еңбекті ұйымдастырудың бір ерекшелігі – оның практикалық және кәсіптік бағдары басымырақ болады. Оқушыларға арнаулы жұмыс орындары бөлінді, техника күші және озат технология қолданылды. Өндіріс учаскелерінде жазғы каникул күндері шәкірттердің дербес жұмысы ұйымдастырылды. Бригадалық подряд принциптері жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы құрылымындағы оқушы еңбегін ұтымды ұйымдастыру өзекті проблема болып саналады. Өйткені, өнімді еңбекті ұйымдастыру әдістері тәрбие мазмұнымен сәйкес келеді. Әлбетте, әдістердің түрлері көп-ақ. Әйтсе де, жеке бастың үлгі-өнегесі, нұсқау беру, жаттықтыру, ақыл-кеңес беру, бағыт-бағдар берудің шоқтығы биігірек секілді. Оқушыларды дәстүрлі еңбекке даярлау ісін жетілдіру жаңа, тың, белсенді тәсілдерді іздеп табуды қажет етеді. Мұндай ізденіс оқушы еңбегін ұжым өкілдері, өндіріс озаттары және жаңашылдарымен бірге ұйымдастыруды талап етері сөзсіз. Оқушылардың өнімді дәстүрлі еңбегін ұйымдастыру түрлі әдістер мен тәсілдерді педагогикаға негіздеп қолдануды ғана емес, сондай-ақ оның тиімді түрде жоспарлануын да талап етеді. І–ХІ сыныптар арасында оқушылар еңбегі міндетті болған соң қайсыбір мектепте болмасын сол дәстүрлі еңбекті ұйымдастыруға бағытталған анық, дәл іс жоспары болуы шарт (әлбетте, бұл оқушылардың өндірістік бригадасының тәрбие жоспары болмауы тиіс). Календарлық жоспар еңбек объектісін, жұмыс көлемін, оқушылар санын, олардың жетекшілерін, материалдық базасын, шикізат пен материал көздерін қамтуы тиіс. Оқушыларды мал шаруашылығындағы дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудің қажеттігі бұрыннан да көтеріліп келген мәселе болатын. Оған байланысты әр түрлі ғалымдар әр кезде орынды пікірлер айтқан болатын және өздерінің зерттеу жұмыстарын да ұсынған еді. Мысалы, С.Сапаров (жалпы кәсіпке бағдарлау), А.Сейтешев (мектеп пен өндіріс ұжымының жұмысшы мамандығын таңдаудағы біріккен жұмысы), В.Рымаренко (өнімді еңбек үстінде оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастыру), Б.Мишкурова (ауылшаруашылық жұмысына бағыттау), С.Курбанов (ауылшаруашылық кәсіптеріне даярлаудың педагогикалық негізі), А.Сайыпов (қой шаруашылығындағы механикалық еңбекке даярлау), Ш.Тудунов (еңбекке баулуды қой шаруашылығындағы еңбекпен байланыстыру). Бұл еңбектерде айтылғандардың бәрі де мал шаруашылығы жөнінде дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуді бір жолға сала алмады. Оның үстіне авторлардың көтеріп отырған мәселелері жеке мәселелер ғана. Әр елде қалыптасқан жағдай басқа елдердің жағдайына қарағанда мүлдем басқаша болатыны белгілі. Демек, Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайларды ескере отырып, мал шаруашылығындағы кәсіп иесін даярлау күрделі де маңызды іс. Алайда мал шаруашылығындағы дәстүрлі кәсіпке оқушыларды тәрбиелеу атқарылуға тиісті бағдарламалық іс-шара ретінде ұсынылмай отыр. Сондықтан мектеп пен отбасы, жұршылық мұны міндетім деп түсінбейді. Ал ауыл, село жастары дайындығының жоқтығының салдарынан кәсіптің теріс жағын көбірек танып, одан қашуы заңды құбылыс. Біздің пайымдауымызша, ауыл шаруашылығындағы кәсіптерге оқушыларды тәрбиелеудің жолдарын төмендегіше қарастырған тиімді:
1. Педагогикалық ұжымдардың (сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің, тербиешілердің) оқушыларды ауыл шаруашылығындағы еңбекке тәрбиелеудегі міндеттерінің нақтылануы.
2. Мектепте ауыл шаруашылығы кәсібіне оқушыларды оқытуды ұйымдастыру. Оларға білікті мамандарды қатыстыру.
3. Мал шаруашылығы кәсібі түрлерін жеке-жеке насихаттау (мал мамандары, зоотехник, мал дәрігері, еңбек адамдарын: жылқышы, шопан, түйеші, бақташы, сауыншыларды қатыстыру).
4. Оқушылардың ынта, тәрбие деңгейіне қарай кәсіп түрлерін (сәндік-қолданбалы өнердегі: ұста, зергер, тігінші, етікші, т.б.) таңдауы. Оған сынып жетекшілері мен ата-аналардың оқушы бойындағы қабілетіне қарай келісімі. Ол келісім оқушының алған бағытын нақтылайды.
5. Ауыл, село жастарының мал шаруашылығындағы кәсіп түрлерін сүюге баулитын жұмыстарды дұрыс, жоспарлы, жүйелі жүргізіп, мал түліктерін күтіп-баптаудағы халықтық дәстүрлермен ұштастыру қажет.
6. Оқушылардың мал шаруашылығы жөніндегі еңбекке ынтасын тәрбиелейтін озат тәжірибелерді жинақтау.
7. Мектепте және өндірісте ата кәсіпке баулитын мерекелер, конкурстар, кештер, ұлттық ойындардың оқушыларды тәрбиелеу үшін жүйелі өткізіліп тұруы.
8. Тәлімгерлердің тұрақты болуы, сынып жетекшілері, мал мамандарын тарту.
9. Отбасында әр түрлі мамандардың болуы да кәсіпке бейімділікті шыңдайды. Қазақстан Республикасының көптеген облыстарында малшы балалары үшін ашылған мектеп-интернаттары бар. Осы мүмкіншілікті пайдаланып профильді сыныптар ашылған да болатын. Алайда қазіргі нарықтық жағдайда отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылық болып бұл іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру, оқушыларды, сондай-ақ жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді. Мұндай жаңа бастама республиканың нарықтық-экономикалық жағдайын, оқушылардың еңбек тәрбиесін, ауыл мен селоның демографиялық халін дамытуға мүмкіндік жасар еді. Сонымен, қазіргі кезеңде мал шаруашылығындағы қолөнер мен тұрмыстық еңбекте жұмыс істейтін жастарды даярлау бүгінгі кезеңнің ең өзекті мәселелерінің бірі болмақ. Демек, нарық тығырыққа тіреген тұста халық ұмытыла бастаған ұлттық еңбек тәрбиесі идеяларына бетбұрыс жасап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі, жанашырлығы оянып, оны тұрмыс-тіршілігіне айналдырып, сол арқылы күнкөріс көруге ұмтылды. Соның әсерінен еліміздегі кеңес өкіметі кезіндегі халыққа жаппай киім тігетін фабрикалар ұлттық бағытқа мамандана бастады, көптеген бағыттағы ұлттық шеберханалар дүниеге келді. Сөйтіп, қазақ халқының ұлттық мақтанышы – дәстүрлі көркемөнер еңбек түрлері (шапан, камзолдардан бастап күнделікті тұрмыста киетін киімдер, киіз үйдің ішкі, сыртқы жабдықтары, көрпе, жастық, кесте, кілем, бау-басқұр, сырмақ, қоржын, аяққап, басқа да тұрмысқа қажетті ұлттық нақышпен безендірілген бұйымдар мен кәде-сыйлар, бас киімдер тігу мен жасау) өндірістік дәрежеде аз да болса өз сабақтастығын жалғастыра бастады. Қорыта келгенде, ұлттық бағдарлама негізінде өткізілетін еңбек сабақтарында оқушылар политехникалық білім алумен қатар, жалпы политехникалық біліктілікті, яғни еңбек барысын жоспарлауға, жұмыс орнын ұйымдастыруға дағдыланады, бұйымды белгілеу, өлшеу, қию, өңдеу, жинау, монтаждау, сәндеу іскерлігін меңгеріп шығады. Әрине, оқу жоспарына енген пәндер бойынша жасалған бағдарламалар мазмұны дәстүрлі еңбек түрлерін толығымен қамтиды, оқушылардың еңбек тәрбиесі осымен шешімін тапты деп айтуға болмайды. Өйткені мұндай мақсатты бүгінгі таңда негізге алынып жүрген еңбек тәрбиесінің тұжырымдамасы да көздемейді. Біз осының бәрін ескере отырып, зерттеу барысында қазақ халқының дәстүрлі еңбек тәжірибесін оқушылардың еңбек тәрбиесінде пайдалану әдістемесін даярладық. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Қазақ отбасындағы балаларды еңбекке тәрбиелеудегі дәстүрлі шаруашылықтарын атаңыз. Оларға қысқаша мазмұндық сипаттама беріңіз?
2. Қазақ отбасындағы ер баланы еңбекке тәрбиелеу дәстүрлерін атаңыз? Мазмұндық сипаттама беріңіз?
3. Қазақ халқының қыз балаларды дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріңіз?
4. Мектепке дейінгі мекемелердегі дәстүрлі еңбектің түрлерін атаңыз және олардың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сипаттама беріңіз?
5. Жалпы білім беретін мектептердегі дәстүрлі еңбекке баулудың жолдары қандай? Әдебиеттер
1. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы, «Рауан», 1994. – 112 б.
2. Әмірғазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері. –Алматы, Дайк-пресс, 1996.- 157 б.
3. Шәмкенова Р. Зергерлікте ғажайып мағына бар. //Қазақстан мектебі, № 10, 1996. – Б. 21-23.
4. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.
5. Әбдіғапбарова Ұ.М.Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері. Арнайы курс бағдарламасы.-Аламаты,1997,-22б. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. 1-4 сыныптарға арналған «Еңбекке баулу» пәні арқылы оқушыларды қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеудің қазіргі жағдайына шолу жасаңыз.
2. V-XI – сыныптардағы «Технология» пәні арқылы қазақ халқының қандай дәстүрлі шаруашылығына оқушыларды тәрбиелеуге болады? Оның бүгінгі таңдағы жағдайынан баяндама жасаңыз.
3. Болашақ мамандар даярлаудағы этнопедагогика ғылымының қажеттілігіне мазмұндық сипаттама беріңіз.
4. Болашақ мамандардың халықтық педагогикадан меңгерген білімдерін педагогикалық практика пайдалану дәрежесін сипаттаңыз.
5. Халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланудың жолдарына сипаттама жасап, бір тәрбие сағатының үлгісін көрсетіңіз 2.3. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесі Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану процесіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы дәстүрлерінде құру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында тек қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру. Бұл бүгінгі мәдени- әлеуметтік ортадағы оқушылардың дәстүрлі еңбекке деген құндылық бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді. Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы, қазақ тілінің «Мемлекеттік тіл» ретінде жариялануы, қазақ этнопедагогикасының дербес ғылым мәртебесіне жетуі, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасының», «Мәдени мұра бағдарламасының» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарының қабылдануы оқушыларды халқымыздың дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда оқушыларға көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың дәстүрлі еңбегімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр. Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы еңбек тәрбиесіне зияны тиді. Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі еңбек тәрбиесінен, ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр. Ол үшін:
• Қазіргі қазақ мектебінің болашақта «Қазақ ұлт мектебіне» ұласуын көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;
• Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық нысанда қалыптастыру;
• Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;
• Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз демократиялық дербес мектеп жасау қажет.
• «Қазақ ұлт мектебі» тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып табылады. Оқушыларды жан-жақты дамыту ғасырлар қойнауынан келе жатқан еңбек тәрбиесінің ең негізгі мақсаты. Халық өзінің жас ұрпағы есті, адал, мейірімді, еңбекқор, ержүрек, ар-ожданы мол, парасатты болып өссін деген үмітпен өмір тәжірибесі сынынан өткен тәлім-тәрбие мұрасын қолданған. Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың ауызекі творчестволық үлгілері – жеткіншектердің дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Сондықтан «Қазақ халық педагогикасының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесін» жасауға жоғарыдағы аталған құжаттармен қатар, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы, ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамалары тірек етілді. Әдістеме алты бөлімнен тұрады және қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін өзара бірізділікті сабақтастықта жүзеге асыруды көздейді:
1. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде оқушыларды тәрбиелеу мазмұны.
2. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану.
3. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану.
4. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану.
5. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектептен тыс мекемелер тәрбиесінде пайдалану.
6. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін оқушылар тәрбиесінде пайдалануға болашақ педагог мамандарды даярлау.

  • 2.3. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесі

2.3. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесі
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі ғаламдану процесіндегі өзінің ұлттық мектебін халық педагогикасы дәстүрлерінде құру, ғылым-білім пәндерін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында тек қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру. Бұл бүгінгі мәдени- әлеуметтік ортадағы оқушылардың дәстүрлі еңбекке деген құндылық бағдарын қалыптастыруды, ата-бабалар тәжірибесін меңгертуді міндет етеді. Қазақстанның тәуелсіз өркениетті мемлекет болуына байланысты Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы, қазақ тілінің «Мемлекеттік тіл» ретінде жариялануы, қазақ этнопедагогикасының дербес ғылым мәртебесіне жетуі, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасының», «Мәдени мұра бағдарламасының» және «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарының қабылдануы оқушыларды халқымыздың дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда оқушыларға көпсалалы ұлттық мектептерде халықтың дәстүрлі еңбегімен тығыз байланыста тәрбие беруге зор үміт артылып отыр. Себебі, кеңес дәуірінде қазақтың ұлттық мектебі болмады, мектептер қазақ мектебі деп аталғанмен, олар орыс мектебінің қолайсыз көшірмесі еді, ұлттық мектептердің ұлттылығы жойылып, олардың қазақ халқы үшін пайдасы болғанымен, жас ұрпақтың ұлттық тұрғыдағы еңбек тәрбиесіне зияны тиді. Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік-әміршілдік әдіске негізделген тәрбие кезінде жеке адам елеусіз қалды, оның өзіндік мүмкіндігіне, өмірлік мақсатына мән бермеушілік және оның еріктілік негізінде дамуына тежеу салушылық орын алды. Жас ұрпақ ата тарихындағы дәстүрлі еңбек тәрбиесінен, ана тілінен, төл мәдениетінен қол үзді. Сондықтан да бүгінгі таңда, отарлау мен бодандықтың бұғауынан азат етілген ерікті қоғамда, тәуелсіз және құқылық мемлекет құру кезеңінде қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мазмұнын, қағидаларын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңартудың қажеттігі туып отыр. Ол үшін:
• Қазіргі қазақ мектебінің болашақта «Қазақ ұлт мектебіне» ұласуын көздеп оның жүйесін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан белгілеу;
• Оқу-тәрбие процесін отбасынан бастап үздіксіз демократиялық
нысанда қалыптастыру;
• Қазақтың көпсалалы ұлт мектебін балабақшадан бастап университетке дейінгі аралықта үздіксіз білім берудің барлық басқыш-сатыларын қамтитын, әрі қазақ ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, дәстүрлі еңбек тәрбиесін, рухани болмыс-бітімін осы басқыштардың әрқайсысында да әлемдік өркениеттің жетістіктерімен шебер ұштастыра білетін біртұтас үзіліссіз жүйе ретінде қалыптастыру;
• Қоғам мен мектеп, мектеп пен ата-ана, мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастыққа, сабақтастыққа, үздіксіз тәрбие нысанына, оның ұлттық ұстанымына баса назар аударып, нағыз демократиялық дербес мектеп жасау қажет.
• «Қазақ ұлт мектебі» тәуелсіз Қазақстанда ғана өз атына лайық мәртебе
ала алады, өйткені ол Қазақстанның ұлттық білім саясатын жүзеге асыратын еліміздің ең негізгі көпсалалы оқу-тәрбие мекемесі болып табылады. Оқушыларды жан-жақты дамыту ғасырлар қойнауынан келе жатқан еңбек тәрбиесінің ең негізгі мақсаты. Халық өзінің жас ұрпағы есті, адал, мейірімді, еңбекқор, ержүрек, ар-ожданы мол, парасатты болып өссін деген үмітпен өмір тәжірибесі сынынан өткен тәлім-тәрбие мұрасын қолданған. Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың ауызекі творчестволық үлгілері – жеткіншектердің дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. Сондықтан «Қазақ халық педагогикасының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесін» жасауға жоғарыдағы аталған құжаттармен қатар, мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасы, ҚР азаматтарының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы, этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамалары тірек етілді. Әдістеме алты бөлімнен тұрады және қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін өзара бірізділікті сабақтастықта жүзеге асыруды көздейді:
1. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде оқушыларды тәрбиелеу мазмұны.
2. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдалану.
3. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие процесінде пайдалану.
4. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалану.
5. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектептен тыс мекемелер тәрбиесінде пайдалану.
6. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін оқушылар тәрбиесінде пайдалануға болашақ педагог мамандарды даярлау.

  • Тест тапсырмалары

    • 7.1. Константы простых типов и типа STRING

1. Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі әдістеріне жатады:
А) өзіне саналы қатынасты қалыптастыру
В) өзіне-өзі бұйрық беру
С) өзін-өзі сендіру
! Д) үлгі-өнеге көрсету, мадақтау, талап ету, баға беру, жазалау
Е) жағдайаттар туғызу, тапсырма беру, көрсету
2. Қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлері қамтылған бағдарлама:
А) « Әліппе»
В) «Кәусар бұлақ»
! С) «Атамекен»
Д) «Дәстүр»
Е) «Елім-ай»
3. Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің құралдарына жатады:
А) шілдехана, бесікке салу
! В) ұлттық ойындар, фольклор, сәндік-қолданбалы өнер
С) халық әндері мен күйлері
Д) кесте тігу, кілем тоқу
Е) тұсау кесу, сүндетке отырғызу
4. Қазақ халқының қыз баланы еңбекке тәрбиелеудегі қол өнеріне жатады:
А) үй бұйымдарын дайындау
В) жүн түту, мал төлін күту
С) қой қырқу, мал суару
! Д) кесте тігу, кілем тоқу, киім тігу
Е) тамақ пісіру, үй жинау, ши тоқу
5. Қазақ халқының ер баланы дәстүрлі еңбекке тәрбиеледегі қол өнеріне жатады:
А) тері өңдеу, тігу, қой қырқу
В) шөп даярлау, мал өнімдерін өңдеу
С) зергерлік бұйымдар даярлау
Д) метал өңдеу, ер тұрман даярлау
Е) ағаштан, металдан, сүйектен, теріден тұрмысқа қажетті барлық бұйымдарды даярлау
6. Еңбек тәрбиесі факторларына жататындар:
А) үлгі-өнеге, мажақтау, мораль, сөгіс, қорқыту, жаттығу
В) мақсат, міндет, мазмұн, форма, әдіс-тәсілдері, тапсырма
С) табиғат, халықтық тәрбие, балалар, ата-ана, туған-туыстар,жолдастар
!Д) табиғат, ойын, сөз, іс, қарым-қатынас, салт-жәстүр, тұрмыс, өнер, дін, үлгілі идеал
Е) бүгінгі күнге дейін сақталған халықтың тұрмыстық құралдары, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен өнердегі ескерткіш
7. Халықтық педагогикадағы адамның мінез-құлқына, сана-сезіміне әсер ететін әдістерге:
А) бұйрық беру, өтіну, тапсырма беру, сену
В) жауаптың барлық берілген варианттары жұрыс емес
С) түсіндіру, көндіру
!Д) жазалау, мадақтау, үлгі-өнеге көрсету
Е) үйрету, тәлімгер, жазалау, тілек, кеңес, ым, қолдау, марапаттау
8. Халықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін халықтық тәрбие тәжірибесі бейнеленген пән:
А) халықтық педагогика
В) этнопедагогика
С) шындық
Д) халықтың әдебі
Е) халықтық эстетика
9. Халықтық педагогикадағы негізгі орынды алатын тәрбие әдістері:
А) еңбек
В) өсиет-өнеге
С) мадақтау
Д) талап ету
Е) ата-ананың жекелеген үлгі-өнегесі
10. Бала тәрбиесіне байланысты ырымдар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар:
А) беташар, атқа мінгізу, тұсаукесер
В) бесікке салу, тоғыз құмалақ
С) шілдехана, сыңсу, қырқынан шығару
Д) құрсақ той, шілдехана, бата беру
Е) иткөйлек кигізу, тұсау кесу, атқа отырғызу, бесікке салу
11. Қазақтың халықтық көркемөнер шығармашылығындағы қыз бала тәрбиесіне арналған қолөнерінің түрлері:
А) үй тазалау, тамақ дайындау, мал азығын дайындау
В) кілем тоқу, қой қырқу, жүн түту
С) малға қарау
Д) үй шаруашылығына қажетті юұйымдар
Е) аталғанның барлығы
12. Қазақ қобызының түп нұсқасын жасаған:
А) әл-Фараби/From>
В) Ықылас/From>
С) Қорқыт/From>
Д) Шоқан/From>
Е) Баласағұн/From>
13. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақал білдіреді:
А) тәлім-тәрбиеге кіріспені/From>
В) тәлім-тәрбие нәтижесін/From>
С) тәлім-тәрбиені ұйымдастыруды/From>
Д) тәлім-тәрбиеге үйретуді/From>
Е) тәлім-тәрбиеге жаттықтыруды/From>
14. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы:
А) мал бағу, егін егу, аң аулау, сәндік қолданбалы өнер/From>
В) ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы/From>
С) зергерлік, тоқыма тоқу, егін салу/From>
Д) тері илеу, жүн иіру, аң аулау/From>
Е) кілем тоқу, кесте тігу, ағаш өңдеу/From>
15. «Атамекен» бағдарламасының авторы:
А) З.Ахметова/From>
В) М.Р.Құрсабаев/From>
С) М.Балтабаев/From>
Д) Ә.Садуақасов/From>
Е) С.Қалиев/From>
16. «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы» оқулығының авторлары:
А) С.А.Ұзақбаева, Қ.Ж.Қожахметова/From>
В) Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев/From>
С) Р.К.Төлеубекова, З.Ә.Әбілова/From>
Д) Р.К.Дүйсембінова, Ш. Құлманова/From>
Е) Қ.Аймағанбетова, Р.Жаңабаева /From>
17. Халық педагогикасының принципіне жатады:
А) ақылды, арлы, намысқой, еңбексүйгіш азамат болу/From>
В) үлкенді сыйлау, құрметтеу/From>
С) белсенді, іскер, ойшыл тұлға/From>
Д) арманшыл, батыл/From>
Е) кішіпейіл, қонақжай/From>
18. Орхон-Енисей бойынан табылған көне мұра:
А) Алтын адам/From>
В) Шақпақ ата мешіті/From>
С) Айша бибі күмбезі/From>
Д) Жошы хан кесенесі/From>
!Е) Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған құлпытастары/From>
19. «Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі» зерттеуінің авторы авторы:
А) З.Ахметова
В) М.Р.Құрсабаев
С) Қ.Қ.Шалғынбаева
Д) Қ.Ж.Қожахметова
Е) Қ.Б.Жарықбаев
20. Халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесінің ортасы:
А) мұғалім, қоғам, халық/From>
В) Отбасы, ауыл, аймақ, ру, табиғат, тайпа, ұлт/From>
С) географиялық мекені, ағайын туыс/From>
Д) досы, жолдасы/From>
Е) мектеп, қоғамдық орындар/From>
21. Халық педагогикасының мақсаты:
А) елжандылық, еңбексүйгіштік
В) үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу
С) сегіз қырлы бір сырлы азамат тәрбиелеу
Д) намысқой, арлы болу
Е) еңбекқор, адамгершілігі бар
22. Халық тәрбиешілері:
А) әке-шеше, атасы мен әжесі, ағасы мен әпкесі, ауыл ақсақалы, өнер иелері
В) ата-анасы, досы, құрбысы
С) ұстазы, жолдасы
Д) ру, тайпа, ұлыс
Е) этнос, халық
23. Кәсіптік дәстүрлерге жатады:
А) жайлау, күздеу, уызғандық, қыстау, көктек
В) ерулік, қонақасы
С) құн төлеу, құтты болсын айту
Д) құда түсу, ат қою
Е) қыз ұзату, келін түсіру
24. Ұлттық тағамдарға жатады:
А) кәкпір, бақыр, келі
В) ақ, қызыл, көк (сүт, ет, жеміс)
С) қазы, қарта, жал-жая, қымыз, бал қымыз, уыз қымыз
Д) саба, мес, торсық
Е) елеуіш, тостаған, астау
25. Қазақ үй жиһаздарына жатады:
А) шәйнек, тапа, қауға
В) қымыран, торта, ежігей
С) алаша, текемет, сырмақ, кебеже
Д) қойыртпақ, қатық, тосап
Е) қуырдақ, тасқорық, шара
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. Стратегию 2030 претворять молодым //«Учитель Казахстана», 17 января, 1998. – С. 2-3.
2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы. //«Егемен Қазақстан», 1999. 11 маусым. – Б. 2.
3. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Т.1. /Құраст. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев). – Алматы, «Рауан», 1994. – 320 б.
4. Қорқыт ата. /Аударған Ә. Дербісалин. – Алматы, «Қазақстан», 1993. – 108 б.
5. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 318 б.
6. Баласағұн Ж. Құтты білік. /Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев. – Алматы, «Жазушы», 1986. – 616б.
7. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы, «Ана тілі», 1993. – 125б.
8. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы, «Жазушы», 1986. – 560 б.
9. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы. 1986. – 640 б.
10. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. – Алматы, «Рауан», 1991. – 390 б.
11. Жұмабаев М. Таңдамалы өлеңдер, поэмалар, зерттеулер, аудармалар. – Алматы, «Ғылым», 1992. – 195 б.
12. Байтұрсынов А. Ақжол: өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеулер. /Құрастырған Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
13. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, «Жазушы», 1991. – 225 б.
14. Құдайбердиев Ш. Үш анық. – Алматы, 1991. – 80 б.
15. Аймауытов Ж. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1989. – 372 б.
16. Книга Марко Поло о разнообразии мира. Записанная пизанцем Рустикано в 1298 от р.х. – Алматы, «Наука», 1990. – 120 с.
17. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы, «Білім», 1994. – 495 с.
18. Сәрсенбаев Н. Обычаи, традиции и общественная жизнь. – Алма-Ата, «Казахстан», 1974. – 84 с.
19. Қозыбаев М.Қ. Қазақстан тарихы. – Алматы, «Рауан», 1992. – 244 б.
20. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы, «Ғылым», 1998. – 172 б.
21. Есім Ғ. Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар). – Алматы, «Ғылым», 1996. – 208 б.
22. Подготовка школьников к труду в сфере материального производства. /Атутов П.Р., Поляков В.А. и др. – М.; Педагогика, 1988. – 172с.
23. Батышев С.Я. Трудовая подготовка школьников в условиях НТР. – М., Знание, 1974. – 95 с.
24. Васильев Ю.К. Педагогическое управление в школе: методология, теория, практика. – М., 1990. – 293 с.
25. Лемберг Р.Г. Дидактикалық очерктер. – Алматы, 1969. – 128 б.
26. Бержанов Қ.Б., Мусин С. Педагогика тарихы. – Алматы, «Мектеп», 1984. – 326 б.
27. Сембаев А.І. Қазақ совет мектебінің тарихы. – Алматы, «Мектеп», 1967. – 312 б.
28. Сейтешев А.П. Некоторые актуальные вопросы национального непрерывного образования //Проблемы национального непрерывного образования. – Алма-Ата, 1990. – 19-27 с.
29. Құдайқұлов М.Ә., Құдайқұлов Д. Кәсіпкерліктің этнопедагогикалық негіздері. //Этнопедагогика және этнопсихология. Жинақ 3. – Алматы, 1997. 15-20 б.
30. Кожабаева Б.И. История создания и развития системы государственных трудовых резервов в Казахстане. – Алма-Ата, 1986. – 45 .
31. Жаңабаева Р.А. Еңбек тәрбиесінің негізі. //Педагогика курсының лекциялары. – Алматы. 1991. – 18 б.
32. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, Чувашское кн. изд-во, 1974. – 384 с.
33. Афанасьев В.Ф. Этнопедагогика Востока и Сибири. – М., 1996. – 250с.
34. Ханбиков Я.И. Из истории педагогической мысли татарского народа. – Казань, Казанское кн. изд-во, 1967. – 186 с.
35. Измаилов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана. – М., Педагогика, 1991. – 256 с.
36. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. /Құраст. Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев – Алматы, «Кітап» 1992. – 196 б.
37. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: теориясы мен практикасы. – Алматы, «Нұрлы әлем», 2004. – 304 б.
38. Калыбекова А.А. Казахские народные традиции в музыкально-эстетическом воспитании детей. – Алматы, «Рауан», 1993. – 123 с.
39. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы, «Санат», 2001. – 320 б.
40. Әбілова З. Этнопедагогика. – Алматы, ҚӘТУ, 1997. – 260 б.
41. Асанов Ж. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы. – Алматы, «Ғылым», 1999. – 212 б.
42. Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы. – Алматы, «Ғылым», 1984. – 272 б.
43. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы, «Өнер», 1987. – 128 б.
44. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, «Санат», 1991. – 312 б.
45. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. – Алматы, «Санат», 1998. – 464 б.
46. Эльконин Б.Д. Введение в психологию развития. – М., 1994. – 387с.
47. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы, «Қазақстан», 1996. – Б. 6.
48. Намазбаева Ж.И. Жеке адам дегеніміз кім. //»Хабаршы» ғылыми-педагогикалық орталық хабаршысы. № 5, 19 маусым, 2005 ж.
49. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. – Алматы, КазГУ им. Аль-Фараби, 1992. – 198 с.
50. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы, «Рауан», 1995. – 63 б.
51. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, «Білім», 2003. – 280 б.
52. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы, «Қаржы-қаражат», 1995. – 200 б.
53. Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. /А. Қасымжанов және т.б. бас редакциясымен. – Алматы, «Білім», 1994. – 176б.
54. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). /Авторлар ұжымы: Таймағамбетов Ж.Қ. және т.б. – Алматы, «Дәуір», 1994. – 446 б.
55. Сұлтанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в ХV – ХVІІ вв. – Алматы, «Білім», 1992. – 145 б.
56. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, «Атамұра» 1999. – 296б.
57. Философский словарь /Под. ред. Фролова И.Т., М., 1987. – 590 с.
58. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1986. – Т. 10. – 512 б.
59. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Т. 2. /Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы, «Қазақ энциклопедиясы», 1998. – Б. 637.
60. Зуй М.И. Проблема научного обобснования морали. – М., 1989. – 149с.
61. Юнг К.Г. Психология безсознательного. – М., 1994. – 597 с.
62. Согомонов Ю.В. Моральный феномен: трудности определения //Что такое мораль. – М., 1988. – 105 с.
63. Петропавловский Р.В. Мораль и условия ее теоретического осмысления //Что такое мораль. – М., 1988. – 120 с.
64. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1976. – Т. 8. – 663 б.
65. Философиялық сөздік /Ред. ұжым.: Р.Н. Нұрғалиев, Г.Г. Ақмамбетов, Ж.Ж. Әбділдин; Алматы, 1995. – 525 б.
66. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1983. – Т. 7. – 672 б.
67. Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М., 1983. – 816 с.
68. Архангельский Л.М. Методология этических исследований личности. – М., 1982. – 297 с.
69. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. /Жалпы ред. басқарған А.Қ. Құсайынов – Алматы, «Мектеп», 2002. – 256 б.
70. Росенко М.Н. Основы этических знаний. Спб., 1998. – 256 с.
71. Ислам. Энциклопедический словарь. – М., 1991. – 311 б.
72. Эрих Фромм. Человек для себя. Исследование психологических проблем этики /Перевод с англ. Чернышевой Л.А. – Минск, 1992. – 314 с.
73. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. Оқу құралы. – Алматы, «Рауан», 1998. – 272 б.
74. Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері (орта мектептің VІІІ – ІХ кластарына арналған оқу құралы). – Алматы, «Рауан», 1994. – 222 б.
75. Кенжеахметұлы С. «Жеті қазына» (бірінші кітап). – Алматы, «Ана тілі», 2002. – Б. 136.
76. Кенжеахметұлы С. «Жеті қазына» (екінші кітап). – Алматы, «Ана тілі», 2002. – Б. 16.
77. Тоқтабай А., Сейтқұлова Ж. Төрт түліктің қасиеті. – Алматы, 2005. – 192 б.
78. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Астана, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, 1998. – 378 б.
79. Сарыбеков Н., Сарыбеков М., Сарыбеков К.-Д. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері. – Алматы, «Рауан», 1997. – 51 б.
80. Көпеев М.Ж. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. – Алматы, 1992. – Б. 33.
81. Қазақтың халық емі. /Құраст. М. Қанапияұлы. – Алматы, «Өнер», 1995. – 73 б.
82. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. Ғылыми және көркемдік таным ерекшеліктері. – Алматы, 1994. – 224 б.
83. Календарные обычаи и обряды в странах зарубежной Европы. Исторические корни и развитие обычаев. – М., 1983. – С. 57.
84. Рыбаков Б.А. Язычество древних славян. – М., 1981. – С. 36.
85. Календарные обычаи и обряды у народов Восточной Азии. Новый год. – М., 1985. – С. 45.
86. Цыбульский В.В. Лунно-солнечный календарь стран Восточной Азии. – Киев, 1988. – С. 3-15.
87. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы, «Қайнар», 1996. – 288 б.
88. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. – Алматы, «Кітап», 1992. – 325 б.
89. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, «Рауан», 1992. – 136 б.
90. Ісләмжанұлы К. Рухани уыз (қазақ балалар фольклоры). – Алматы: Ана-тілі, 1995. – 144 б.
91. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения //Соч.: В 2 т. – М., 1982. – Т. 1. – 656 с.; Т. 2. – 576 с.
92. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения //Соч.: В 2 т. – М., 1981. – Т. 2. – 279 с.
93. Бес ғасыр жырлайды. 2 – томдық. Т. 1. – Алматы, 1989. – 310 б.
94. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1993. – Т.1. – Б. 167-168.
95. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, «Жазушы», 1989. – 448 б.
96. Байтұрсынов А. Шығармалары. /Құраст. Ә.Шәріпов, С.Дәуітов – Алматы, «Жазушы», 1989. – 320 б.
97. Дулатов М. История происхождения казахов и киргизов. – Оренбург, 1925. – 42 с.
98. Құдайбердиев Ш. Өлеңдері мен поэмалары. – Алматы, «Жалын», 1988. – 125 б.
99. Сүйіншәлиев Х. VІІІ – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, «Санат», 1999. – 280 б.
100. ХV – ХІХ ғасырлар ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. – Алматы, 1990. – Б. 33.
101. Ұзақбаева С.А., Шалғынбаева Қ.Қ, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары. – Алматы, «Білім», 1998. – 126 б.
102. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. – Алматы, «Рауан», 1991. – 47 б.
103. Құрсабаев М.Р. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселелері. – Алматы, 1993. – 110 б.
104. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – Алматы, РБК, 1993. – 162 б.
105. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы, «Рауан», 1994. – 112 б.
106. Шәмкенова Р. Зергерлікте ғажайып мағына бар. //Қазақстан мектебі, № 10, 1996. – Б. 21-23.
107. Рысмендиева Р. Халықтық педагогика – тәрбиенің қайнар көзі //Қазақстан мұғалімі. – 1991. - № 9. Б. 2.
108. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы, Ана тілі. 1991. – 114 б.
109. Арғынбаев Х. Дәстүрлі бала тәрбиесі: (Отбасы тәрбиесі). //Ұлағат. №1., 1995. – Б. 33-38.
110. Сейтқұлова Ж. Түйе түлік төресі //ҚазМҰҮ хабаршысы. Тарих сериясы. № 1(16). – Алматы, 2000. – Б. 120-128.
111. Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. – Алматы, «Ғылым», 1969. – 170 б.
112. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. – Алматы: Қайнар, 1996. – 288 б.
113. Радлов В.В. Из Сибири. – М., 1989. – Б. 45 с.
114. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, «Санат», 1995. – 552 б.
115. Бөлеев Қ. Қазақтың халық педагогикасы.-Жамбыл,1993.-20б.
Қосымша - Ә. Сурет 1 – Қазақ халық педагогикасында жеткіншектерді дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу моделі Кесте 6 - Қазақ халқының дәстүрлі ауыл шаруашылығы, қолөнер, тұрмыстық еңбектеріндегі ер бала мен қыз балаға тән еңбектің түрлері Дәстүрлі еңбек салалары Ер балаға тән еңбек түрлері Қыз балаға тән еңбек түрлері Мал шаруашылығы 1-6 жас: лақ, қозыларды, бұзауды қайыру, өріске айдау 7-15 жас: лақ-қозыларды, бұзауды, ботаны өріске айдау, өрісте бағу, күту; жем-шөп дайындау, шөп шабуға көмектесу, қораны тазалау, мал суару, отын жинауға көмектесу 16–18 жас: малды төлдету, қой қосақтау, сақман, қой қырқу, ат суыту, құрық салып асау үйрету, мал соя білу, оны жіліктеу; қора салу, жүкті түйеге арта білу, қазақ үйді жығу, оны тігу, т.б. 1-6 жас: лақ, қозыларды, бұзауды қайыру, өріске айдау 7-15 жас: малды өріске айдау, лақ, қозыларды, бұзау, ботаны күту, бағу; шөп жинауға көмектесу, мал суару; тамақ дайындау 16–18 жас: қой қосақтау, сақман, қой қырқуда жүнді тасу, іріктеу, кептіру; ет мүшелеу, тұздау, кептіру; отын жинауға көмектесу, тамақ дайындау; қазақ үйді тігу, сиыр, бие, қой сауу, т.б. Аңшылық Қолөнер еңбегі а) Ағаш ұқсату ә)Металл өңдеу б) Сүйек пен мүйіз ұқсату 7–15 жас: қармақ салу, ау салу, шанышқымен, найзамен түйреу 16–18 жас: қақпан құру, құс (бүркіт) салу, ор қазу, тор салу, тұзақ құру, у салу, садақ ату, мылтық ату, ит (тазы) қосу 7–15 жас: аң, құс еттерінен тағамдар дайындау, балық тұздау, қуыру, пісіру 16–18 жас: аң терілерін кептіру, іріктеу, илеу, құс жастық, құс төсек жасау, балық кептіру 7–15 жас: киіз үй сүйегін жасауға керекті ағаштарды кесу, кептіру, іріктеу, жону, әшекейлеу және т.б. 16–18 жас: киіз үй сүйегін, ер-тұрмандар, музыкалық аспаптар, садақ, тоғызқұмалақ ойынының тақтасын, арба, домбыра, қобыз, сырнай және т.б. жасау 16–18 жас: ер-тұрман, қару-жарақ әшекейлеу; өңіржиек, сақина, сырға, білезік жасау 7–15, 16–18 жас: сүйекті жону, шегелеу, ысқыш, тобыршық, мүйізден тарақ, т.б. жасау 15 жас: киіз үй сүйегін әшекейлеу, бояу түстерін таңдап,7 ою-өрнек салу 16–18 жас: үй жиһаздары мен ыдыс-аяқтарды әшекейлеу, бояу, ою-өрнек салу 16–18 жас: сәукеле, қиықша, алқа, білезік, түйреуіш, шашқап, шолпы, сағат бау, кемер белдік, бұрама, ыдыс-аяқ әшекейлеу 7–15, 16–18 жас: мүйізден түйреуіш, тарақ, қобдишаларды өрнектеп-әшекейлеу в) Тері ұқсату г) Тас өңдеу д) Киіз басу е) Кілем тоқу 16–18 жас: қайыстан қамшы өру, айыл, жүген, тізгін, қанжыға, шылбыр, шідер, ноқта жасау 16–18 жас: құлпытас, үш тас, бес тас, қошқар тас, қой тас, сағана өңдеу, қалау 7-15, 16–18 жас: жүн сабау, киіз тебу 7-15, 16–18 жас: кілем тоқуға қажетті құралдар: серу, теру, ұршық, адарғы, 16–18 жас: қайыстан қамшы өру, айыл, жүген, тізгін, қанжыға, шылбыр, шідер, ноқталарды бояп, өрнектеу 16–18 жас: тас ұсақтау, түрлі-түсті тастарды іріктеп, өрнектеп-әшекейлеу 18 жас: жүн сабау, киізді тебу, білектеу7-15, 16 7–15, 16–18 жас: түкті, бұқар, жол, жолақ, масаты, қалы, қара, түкті, алаша, әндіжан, түркімен, адай Мәдени-тұрмыстық еңбек 7–15, 16–18 жас: отын дайындау, оларды үйге жеткізу, ауладан отынға орын әзірлеу; мал сою, саба пісу; ауланы жинақы ұстау, қақпа, сарай, қора-қопсыны жөндеу, тұрғын-жайды таза және жылы ұстау; киімдерін күтіп ұстай білу, жуу, үтіктеу 7–15, 16–18 жас: өзін-өзі күту, үйді таза ұстау, киімдерін күтіп ұстай білу; киім жамау, тоқу, әшекейлеу, пішу, тіге білу; ас әзірлеу, нан және ұннан жасалатын тағамдарды пісіру, жеміс-жидектерді тұздау, кептіру, ұлттық тағамдарды дайындай білу; қонақ күту, мүше ұсыну; сабын былғау, май шайқау, құрт-ірімшік кептіру Қосымша А Кесте – 1. Ер балаларды қазақ халқының дәстүрлі еңбекке даярлаудағы пайдаланатын ұғымдар жүйесі Дәстүрлі тұрмыстық шаруашылыққа байланысты ұғымдар Қазақ үй мүліктері Үй шаруашылығында пайдаланылатын саймандар Қол өнерінде пайдаланылатын Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады. Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері. Күлдіруіш – түндікті көтеріп тұратын ағаштан иіп жасалған бөлшек. Шаңырақ күмбезі осыдан тұрады. Кепілдік /кепіл ағаш/ - күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш. Қаламдық – уықтың қаламы /басы/ кіріп тұратын шаңырақтағы төрт бұрышты тесік. Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш. Қаламы – уықтың шаңырақ қаламдығына кіретін ұшы. Қары – уықтың иініне дейінгі бойы. Иіні – уықтың иілген /бүгілген/ тұсы. Алақаны –уықтың кереге басына Айыр – шөп үюге, жинауға арналған 3-4 тісті темір сабы ағаш. Күрек –темірден жасалған ағаш сапты күреу аспабы. Тоқпақ – қазық қағатын ағаш құрал. Керме – ат байлайтын керме арқан. Кетпен – жер қазатын құрал. Орақ – егін оратын құрал. Бел орақ – шөп, қамыс шабатын құрал. Арба – жаз көлікке жегетін 2-4 дөңгелекті тасымал құрал. Шана- қыс көлікке жегетін тасымал құрал. Күймелі арба, күймелі шана – адам отыратын жабық арба немесе шана. Ат шана – жеңіл және әдемілеп жасалғн шана. Мала – шөп, қамыс таситын шананың бір түрі. Қорап – шыбықтан тоқылған шанаға Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап. Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді өлшеуіш әрі ою салатын құрал. Бақауыз – темірді соққанда ұстайтын тіссіз аспап. Балға – соғатын, қағатын аспап. Бұрғы – ағаш тесетін құрал. Біз – етікші құралы. Білтегіш – тоқымашының тоқу құралы. Жонғы – ағаш қабағын жонатын құрал. Жуалдыз – ине тәрізді құрал. Ине – тігінші құралы. Кеземел ине – жасуы үлкен ине. Иненің жасуы – көзі деген мағынада. Инелік – ау тоқитын құрал /ағаш, сүйек/. Тебен – қалың бұйымдар /текемет, Кесте 1-дің жалғасы бекітілетін басы. Уық бау – уықты басына байлайтын жіп. Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік. Қанат -керегені жинап біріктіруді «қанат» деп атайды. Желі – керегені құрайтын ағаштар. Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз. Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан. Күйеу қазық – үй сыртында іргесінде жел арқан байланатын қазық. Бақан – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын бір жақ басы аша ұзын ағаш. Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы. Дақтау, дембі – шеберлер термині, белгілеу деген сөз. Белдеу – туырлық желде көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан. Бас арқан – үйдің барлық салмағын Салып зат т.б. таситын құрал. Мосы – шәйнек іліп отқа қоятын үш аяқты мүлік. Темірошақ – қазан асатын үш аяқты темір мүлік. Шошала – артық зат, құрал-жабдық қоятын үйшік. Насыбай тостаған насыбай үгітетін ыдыс. Үккіш – насыбайды үгетін шоқпар. Жайнамаз – намаз оқитын жайма, төсеніш. Тәсбиық/тәшбиық/ - молдалардың намаздан кейін мінәжат ететін моншақ, тізбегі. Оқтау – қамыр ысатын жұмыр ағаш. Нантақтай – қамырды илейтін және ақтаумен ысатын тегіс, жалпақ тақтай. Диірмен тері – диірмен астына төсейтін төсеніш. Елеуіш – ұн елейтін дөңгелек жиекті, тор көзді дүние. Қайрақ – пышақ, балта қайрайтын тас. Түбіттарақ – түбіт түтетін темір тісті ағаш құрал. Қап, қапшық – бұйым салуға арналған киіз/ тігетін үлкен әрі жуан ине. Егеу – темір егейтін құрал. Мәймөңке – ұшы қасқа ине. Терме жібін теретін қайқыбас кішкентай ағаш. Сыдырғыш - өрімшінің өрімді тегістейтін құралы /сүйек, қатты ағаш/. Сабау – жүн сабайтын ұзынша жіңішке ағаш. Сояу – талдырма киіздерді жөрмейтін, тігетін иненің бір түрі /сүйек, ағаш/. Сүргі – терінің көк етін алатын құрал. Кескір – темір кесетін құрал. Көрік – ұстаның шөқ үрлейтін құралы. Кемпірауыз – қышқаштың бір түрі, ұста құралы. Қышқаш - өнделетін, істейтін затты тістеп ұстайтын құрал. Қайрақ – құралдарды өткірлеу үшін оның жүзін қайрайтын тас. Қашау – ағаш оятын құрал /темір/. Кесте 1-дің жалғасы ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.Адалбақан – Киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш. Асадал – ыдыс-аяқ қоятын жәшік. Абдыра/әбдіре/ - зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі. Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі. Сандық қап -көшкенде қажалмас үшін киізден жасалған жұмсақ қаптама. Жағлан - сыртын былғарымен қаптаған сандық түрі. Жәшік – қақпақпен жабылатын, төрт аяқты мүлік. Қобдиша – сандықтың кішкене түрі. Жүкаяқ – сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш мүлік. Кебеже - өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі. Төсекағаш – керует. Шабадан – ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, жүннен, қалың матадан жасалған бұйым. Қырғыш – ыдыс түбіндегі қаспақтарды қыратын темір. Сүйретпе – екі басын ат арқасына салып, зат сүйрейтін ағаш құрал. Оған адам да отырады. Орындық – адам отыратын отырғыш. Орындық – саба, мес астына қоятын төрт аяқты мүлік. Оттық - от шығаратын күкіртті зат. Шақпақ тас – бір-біріне шағып от шығаратын тас. Жаңғырық – ағаш шапқанда астына қоятын дөңгелек. Істік – піскен етті қазаннан түйреп алатын қатты ағаштан, аршадан, тобылғыдан жасалған сүйрік. Күрсі – кітап астына оқығанда қоятын орындық. Сүлгі – жуынғанда сүртінетін түткі мата /орамал/. Ормал – қол сүртетін, жуған ыдыстарды сүртетін мата. Майлық – майлы, кірлі заттарды сүртетін шүберек. Қазиек – соғылатын, қыздыратын темірді ұстайтын тісті құрал. Қуысқұлақ – жүзі қуыс ағаш оятын құрал. Қалып – етікші құралы, аяқ үлгісі /ағаш/. Қайшы – мата қиятын тігінші құралы. Темір қайшы – қаңылтыр қиятын қайшы. Түрпі – ағаш мінін алатын бұдырлы темір құрал. Тескіш – темір, қаңылтыр тесетін ұшты құрал. Ырғақ – тезден шыққан ағаштарды үлгіге келтіретін қарапайым қалып ретіндегі құрал. Қақсал ағаш - әбден кепкен үй жасауға жарамды ағаш. Мор – қақсал ағашты жұмсарту /балқыту/ үшін жер үстене жасалатын пеш. Обын – үй ағашын жұмсарту үшін жер астында жасалатын пеш. Қоз – ағашты жұмсарту үшін от жағатын орын. Кесте 1-дің жалғасы киіздер облап жасалған мүлік. Кілем – жүннен тоқылатын бұйым. Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы. Ыру – уық пен кереге салынған оюлы сызықтар. Көз – керегенің торкөздері («тор көз», «жел көз»). Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері. Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі. Босаға – сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік. Маңдайша – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын берік ағаш. Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын берік ағаш. Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп тұратын айналмалы ағаш тиек. Туырлық – ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін Алмас – шыны кесетін құрал. Пышақ – тамақ, зат т.б. кесетін аспап. Лөкет – мал соятын үлкен пышақ. Бәкі – қалтаға салып жүретін мүлік. Қын – пышақ салып жүретін мүлік. Ұстара – сақал-мұрт, шаш алатын өткір құрал. Сыпырғыш – ірі құс қанатынан немесе шілік, жусаннан буып жасалған үй сыпыратын мүлік. Сүймен – мұз оятын құрал. Қалжуыр – үш қармақты темір. Шот – ағаш шабатын үй құралы. Шотаяқ – шөп суаратын құрал. Жады – малға құрақ, сабан, жүгері турап беретін құрал. Келі – тары түйетін құрал. Келісап – келі ішіндегі тарыны түйетін құрал. Сақар – қурайды өртеп алатын тұнба. Сабын/кір сабын/ - сақарға мал майын араластырып қайнатып жасайтын кір кетіргіш қосынды. Бұзаушық – кішкене сабын. Үйші – киіз үй жасайтын шебер. Тез – мор, обын, қоздан жұмсарып шыққан үй ағашын түзетін немесе иетін үйші құралы. Сықаурын – тездегі ағаштың қисығын жамбасқа салып түзетін өте қатты ағаш. Талқы – кепкен теріні, көнді, сіріні, ұйысқан жүнді жұмсартатын құрал /ағаштан жасалады/. Көк – керегені құрайтын таспа /қайыс/. Үскі – көк өткізу үшін кереге тесетін құрал. Дақтау, дембі – шеберлер термині «белгілеу» деген сөз. Борлау – түндік, туырлық төзімді, берік болу үшін ақ бормен не күйген сүйекпен қырнайды. «Түйе бел» - ши тоқитын құрал. «Ши құрғыш» - деп те атайды. Үй ағаш – киіз үй үшін дайындағын, кептірген ағаштар. Сыздық – керегеге салынатын терең Кесте 1-дің жалғасы жабылатын киіз. Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабылатын туырлық бөлігі. Дөдеге/үзікті үй/ - үй сыртына кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз. Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз. Түндік бау – түндік белдеуге байлайтын бау. Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік. Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши. Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған туырлық ішінен тартылатын ши. Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау. Бас құр – кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін /тартылатын/ жалпақ облы құр. Алқынды – сабынның әбдег жұқарған қалдығы.Ау – балық аулайтын құрал. Қаза – қамыстан тоқып балық аулайтын құрал. Оның екі жақ басында балық тұратын қоржыны болады. Сүзекі – қазадағы балықтың сүзіп алатын торкөз. Қармақ – балық аулайтын құрал. Жұтпа – балықты тірі шаншып шортан аулайтын қармақ. Қайық - өзеннен өтуге немесе жазда аудан балық алу үшін жасалған құрал. Қақпан – аң аулайтын темір құрал. Тұзақ – сымнан немесе қылдан жасайтын аңшы құралы. Ара, балға,балта, тістеуік – тұрмыс құралдары. Инелік – ау тоқитын құрал /ағаш/. Кісен – ұры алмас үшін ат аяғына салынатына құлыптың бір түрі. сызықтар. Сарнауық – керегеге сызық салатын аспап /темір/. Ірге киіз – үйдің іргесінен шаң, құм, жел,суық жібермеу үшін тұтылатын киіз. Көзеу – шаңырақ қаламдығын тегістеу үшін қызған темірмен күйдіру. Уықтың ығуы немесе қыдыруы – уықтың уытқып кетуін осылай айтады. Шалма – уықтың қыдырмауы үшін барлық уықты шалып өтетін терме бау. Тістеуік – шеге суыратын құрал/темір/. Төс – жасалатын, өңдейтін темірді салып таптайтын салмақты, берік темір тұғыр. Оймақ – тігіншілердің. Етікшілердің саусағына киетін ойық, темір. Тері оймақ – теріден жасалған оймақ. Қож – ұсталардың көмір салатын Кесте 1-дің жалғасы Жел бау – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні оған үй шайқалмас үшін салмақ байланады. Балақ бау – көшкенде уықтарды қосып байлайды.Аяқ бау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы. Есік бау – киіз есік бауы. Тастама - киіз есіктің жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байланатын бауы. Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы. Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы. қалағы /сүйек/. Ілдіргі – тоқымашының құралы /ағаш, сүйек, темір/. Ұршық – жіп иіретін құрал. Құрамы: қаңғалақ /яғни басы/, сабы. Сабында бұрмашасы болады. Пышақ – кесетін құрал. Шот - ағаш шабатын құрал. Кесте – 2. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына байланысты ұғымдар Жылқы Түйе мен сиыр Қой мен ешкі Қамбар ата – жылқының пірі, иесі әрі киесі. Құлын, құлыншақ – жылқы төлі. Жабағы – бір жылға дейінгі төл. Тай - екі жастағы жылқы. Құнан – үш жастағы жылқы. Құнажын – үш жастағы ұрғашысы. Байтал – төрт жастағы ұрғашысы. Сойтал – төрттен асқан ұрғашысы. Дөнен – төрт жастағы еркегі. Бесті – бес жасар еркек жылқы. Айғыр – аталық жылқы. Сәурік – жас айғыр. Бие – аналық жылқы. Қулық – алғаш құлындаған бие. Қысырақ – үйірге алғаш қосылған жас мал. Мама бие – көп құлындаған жуас бие. Бедеу – құлындамайтын жылқы. Ат – ақталған /кестірілген/ еркек жылқы, мініс ат. Мініс аттары жалпы жылқы тегіне қарай тұлпар, сәйгүлік, дүлдүл, наз бедеу, қазан ат, арғымақ, жабы, қасиетіне қарай аяушыл, жорға, жүйрік т.б. деп аталады. Жылқының түр-түстері – ақ, ақбоз, күрең, Ойсылқара – түйе пірі, иесі киесі. Бота, ботақан, көшек – түйе төлі. Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе. Тайлақ – екі-үш жасар ұрғашы түйе. Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе. Буырлыш – төрт-бес жасар ұрғашысы. Буыршын – төрт-бес жасар еркегі. Бура – аталық түйе. Інген – аналық түйе. Атан – ақталған /кестірілген/ түйе. Түйе малы тұқымы мен касиетіне қарай: нар, жампоз, қоспақ, арақоспақ, мыозақоспақ, желмая, аруана, біртуған, маз, үлек, айыр т.б. деп бөлінеді. Көрт, көйін – түйенің жаман түрлері. Ақшелек, қатпа – түйе аурулары. Шопан ата – қойдың пірі, иесі, киесі. Қозы, қошақан – қойдың жас төлі. Көрпеш – есейген қозы. Көбеген – төл басы, ерте туған қозы. Көпей – кеш туған қозы. Марқа – қозының марқайған кезі. Бағлан – семіз марқа. Тоқты – жасы алты айдан асқан. Ісек – тарттырылған /кестірілген/ қой. Құнан қой – үш жастағы қой. Дөнен қой – төрт жастағы қой. Азбан – тарттырылған қошқар. Қошқар – аталық. Саулық – аналық қой. Ақауыз қой - әбден семірген бойдақ қой. Топалан – қой ауруы. «Пүшайт-пүшайт» - қойды шақыру. Шешек ата – ешкінің пірі, иесі, киесі. Лақ – төлі. Бөрте – алты айлық төл. Шікіраз – жасқа толған еркегі. Туша – жасқа толған ұрғашысы. Кесте 2-нің жалғасы торы, жирен, шабдар, шүбар, теңбіл, қызыл, қара, қарагер, құла, құлагер, бурыл, баран, қылаң, сұр, ала, кер, күлдібадам, шалбас. Тулақ - әбден жүдеген арық жылқы. Мәстек – жылқының жаман түрі. Жамандату, шеміршек, сақау, маңқа, қолқа – жылқы аурулары. Жылқы жүрісі – аяң, жортыс, бүлкіл, желіс, сау желіс, сар желіс, бөкен желіс, текірек, шоқыту, шабыс. «Құрау-құрау» - жылқыны шарқыру. Үйір – жылқы тобы. Атсейіс – ат бабын білетін адам. Ақтату – жылқыны кестіру, ат қылу. Арамза – мезгілсіз туған төл. Бедеу – мүлде құлындамайтын жылқы. Бұғалық – жылқыны ұстайтын арқан. Керме – ат байлайтын арқан. Ақыр – атқа жылқыға жем салатын орын. Күделеу – бие сауғанда жүріп кетпеу үшін алдыңғы аяғын мойнына жіппен байлап қою. Исіну – жылқының сүт бермей жүріп кетуі. Таға – жылқы мұздан таймас үшін оның тұяғына қағатын темір доға. Қысыр – төлдемей қалған мал. «Көс-көс» - түйені шақыру. Зеңгі баба – сиыр пірі, иесі, киесі. Бұзау – сиыр төлі. Баспақ – алты айға дейінгі төл. Арда, торпақ – бір жылдық төл. Тайынша – жастан асқан еркегі. Тана – жастан асқан ұрғашысы. Қашар – екі жасар ұрғашысы. Құнажын – үш жасар ұрғашысы. Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы. Өгіз – кестірілген мал. Бұлар жасына қарай өгізше, құлан, өгіз, атан өгіз т.б. болып аталады. Бұқа – аталық. Сиыр – аналық. Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр. Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр. Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар. Қашақ – жиі қашатын яғни бұқаға тоқтамайтын сиыр. Аусыл, қарасан – сиыр ауруы. «Ахау-ахау» - сиыр шақыру. Келе – түйе тобы. Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы. Ешкі – аналық. Серкешік- жасқа толған еркегі. Теке – аталық. Кебенек - ешкі ауруы. «Шөре-шөре» - ешкіні шақыру. Ешкінің түстері – ақ, қара, көксағыл, ор жағал, сары. Отар – қой, ешкі тобы. Сырға – мал құлағына салынатын белгі. Жалқы – жалқы туған төл. Егіз – бірге туған екі төл. Үшем – бір енеден туған үш төл. Төртем – бір енеден туған төрт төл. Көген – қой, ешкі байлайтын арқан, жіп. Кереқап - жаңа туған қозы мен лақты салып әкелетін қапшық немесе ыдыс. Сарық – қойдың бір түрі. Маңырады – қой, ешкі дыбысы. Жамырады – төлдің енесін сауылудан бұрын ему. Үркі/үрікті/ - малдың шошынуы. Бұқа сүріді -бұқаның сиырды Кесте 2-нің жалғасы Қылқұйрық – жылқы деген сөз. Қарақаптал – аналықты қашыруға жарамай қалған аталық /айғыр, .т.б/. Қасқа – мал басындағы ақ таңба. Төбел – мал маңдайындағы ақ таңба /төбел тай/. Құрық - басына жіп байлаған мал ұстауға арналған сырық ағаш. Қасапшы – мал союшы. Саяқ – бойдақ жас жылқылар тобы. Матау – асау жылқылары бірнеше жерден байлау. Кісінеу – жылқының дыбыстауы. Айғыр шапты – айғырдың биені қашыруы. Айғырдан шықты – биенің қашуы. Міңгі – мінуге үйретілген мал. Жегін – жегуге үйретілген мал. Табын – сиыр тобы. Басжіп – сиыр байлайтын жіп. Бошалау – аналық малдың туар кезде төлін қызғанып аулаққа қашуы. Бауыртақ – төлдің кіндігін сақтау үшін бауырына тағылатын мата. Желі – төл байланатын керме. Желінқап – сиырдың желіні жарылғанда кигізілетін қапшық. Ен – малдың мүйізіне, құлағына салынатын белгі. Қара тіл – сиырдың жүйрігі. Боздау /баздады/ - түйе дыбысы. Мөңіреу /мөңіреді/ - сиыр дыбысы. Шапқатарлау – түйелерді бір-біріне тізіп жетелеу. Бұра шөкті – бураның інгенді қашыруы. Топай – сиыр асығы. Күзеу – тайдың, құнан, байталдың жал-құйрығын кесу. қашыруы. Жеру/жеріді/ - малдың өз төлін алмауы. Телу – төлді басқа аналыққа қосу, емізу. Сиыр, қой, ешкі қашты – аналық малдың тоя алуы. Асық – балалар аса құмартып ойнайтын асықты жілік пен сирақтың ортасындағы сүйек. Ешкімек – ешкі асығы. Қосымша Ә Кесте – 3. Қыз балаларды қазақ халқының дәстүрлі еңбекке даярлаудағы пайдаланагын ұғымдар жүйесі Дәстүрлі тұрмыстық шаруашылыққа байланысты ұғымдар Қазақ үй мүліктері мен жиһаздары Ұлттық киімдер Зергерлік және тігін бұйымдары Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш. Асадал – ыдыс-аяқ қоятын жәшік. Абдыра/әбдіре/ - зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі. Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі. Сандық қап – көшкенде қажалмас үшін киізден жасалған жұмсақ қаптама Жағлан – сыртын былғарымен қаптаған сандық түрі. Жәшік – қақпақпен жабылатын, төрт аяқты мүлік. Қобдиша – сандықтың кішкене түрі. Жүкаяқ – сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш мүлік. Киім – адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын бұйым. Тымақ – аң, мал терісінен жасалған қыстық бас киім. Бөрік – жиегіне аң терісін салған бас киім. Оны ерлер де қыздар мен жас келіншектер де киеді. Төбесіне үкі қадап, сыртын әшекейлейді. Бөкебай - түбіттен тоқылған әйелдердің бас киімі. Тақия – қыздардың үкілеген, әсем тағымлар тағылған бас киімі. Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі. Қалпақ – ер адамның киетін бас киімі. Төбетей - төбеге киетін шағын бас киім /жаздық/. Құлақшын /малақай/ - қыстық бас киім Жалғабай – малшылардың жаздық бас Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы. Білезік – күмістен, алтыннансоғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. атаулары бар. Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік. Балдақ – алтынна, күмістен соғылатын жұмыс сақина. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркертер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Моншақ – түрлі тастар мен шыныдан жіпке тізілген мойынға, қолға салатын, Кесте 3-тің жалғасы Кебеже - өрнектелік жасалған жәшіктің бір түрі. Төсекағаш – керует. Шабадан – ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, киіздер оюлап жасалған мүлік. Кілем – жүннен тоқылатын бұйым. Түскілем – тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестелеген керегеге ілетін кілемше. «Түскиіз» деп атайды. Алаша - өрмекпен тоқылып, қосылатын кілемше. Шымылдық – ерлі-зайыптылардың жатарда тұсына ұстайтын ақ матадан тігілген мүлік. Көрпе – ішіне жүн, мақта салып матадан тігілген жамылғы. Төсек көрпе – адамдар астына төсейтін көрпе. Көрпеше – бір адам отыратын шағын көрпе. киімі. Сәукеле – ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі. Сәлде – молданың басына орай салатын киім. Желек – сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата. Жыға – дулығаның немесе бас киімнің желке тұсына мойынға су кетпекүшін тағылған қалың мата. Күлапара – бас киімнің сыртынан су немесе қар түспес үшін қаптай киетін киім. Күндік – жаулықтың бір түрі, егде әйелдер басына орай тартады. Жаулық – тұрмыстағы әйелдердің басқа тартатын киімі. Кимешек - әйелдердің басын, иығын жауып тұратын киім. Біртартар – басқа тартатын орамал /әйел/. Шалма – түбіттен тоқылған ерлердің мойынсалғышы. киімге тағатын сән бұйымы. Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар. Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын үш бұрышты, салпыншақты күміс бұйым. Маңдайша – сәукеле т.б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым. Сақина – саусаққа салатын әртүрлі үлгіде күмістен, алтыннан соғылатын бұйым. Танакөз – шар тәрізді күміске тстан көз орнатылған түйме тәрізді сәндік тағым. Өңіржиек – салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі. Үкіаяқ – үкі тұяғына ұқсатып күмістен соғатын астын бірнеше салпыншақтар тағылған бұйым. Көз отаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар далуғасына қадалған. Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шекетулеген аса қымбат белбеу. Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары Кесте 3-тің жалғасы Сырмақ – киізден сырып жасалатын түскиіз немесе төсеніш. Талдырма – жұмсақ төсеніш киіз. От киіз – от басына, ошақ қасына төселетін кесек киіз. Тулақ – босаға жаққа төселетін мал терісі. Шыпта – ас тұратын жерді қалқалап қоятын ши. Мамық – құс жүнінен жасалған жатын төсеніш. Жастық ағаш – жастық астына қоятын ағаш мүлік. Бөстек – қозы, тоқты терісінен жасалған төсеніш. Кірсалғыш – жеңіл бұйымдарды салып, кереге басына ілінетін матадан әшекейлеп жасаған бұйым. Боқша – кітап салатын немесе зат салатын киізден немесе қалың матадан жасалған дорба. Жүк – сандық үстіне жиналған төсек-орын. Жүкжапқыш – жүк үстіне жабатын кестелі жапқыш. Шәлі/салы/ - әйелдердің басқа тартатын шашақты, сәндік орамал. Тоқуына қарай «бөртпе шәлі» деп те атайды. Жейде – іштен киетін ерлер киімі. Көйлек - әйел киімі. Киіт – құдалыққа ұсынатын киім, бұйым /кәде/. Күрте – ерлердің жейде сыртынан киетін жұқа киімі. Кеудеше – жылылық үшін кеудеге киетін жеңсіз. Бешпент – ерлердің жазда киетін сырт киімі. Шапан – тізеден төмен түсетін қалың сырт киім. Қаптал шапан, қималы шапан, сырмалы шапан деген түрлері бар. Камзол - әйелдердің көйлек сыртынан киетін киімі. Шекпен – су өтпес киетін сырт киім. Ең бағалысы түйе жүнінен тігіледі. Жақы /құлын жақы, тай жақы/ - жылқы терісін жүнін сыртына қаратып тігетін кәделі киім. бұйым. Оқшантай – ішіне шағын зат салатын, кембер белбеуге өткізілетін әшекейлі, былғары қалта. Қапсырма - әйел камзолына тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Шекелік – сәукеле, тақия т.б. баскиімге тағылатын тағым. Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай. Шолпы – шашқа тағылатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Шашбау – қыздар шашвмен қоса өріліп моншақты, зерлі күміс шынжырлы әсемдік тағым. Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сыртын түрлі моншақ, жапсырмалармен безендірілген бұйым. Сырға – құлаққа тағылатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады. Кесте 3-тің жалғасы Шатыр – жауыннан, ыстықта күн көзінен қорғанатын жиналмалы баспана. Бесік – баланы бөлейтін, қастерлік мүлік. Оның жастық, мамық, жаялық, тартпа, түбек, шүмек, бесік, жапқыш т.б. бөліктері мен бұйымдары болады. Ұлтарма – жұмысқа киетін оңай тігілетін етік түрі. Кебіс – қонышсыз былғарыдан тігілетін аяқ киім. Мәш/мәсі/ - кебіспен киетін қонышты, өкшесіз аяқ киім. Шоқай етік – жұмысқа киетін аяқ киім. Ұлтарақ – аяқ киім ішіне жылылық үшін салынатын киіз. Шұлық – жалаң аяққа киетін жүннен тоқылатын киім. Шәрке – жаз киетін жұқ аяқ киім. Сандал – үсті ашық жаздық Шұлғау – етік, мәсі ішінен аяққа орайтын жұмсақ мата. Пима – жүннен басылған жылы, Жадағай – түйе жүнінен тоқылған астарсыз шапан. Тон – аң, мал, қой терілерінен тігілетін жылы киімдер. Оның бірнеше түрлері болады. Мысалы: қырмызы тон, қамқа тон т.б. Тұлып – қыста тоңбас үшін киім сыртынан киетін кең киім. Қасқыр, қой терісінен тігеді. Ішік – қыста киетін сәнді киім. Аң терілерінен тігіледі. Сондықтан олардың қасқыр ішік, бота ішік, түлкі ішік, жанат ішік, күзен ішік, құндыз ішік, қоян ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішік т.б. түрлері болады. Күпі – ішіне жабағы жүн салып сырыған шапан түрі. Кебенек – жауынды, боранды күні киім сыртынан киетін су өтпейтін киім Белдемше – үй шаруасына белден байланатын алжапқыш. Ертеде осылай аталатын әйелдердің сәндік көйлектері де болған. Өрмек – алаша, басқұр, қордын, кілем т.б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы /станок/. Термелі өрмек – кілем тоқитын құрал. Бұған енді, жалпақ тоқыма бұйымдары тоқылады. Жәй өрмек – бұған енсіз құр, бау, терме, басқұр сияқты бұйымдар тоқылады. Жәй өрмек бірнеше бөліктерден, құралдардан құралады. Қазық – желі және өрмек өрісі үшін қажық қазықтар. Кергіш қазық - өрмек өрісін алдыңғы жағынан керіп тұрады. «Күйеу қазық» - өрмекті арт жағынан керіп тұратын қазы. «Жетім қазық» деп те атайды. Күзу шыбығы – арқау жіп өткізетін ағаш шыбық. Күзу арқалығы – күзу шыбығын тең көтеріп тұрады. Мосы – арқаоықты көтеріп тұртын үш бұтты құрал. Адарғы - өрмек өрісінің астыңғы және үстіңгі беттерін айқастыратын ағаш құрал. Кесте 3-тің жалғасы қыстық аяқ киім. Қолғап – қолға киетін киім /қыста немесе жұмыста/. Түйме – киім өңірін қаусырынғанда бекітетін бұйым. Құрысқақ – тымақ желкесін төбесіне іліп бекітетін ағаш тиек. Жерошақ – жерден қазыоып қазан асатын орын. Диірмен – ұн тартатын тас құрал. Еркек тас – диірменнің астыңғы беті. Шүлдік – еркек тас ортасындағы кіндік, темір. Бақалақ – ұрғашы тастың кіндік кіретін ағаш қалағы. Иінағаш – иыққа салып су таситын мүлік. Көсеу – от көсейтін темір құрал. Шімшуір – шоқ ұстайтын темір құрал. Тұтқыш – қол күймес үшін қазан құлағын ұстайтын киіз қалта. Қоржын – жолаушының ат артына бөктеретін, керек-жарағын Белбеу – киім сыртынан буынатын былғарыдан жасалатын бұйым.Мата белбеу де болады. Дамбал – ұзын балақты іш киім. Лыпа – балақсыз іш киім. Жарғақ шалбар – тықыр теріден тігілген шалбар. Тері шалбар – қыста жүнін ішіне қаратып тігілген шалбар. «Иткөйлек» - жаңа туған нәресте кигізетін жөмеп тіккен көйлекше. Етік – былғарыдан тігілетін қонышы ұзынаяқ киім. Саптама етік – байпақ салып киетін қысқы етік. Байпақ – етік ішінен салып киетін киізден тігілген аяқ киім. Жым етік - өкшесі аласа қиысқ табан етік. Шоңқайма етік – еркекке де, әйелге де арналған биік өкше түрлі-түсті жіппен әдіптелген сәнді етік. Ұлтарма – жұмысқа киетін оңай тігілетін етік түрі. Кебіс – қонышсыз былғарыдан Серу ағаш - өрмек өріс енін, жіптерін бірдей етіп ұстап тұратын құрал. Жүгіртпе – арқау жібін өткізіп тұратын құрал. Қылыш – адарғыдан кейін арқау жібін тығыздайтын қылш тәрізді ағаш. Бақылау жіп - өріс жіптері шатыспау үшін қолданылатын /буатын/ бөлек жіп. Тергіш - өрнек шығару үшін түрлі-түсті жіптерді теретін /іріктейтін/ ағаш құрал. Еркек жіп – Күзуде тұрған желі жіптерінің үстіңгі беті. Ұрғашы жіп – астыңғы беті. Шатыс – еркек және ұрғашы жіптердің адарғы арқылы айқасуы. Тарту жіп – күзуді қозғалмау үшін қатты тартып бекітіп қоятын мықты жіп. Жіп қашу- желі жіптерінің үзілуі. Арқау – тергіштен кейін шатысты ұстап қалатын, жүгіртпеге оралған арқау жіп. Маталар – сырт киімдік, жібек және түрлі маталар. Сырт киімдік, қымбат маталар – барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, Кесте 3-тің жалғасы салатын қос қалталы бұйым. Қанар – жүн салатын үкен қапшық. тігілетін аяқ киім. Мәш/мәсі/ - кебіспен киетін қонышты, өкшесіз аяқ киім. Шоқай етік – жұмысқа киетін аяқ киім. Ұлтарақ – аяқ киім ішіне жылылық үшін салынатын киіз. Шұлық – жалаң аяққа киетін жүннен тоқылатын киім. Шәрке – жаз киетін жұқ аяқ киім. Сандал – үсті ашық жаздық Шұлғау – етік, мәсі ішінен аяққа орайтын жұмсақ мата. Пима – жүннен басылған жылы, қыстық аяқ киім. Қолғап – қолға киетін киім /қыста немесе жұмыста/. Түйме – киім өңірін қаусырынғанда бекітетін бұйым. мәндала, пайы, баршын, парша, күліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбәк, дыраб, манат, масаты, байрақ, борлат, бояқ, бұйдас, зипун, дабы, сылаң. Жібек маталар – баршын, кәніпас, кәріс, күләнкөр, күлдәрі, қатипа батсайы, сәрпіңке, сәндік, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кйнеуіз, маңлұқ. Тұрмыстық жұқа маталар – зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы,сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бәтес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ. Арзанқол маталар – ләмбөк, ләстік, шыдаған, бөз, дәке, кенеп, сұпы, тептік, үлдірік, шөжім, шыт, ақзу, тік, тібен, сәлдебөз, күн-түн, меткетон. Басқа заттар – қамыс, ши, жалпақ қоға, тас, шыны, тоз, жыланның бас сүйегі, үкі тұяғы, піл сүйегі /дандан/, киік мүйізі, киік сирғы /қамшы сап/. Тігіс атаулары – айқас тігіс, алтындап тігу, батырып тігу, бедерлеп тігу, түгіс тігу, бүрме тігіс, есіп жөрмеу, жапсыру, жөрмеу, жара тігіс, көктеу және т.б. Кесте – 4. Қыз балаларға тән салт-дәстүр мен ұлттық тағамдар туралы ұғымдар Абысын асы – абысындардың бас қосып көңіл көтеруі, дастархан жасап шәй ішуі. Асату – үлкен кісілердің балаларға табақтан ет асатуы. «Айырылысар көже» - тату көршілердің, ағайындардың ірге көтергенде беретін сый-тамағы. Бастанғы - әке-шешелері сапарға шығып кеткенде үйдегі жастардың дәмді тағамдар дайындап бас қосу салты. Байлау – тауып алған затты біреуге сыйлау. Биебау – бие алғаш байланғанда жасалатын салт. Біз шаншар – құдалық дәстүр. Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік. Наурыз көже – Наурыз мерекесінде әзірленетін, міндетті дәстүрлі тамақтар. Көгентүп /көгендік/ - балаға малдан, төлден берілетін ескерткіш, сый. Киіт – құдаларға берілетін киім, бұйым /кәде/. Кеусен – егіншілердің өнімнен ауылдастарына, ағайындарына беретін үлесі. «Келі түбі» - тары түйгенде берілетін үлес /кәде/. Көген той – құлын, бұзау, қозы-лақ алғаш байланғанда, көгенделгенде берілетін дәм. Белкөтерер – қарт кісілерге, аурудан тұрғандарға арнап әзірленген қуатты, дәмді тағамдар. Қалжа – жас босанған әйелдерге берілетін сый-тағам. «Құйрық-бауыр» - құдаларға берілетін салт табағы. «Қазан-шегелеу» - қонақ болуды меңзейтін сөз /дәстүр/. Қарашаңырақ – үлкен үй, қасиетті деген ұғым. Ата-бабадан қалған үйді «шаңырақ» дейді. Қонақасы – қонаққа берілетін тағам. Қамшы тастау – «сөз сұраймын» деген белгі «Қой басты» - киіз басқанда жасалатын дәстүр. Бұған арнап тағам дайындалады. Тулақ шашу – жүн сабағанда, түткенде жасалатын рәсім. Туырлы тілу – кекті, өшті адамдарды қарсыластарының туырлығын тіліп күш көрсетеді. Тымаққа салу – шала туған балаларды тымаққа салып өсіретін бағатын халық дәстүрі. «Тұсаукесер» - жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүру үшін жасалатын салт. «Тоқымқағар» - жас бала алғаш сапарға шыққанда жасалатын салт, дастархан жаю. «Қымызмұрындық» - алғашқы қымызды ауыл адамдарын шақырып беретін салт. «Түйемұрындық» - ұзатылып келе жатқан келіншек көшінен алынатын кәде. «Сірге мөлдіретер /сірге жияр/» - бие ағытылған соң соңғы қымыздан ауыз тигізу дәстүрі. Сауын алу – малы жоқ адамдардың ағайындарының уақытша сауынға бие, сиыр алып саууы. «Ұйқыашар» - наурызда т.б. мерекеде жастардың түнде ұйықтамауы үшін әзірленетін тағам. Шаңырақтүйе – ұзатылып келе жатқан қыздың көлігі. Шідерге сигізу – еркек балалар малсақ, шаруаға икемді болсын деп жасалатын дәстүр. Шашыратқы – мал күйекке түскенде «төл көп болсын» деп жасалатын дәстүрлі тамақ. Қосымша Б «Қолөнер үйірмесі» Ұлттық мәдениетіміздің тарихында зергерлік өнері ерекше орын алады. Мәдени мұрамыздың ең негізгілерінен саналатын зергерлік өнері халқымыздың өткендегі материалдық мәдениет дәрежесін, рухани мәдениетін бейнелейді. Зергерлік өнері Қазақстан территориясында бұдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Оның пайда болуы және дамыу асыл тастарға, түсті металдарға байланысты десек, археологиялық деректер бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойында қазақ даласында мыс, қалайы, күміс, алтын, қара темір, түсті металдар өндіріп келгендерін көрсетіп отыр. Мысалы, біздің замаңымыздан бұрынғы ІV мың жылдықтың аяғы мен ІІІ мың жылдықтың басында-ақ яғни, эполит дәуірінде Орталық Қазақстанда кен өндіріле бастайды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері зергерлік өнердің байырғы замандардан-ақ көркемдік жағынан жоғары болғандығын дәлелдеп берді. Ағаш өндеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Әрине, басқа да халықтар сияқты қазақ халқында да, сонау көне замандардан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұраға өте бай. Бұған дейінгі ұғым бойынша «көшпенділер» мәдениеттен кенже, білім-ғылымға қосқан үлесі жоқ деген қиынсыз пікірлер айтылып жүрді. Бұл пікірдің негізсіз екенін ата-бабамыздан қалған қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан асып түседі. Мысалы, бір ғана қазақ үйдің жасалу архитектуралық ерекшеліктері тас үйде өскен Еуропа халықтарын таң қалдыруда. Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашхан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқан шебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата-бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. Сол мәдени мұраның асылдарын жастардың бойына дарытып, жүрегіне ұялатып ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру бүгінгі таңдағы ұлттық мектептердің оқу-тәрбие процесі мен отбасына жүктеледі. Осыған орай мектепте жүргізілетін көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы жеткіншек ұрпақты халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулуға бағытталады, өнерге бейімділіктің алғашқы қадамы баланың өскен ұясынан бастау алып, мектеп қабырғасында оқу-тәрбие жұмыстары барысында ілгері дамытылып, байытылады. Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келіп жеткен көне де, ізгі дәстүрі жеткіншек ұрпақты ұлттық, сәндік қолданбалы қолөнеріндегі халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таңқаларлық тамаша шығармаларымен таныстыра отырып, шәкірттерді шеберлік шыңана жетелеп дұрыс бағыт сілтеу, ұлттық қолөнерге баулу жеткіншектердің білімін терендетуде, шығармашылығы, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарлату барысында қолөнер үйірмелерінің орны ерекше. Үйірме жұмысының іс тәжірибесінде баланың шығармашылық кезеңдеріндегі танымдық мүддесінің дамуы бейнелеу өнері, геометрия, математика, жануартану, өсімдіктану, сызу, физика, әдебиет т.с.с. пәндерге тікелей байланысты болады. Бала оқу процесінде алған білімін, үйірмеде іс жүзінде қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде пайдаланады. Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін, әрі қарай жалғастырып, дамытудың негізгі жолы болып есептеледі. Себебі үйірме жұмысы жеткіншектерден шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбек сүйгішткке тәрбиелейді. Үйірме жұмысының нәтижесінде, үйірмеге қатысатын оқушылар, үйірмеге қатыспайтын құрбыларына қарағанда анағұрлым толық мағлұматтарға қанығып, шеберлігі шындалып, ой-өрісі кеңи түседі. Қазіргі оқыту технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес, үйренуші-шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек. Еңбек сабақтарында немесе үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылша балалар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби мамандығына қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, біз қолөнер үйірмесінің мақсатын:
І. Қасиетте халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасы және ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігі туралы мағлұмат беру.
ІІ. Халық қолөнерін игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.
ІІІ. Бастаған жұмысын тыңғылықты, қайта оралмайтындай дер кезінде аяқтап шығуға дағдыландыру. Іскерлігін, белсенділігі мен ой еңбегін және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндетті негізінен қолөнер бұйымдарын жасау барысында жүзеге асыру міндеттерін және іс-жоспарының үлгісін ұсынамыз.
1. Жұмыс орын ұйымдастырып, тиімді пайдалану. Керекті материалдарды ұқыптап, ретімен орналастыра білу.
2. Балалардың еңбек ету іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушының еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
4. Оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалармен жекелеген жұмыстар жүргізу.
5. Оқушылардың бір-біріне деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
6. Еңбек тәрбиесін, баларды еңбекке тәрбиелеуде тәжірибеге ие болуға, еңбек мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меңгеруге бағыттау.
7. Ой-өрісін дамытып, баланың еңбекке деген ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлау.
8. Балаларды өзінің жеке басы үшін ғана емес, сонымен қатар жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге үйрету.
9. Еңбек етудің қажеттілігін сезінуін, бастаған ісін аяқтап шығуда табандылық танытуын қадағалау.
10. Қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбек, өнер адамдарын құрметтей білуге тәрбиелеу.
№ Үлгі тақырыптардың мазмұны
І. Кіріспе
1. Ұйымдастыру жұмыстары. Е.Қ. ережелері
2 Қолөнер салалары туралы түсінік
3 Керекті материалдар мен құрал-жабдықтар
ІІ. Көркемдік кесте тігістері
4 Кесте тігуге керекті материалдар Үлгі матаға тігіп жаттығу
5 Шым кестесін тігіп үйрену
6 Баспа кестесін тігу әдістері
7 Айқас тігісінің түрлерін тігіп үйрену
8 Түкті көтеріп тігу әдістері
9 Матаны кестелеуге дайындау
10 Матаға сурет салу, сурет бойынша кестелеу
11 Соңғы өндеу жұмыстары
12 Кестені жауып, керу, рамкалау жұмыстары
ІІІ. Табиғи материалдармен жұмыс
13 Табиғи материалдар туралы түсінік
14 Керекті материалдар мен құрал-жабдықтар
15 Үлгісін дайындау, суретін әзірлеу
16 Материалдардарды әзірлеу
17 Жапсырмалау жұмыстары
18 Соңғы өндеуден өткізу
ІV. Сәндік қолданбалы өнер
19 Құрақ түрлері. Дайындау жолдары
20 Құрақ бөліктерін қиып дайындау
21 Көктеп, машинада бастыру
22 Үтіктеу жұмыстары
23 Астар пішу, астарлау.
24 Соңғы өндеу жұмыстары
V. Ши тоқу өнері
25 Ши тоқу өнері туралы түсінік
26 Ши шыбықтарын іріктеп, тоқуға дайындау
27 Өрнегіе дайындау
28 Ши шыбықтарын өрнек бойынша орау әдістері
29 Орау әдістерін үйрету
30 Станокта тоқу әдістері
31 Соңғы өндеу жұмыстары
VІ. Тоқыма тоқу әдістері
32 Тоқу өнері туралы жалпы түсінік
33 Керекті материалдар мен құрал-жабдықтар
34 Бастау, шалу әдістері
35 Он, теріс шалуларды тоқып үйрету
36 Тоқу әдістерін үйрету
37 Тоқыма бұйымдарын дайындау
38 Соңғы өндеу жұмыстары
VІІ. Жапсырмалап тігу өнері
39 Бастырмалы бұйымдар туралы түсінік
40 Тұскиіз дайындау. Мүйіз тектес оюлар
41 Тұскиізді пішу, оюын дайындау
42 Матаға оюды бастырмалау
43 Ою жиегін кестелеу әдістері
44 Астар пішу, астарлау
45 Соңғы өндеу жұмыстары
VІІІ. Ойыншық тігу
46 Ұлттық нақыштар.Сувенирлер дайындау
47 Компа\озиция құрастыру
48 Көш-керуен композициясына үлгілер дайындау
49 Қуыршақ тұлғасын тігіп, өндеу
50 Киім үлгілерін тігу
51 Киімдерін тігіп дайындау
52 Жеке бөліктерін қарастыру
53 Соңғы өндеу жұмыстары
ІХ. Түктеп тігу өнері
54 Түктеп тігу туралы түсінік
55 Матаны кестелеуге дайындау
56 Мата бетіне сурет салу
57 Матаны кергішке керіп, кестелеу
58 Түрлеп кестелеу
59 Соңғы өндеу жұмыстары
Қолөнер үйірмесіндегі қатынасушы оқушылардың білім деңгейлерін айқындауға арналған тест сұрақтарының үлгісі
1. Әйелдің жеңіл киімінде әшекейдің қай түрі қолданылады?
а) қондырмалы, алып-салмалы
ә) қарасажды, таспа
б) сәтенді
в) бедерлі, бұрышты
2. Жеңіл киіміндегі жең түрері:
а) белдікті, таспалы, тоғалы
ә) реглан, тұтас пішілген, қондырмалы
б) сыдырмалы, сырт етпе
в) қондырмалы, айналмалы
3. Өндірістік және тұрмыстық тігін машиналарының инесінің айырмашылығы:
а) ине ұзындығына, сауыт бөлімде
ә) ине диаметрінде, көзінде
б) науашасында, ине бағыттағышта
в) ине бұрандасында
4. Тігін машинасындағы ине құрылысының атаулары:
а) жіп бағыттағыш, қисық тиек, шатун
ә) маховик, жіп орағыш, басу табан
б) қайыс, бұранда, шөрмек
в) алмас, сауыт, ұшы, назыша.
5. Тұтас пішілген жағалар атаулары:
а) тік жаға, әдіпті
ә) тағалы, желбіршекті
б) «апаш», «шаль»
в) қондырмалы, өңірлі.
6. Киімдегі қадамыштар түрлері:
а) тоғалы, белдікті, сыдырмалы, әдіпті
ә) конусті, бүрмелі, жасырын түсті
б) қатпарлы, біріктіруші, овальды
в) овальды, конусты, сыдырмалы.
7. Киімнің технологиялық бөлшектерінің атауы:
а) қатпар, желбіршек, тоға
ә) жіп, ине, оймақ
б) жең, мойын, ойынды
в) белдік, арқа бойы, жең.
8. Тігін машинасының тұрмыстық органы:
а) басу табан, шөрмек, тік ине
ә) шатун, педаль, жіп
б) жіп орағыш, білік, ине бағыттағыш
в) жіп тартқыш, өзек, ине
9. Маржандап кестелеу дегеніміз не?
а) көркем тігістермен жиектеу
ә) ақ маржан тастармен әшекейлеу
б) жылтыр жіппен кестелеу
в) түйме, алқалар.
10. Шым кесте дегеніміз не?
а) тұтас кестеленген шымқай кесте
ә) ара кідік кестеленген кесте
б) өте аз кестеленген кесте
в) мөлшерленген кестемен кестелеу.
11. Көркем тігістерге қандай тігістер жатады?
а) шалып тігу, қайып тігу
ә) шынжырлы, айқас тәрізді, жөрмеу, сабақты кестелеу
б) басып тігу, айқас тігу
в) торлау, өрнектеу, тепшу
12. Кестелі шыны қапта не сақтайды?
а) киім-кешек
ә) төсек жапқыш
б) аяқкиім
в) ыдыс-аяқ
13. Бастырмалап ою-өрнек салу дегеніміз не?
а) матаның ою-өрнек үстіне басқа кез келген матамен ою-өрнекпен бастыру
ә) екі матаның басын тігу
б) матаның үстіне ою-өрнек салып тігу
14. Бастырма тігісін ата?
а) торлау, өрнектеу, тепшу
ә) басып тігу, қайып тігу
б) жөрмеу, шынжырлы, айқас
в) шалып тігу, қайып тігу.

  • І. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ

І. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ
Қазақтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіндегі тәжірибесін бүгінгі таңдағы оқушылар тәрбиесінің негізіне алу – халық педагогикасының мүддесі, әрі талабы. Оқушылардың әлеуметтік ортадағы сан салалы қарым-қатынасы мен іс-әрекетін ұйымдастыру барысында халықтық тәжірибе мен ізгі қасиеттерді оның бойына дарыту қашаннан игі мақсат болып келеді. Демек, тәрбие – жалпы адамзаттық құндылықтар мен халықтың ғасырлар бойы жинақталған, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыра отырып еңбекке тәрбиелеу. Әдістеменің негізгі мақсаты – ұлттық сана-сезімі оянған, қоғамдық байлықты еселей түсуде нарықтық экономика қағидаларына бейімделе отырып, ұлттық руханият пен мәдениет құндылықтарын кеңінен пайдалана алатын, қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне бейімделген, белсенді, іскер, бәсекелік, қабілеттілік, шығармашылық қасиеттерге дағдыланған «сегіз қырлы, бір сырлы» жеке тұлғаны қалыптастыру. Халықтық педагогика процесіндегі ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Ұлттық сананың қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, туған елдің мәдениеті мен тарихына, елі мен жерінің байлығына деген сүйіспеншілігі, азаматтығы көрінеді. Өз елін, ұлтын қадірлейтін адам ғана басқа елді де қадірлей біледі. Осы ретте, жаңарған қоғамның басты мақсаттарының бірі – әрбір сәбиден бастап жоғары оқу орындарындағы жастарға дейін туған елінің мәдени қазынасынан айырылып, рухани мүгедек болып қалмауы үшін, ана тілін, дінін, салтын, дәстүрлі еңбектің түрлерін меңгертуді оларды өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Өркениетті республикамыздың көпсалалы мектептерінде оқушыларды еңбекке этнопедагогикалық мол қазынаға сүйене отырып тәрбиелеудегі ең өзекті міндеттердің бірі – дәстүрлі еңбекке баулу, кәсіптік мамандықты беру бағдарламасы арқылы болашақ мамандығына байланысты менеджмент, маркетинг, технолог, бизнесмен және т.б. мамандықтардан білім, тәрбие беруді ұйымдастыру, өнімді еңбекке және іскерлік бизнеске ұластыру. Сонымен қатар еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауды, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру қажет. Әдістеме мақсатына сәйкес, отбасы еңбек тәрбиесінен бастап әрбір жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән еңбекке деген көзқарасы, еркі, өзіндік еңбек іс-әрекетін жасай алатын қабілеті бар субъект екенін ескере отырып, төмендегі міндеттер мен бағыттар жүзеге асырылады: 1. Қазақ этнопедагогикасындағы ғылыми мағлұматтар мен халық тәжірибесіне негізделген дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудің құралдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың еңбекке деген ұлттық сана-сезімін, еңбек дағдыларын, еңбек етуге әзірлігін, әдеттенуін қалыптастыру. 2. Көпсалалы ұлттық мектептерді еңбек кабинеттерімен қамтамасыз ету, оқу-өндіріс комбинаттарының жанынан ашылған еңбекке тереңдетіп даярлайтын оқу орындарында дәстүрлі еңбек түрлерінің тәрбиелік мазмұнын күшейтумен қатар үйретуді, меңгертуді көздеген қосымша арнайы пәндерді, курстарды, факультативтік оқуларды енгізу. 3. Қазақ ұлтының дәстүрлі еңбек түрлерінің қайта түлеуіне, жасөспірімдерді еңбекке даярлаудағы этникалық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың еркін гүлденуіне құқылы екенін жас ұрпақтың санасына сіңіру. 4. Балалар мен жастардың еңбек етуге әдеттену, әзірлену, жұмысты істей білуге деген ықыласын арттыру; олардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбексүйгіштік, шығармашылық, белсенділік, іскерлік қасиеттерін дамытып, оны қоғамдық еңбек талабына сай іске асыруға көмектесу. 5. Тәрбиенің басты бұлағы – «ата-ана мектебі», сондықтан қыз бала мен ер бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, оларды келешекте отбасының иелері деп есептеп қыз баланы: отбасының береке-құтын сақтайтын келін, ана ретінде имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, кешірімділікке, жан сұлулығы мен тән сұлулығының жарасымды қасиеттеріне жастайынан бейімдеу; отбасына қажетті іскерлік пен дәстүрлі еңбектің түрлеріне: ас пісіру, іс тігу, кесте тоқу, үй ішін, өзін-өзі таза ұстау, үнемдеу, бала тәрбиелеу, т.б. үйрету, дағдыландыру; ер баланы: үй шаруашылығына көмектесуге, мал, егін шаруашылықтарына, қолөнер еңбегіне баулу және атбегілікке, құсбегілікке, сазгерлікке, т.б. үйрету, бейімдеу; 6. Тәрбие барысының өн бойында жастардың мамандықты еркін таңдауына негізделген кәсіби бағдар жүйесін құру; ауылға қажетті кәсіптерді меңгеруге мүмкіндік жасау (фермерлік, қожалық, жеке меншік, сәндік-қолданбалы қолөнер және т.б.); 7. Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру; компьютермен басқарылатын автоматтық технология жүйесін меңгерту, Интернет арқылы өзінің кәсіптік мамандық біліктілігін арттыру; 8. Нарық экономикасы талаптарын жүзеге асыру процесіне еркін еңбек пен жоғары өнімділік кепіл бола алады. Сондықтан оқушыларға дәстүрлі еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыру, жоғары икемділікке, нарық жағдайындағы бәсекелікке бейімдеу; 9. Қоғам мен мемлекет өркендеуінің ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланыстылығын ескере отырып, оқушыларды ауылшаруашылық техникасының тетігін еркін меңгерген жұмысшы маманы ретінде тәрбиелеуге баса көңіл бөлу; өнім шығару және өңдеу шеберханаларындағы еңбекке қатыстыру; өндірістің бағыт-бағдары тек қана нарық екенін, оның дүниежүзілік тәжірибеде кеңінен қолданылатынын оқушыларға түсіндіру; іскерлік бизнеске бағыттау және т.б. Бүгінгі күннің талабына сай оқушылардың еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін айқындаумен қатар, оның мазмұнын, әдіс- тәсілдерін және оны ұйымдастырудың негізгі қағидалары анықталды. 1. Еңбек тәрбиесінің басты қағидасы – мақсаттылық. Баланы жоғары құндылық деп бағалап, оның ерекше қабілетін және дарындылығын көре білу, сол ерекшеліктеріне сәйкес өз еркімен таңдаған еңбектің түрін меңгеруге қоғамдық ортада тиісті жағдай жасап, бағыт-бағдар беру. Шығармашылыққа, іскерлікке бейімдеу. 2. Дәстүрлі еңбек тәрбиесінің үздіксіздігі, беріктігі, жүйелілігі. Қазақ халқының оқушыларды дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеудегі әлеуметтік ортаның тәжірибесін негізге алу, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірлерін, идеяларын, ауызекі творчестволық шығармашылығын үздіксіз оқу-тәрбие жүйесінің мазмұнына ендіру. 3. Дәстүрлі еңбек түрлерінің қоғамдық өмірмен байланысы. Еңбек тәрбиесі табысты болу үшін өркениетке ұмтылған еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, тарихи, саяси жағдайларын ескере отырып, қазақ халқының мәдени мұрасындағы тәжірибесін болашақ ұрпақтың бойында қалыптастыру мақсатында тәрбие процесінің барлық сатыларында (отбасы, бала-бабақша, мектеп, колледж және т.б.) тәрбие мекемелерінде ұйымдастырылатын іс-әрекеттің үздіксіздігін қамтамасыз ету. 4. Оқушыларды дәстүрлі еңбекке түрлеріне ұжым арқылы тәрбиелеу. Отбасынан бастау алатын әулеттік тәжірибені меңгерте отырып, көпсалалы қазақ орта мектептерінде халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесінің әдістерін, құралдарын пайдалану арқылы дәстүрлі еңбектің үйірмелік, кешенді оқу-өндірістік, ғылыми- әдістемелік орталығын ұйымдастыру. 5. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері мен жыныстық өзгешелігін ескере отырып дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу. Ер баланы ер балаға тән дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу, қыз баланы қыз балаға тән дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу.

  • IІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

IІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» деп атап көрсетілсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде болатынын көргіміз келеді», делініп, ұрпақ тағдырына ерекше мән беріледі. Демек, оқушылардың еңбек тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Өйткені отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтік ортадағы дәстүрлі еңбек түрлерінің құндылығын қабылдату, аға ұрпақтың, ата-бабалардың, даналардың ақыл-кеңесін, еңбек тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзат қоғамына пайдалы азамат етіп тәрбиелеу. Аға ұрпақтың, еңбек тәжірибесі, үлгі-өнегесі, өз борыштары мен парыздарын мүлтіксіз орындауы – еңбек тәрбиесінің үлкен мектебі. Отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы – үйдегі адамдардың жас шамасы әр түрлі болса да бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Ата дәстүрінің бай тәжірибесінен бүгінгі жастардың үйренетіні көп. Қазақ отбасында балалардың еңбекке деген парасатты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі тәжірибесінен де алатын үлгі-өнеге мол. Ол еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ер баланы қозы, лақ қайтару, отын-су әзірлеу, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық жасау (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ жасау, т.б.), қора салу, киіз үйдің ағашын дайындауға, ұсталық, зергерлік өнерге баулуға көзделсе, қыз балаларды үйдің ішін жинау, ыдыс-аяқты жуу, кесте тігіп, өрмек тоқу, ас пісіріп, баланы, қонақты күте білуге үйреткен. Балаларды еңбекке тәрбиелеу барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін ғана емес, жалпы халықтың игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек процесінің қуаныш-ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. Балалар үлкендерге көмектесе жүріп және олардың өнегелі істерін, шеберлік дағдыларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясында болды, оның әсемдігінен ләззат алды. Күннің шығуы мен батуын бақылап, құстардың көңілді әнін, шегірткенің шырылын, малшылардың өткен-кеткен әңгімелерін, ән-күйі, ертегілерін естіп өсті. Балаларды еңбекке осылайша ерте араластыру олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік-эстетикалық талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдесті. Оның танымдық қағидалары ең алдымен, балаларды туған жерінің табиғаты мен байлығын, дәстүрлі шаруашылығына байланысты еңбек түрлерін меңгертуге негізделген. Оларды қазақ халқы жазалау әдісі арқылы емес, балаға түсіндіру әдісінің ең тиімді, қарапайым ізгілік жолдарымен, қызықтыру арқылы үгіттеу, сендіру, үйрету, жаттату, т.б. әдіс-тәсілдермен жүзеге асырған. Осы мақсатта ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, шешендік сөздер мен баталарды, өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелерді, эпостарды, т.б. молынан пайдалана білген. Мысалы, «Жақсы бала – сүйеніш, жаман бала – күйеніш», «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Жақсы сөз – жарым ырыс» – деген мақалдар соның айғағы. Олар жастарды рухтандыратын, имандылыққа, еңбекке тәрбиелейтін, ізгілік, іскерлік, еңбексүйгіштік қасиеттерге сендіретін құдіретті құралдар. Демек, оқушылардың еңбек тәрбиесі – ата-аналарға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет. Сондықтан отбасындағы еңбек тәрбиесінде мына мәселелерге назар аударған жөн. – ата-әжелердің немере, шөбере тәрбиесінің игіліктеріне жарататын құнды еңбек тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігінше үш ұрпақ өкілдерінен (ата, әке, бала) құралған отбасыларын қуаттау, көбейту; – жеткіншектердің еңбек тәрбиесіндегі ананың орнын мойындаумен қатар, әкенің жауапкершілігін, тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы саналады. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру; – отбасының тірегі, зор байлығы – көп бала екендігін жастар санасына сіңіру; ұрпақтар тәрбиесінде қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін меңгертуді негізге алуын қадағалау, үйрету. Жаңа өркениетті қоғамдағы отбасының оқушыларды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудегі маңызын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, хал-ахуалын көтеруге ықпалын тигізетін кейбір ұсыныстарды енгіздік: • отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғауды мемлекеттік дәрежеге көтеру; • отбасы еңбек тәрбиесіндегі дәстүрлі еңбек түрлерін ғылыми дәрежеде жан-жақты зерттеу, арнайы ғылыми-тәжірибелік лаборатория ашу, бұл дүниежүзілік тәжірибеде өркениетті елдер қатарына жетудің негізгі шартының бірі; • педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дәстүрлі еңбектің отбасы тәрбиесінде дәріптеуге тұратын түрлеріне арналған көпшілік ағарту жұмыстарын жүргізу; • отбасы еңбек тәрбиесіне арналған оқу-әдістемелік құралдар, кеңестер, ұсыныстар, озық тәжірибелер жинақтарын шығару. Мәселен, «Ата-аналар тәлімі», «Шеберлер мектебі», «Ата кәсіп мектебі», т.б.; • Қазақстан Республикасының өркениетті даму жолындағы отбасы еңбек тәрбиесінің мәртебелік орнын айрықша бағалау, оны жаңа деңгейге көтеру мақсатында жылдың бір күнін «Отбасы жұлдызы» деп белгілеу, бұл күннің барлық ұжымдарда аталып өтуін қадағалау; • Отбасындағы еңбек тәрбиесінің ең тиімді, ең құнды тәжірибесін, ерекше нәтижелілігін жинақтау және тарату, оны әрбір отбасы игілігіне айналдыру; • Отбасы күнін өткізуге бүкіл қоғам болып шығармашылықпен қарау, оны түрлендіру, мәселен, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, кездесулер; отбасындағы еңбек әулеттерінің салтанатты шерулерін; жас отаулардың дәстүрлі еңбек түрлерінен жарыс-сайыстарын ұйымдастыру; тәлім-тәрбиелік сұхбаттар, тәжірибе алмасу, пікірлесу; көп балалы отбасыларына көмектесу, «Асар» жасау және т.б.

  • IІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

IІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» деп атап көрсетілсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде болатынын көргіміз келеді», делініп, ұрпақ тағдырына ерекше мән беріледі. Демек, оқушылардың еңбек тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Өйткені отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтік ортадағы дәстүрлі еңбек түрлерінің құндылығын қабылдату, аға ұрпақтың, ата-бабалардың, даналардың ақыл-кеңесін, еңбек тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзат қоғамына пайдалы азамат етіп тәрбиелеу. Аға ұрпақтың, еңбек тәжірибесі, үлгі-өнегесі, өз борыштары мен парыздарын мүлтіксіз орындауы – еңбек тәрбиесінің үлкен мектебі. Отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы – үйдегі адамдардың жас шамасы әр түрлі болса да бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Ата дәстүрінің бай тәжірибесінен бүгінгі жастардың үйренетіні көп. Қазақ отбасында балалардың еңбекке деген парасатты көзқарасын қалыптастыру жөніндегі тәжірибесінен де алатын үлгі-өнеге мол. Ол еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ер баланы қозы, лақ қайтару, отын-су әзірлеу, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық жасау (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ жасау, т.б.), қора салу, киіз үйдің ағашын дайындауға, ұсталық, зергерлік өнерге баулуға көзделсе, қыз балаларды үйдің ішін жинау, ыдыс-аяқты жуу, кесте тігіп, өрмек тоқу, ас пісіріп, баланы, қонақты күте білуге үйреткен. Балаларды еңбекке тәрбиелеу барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін ғана емес, жалпы халықтың игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек процесінің қуаныш-ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. Балалар үлкендерге көмектесе жүріп және олардың өнегелі істерін, шеберлік дағдыларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясында болды, оның әсемдігінен ләззат алды. Күннің шығуы мен батуын бақылап, құстардың көңілді әнін, шегірткенің шырылын, малшылардың өткен-кеткен әңгімелерін, ән-күйі, ертегілерін естіп өсті. Балаларды еңбекке осылайша ерте араластыру олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік-эстетикалық талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдесті. Оның танымдық қағидалары ең алдымен, балаларды туған жерінің табиғаты мен байлығын, дәстүрлі шаруашылығына байланысты еңбек түрлерін меңгертуге негізделген. Оларды қазақ халқы жазалау әдісі арқылы емес, балаға түсіндіру әдісінің ең тиімді, қарапайым ізгілік жолдарымен, қызықтыру арқылы үгіттеу, сендіру, үйрету, жаттату, т.б. әдіс-тәсілдермен жүзеге асырған. Осы мақсатта ертегілерді, мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, шешендік сөздер мен баталарды, өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелерді, эпостарды, т.б. молынан пайдалана білген. Мысалы, «Жақсы бала – сүйеніш, жаман бала – күйеніш», «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Жақсы сөз – жарым ырыс» – деген мақалдар соның айғағы. Олар жастарды рухтандыратын, имандылыққа, еңбекке тәрбиелейтін, ізгілік, іскерлік, еңбексүйгіштік қасиеттерге сендіретін құдіретті құралдар. Демек, оқушылардың еңбек тәрбиесі – ата-аналарға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет. Сондықтан отбасындағы еңбек тәрбиесінде мына мәселелерге назар аударған жөн. – ата-әжелердің немере, шөбере тәрбиесінің игіліктеріне жарататын құнды еңбек тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігінше үш ұрпақ өкілдерінен (ата, әке, бала) құралған отбасыларын қуаттау, көбейту; – жеткіншектердің еңбек тәрбиесіндегі ананың орнын мойындаумен қатар, әкенің жауапкершілігін, тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы саналады. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру; – отбасының тірегі, зор байлығы – көп бала екендігін жастар санасына сіңіру; ұрпақтар тәрбиесінде қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін меңгертуді негізге алуын қадағалау, үйрету. Жаңа өркениетті қоғамдағы отбасының оқушыларды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеудегі маңызын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын, хал-ахуалын көтеруге ықпалын тигізетін кейбір ұсыныстарды енгіздік: • отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғауды мемлекеттік дәрежеге көтеру; • отбасы еңбек тәрбиесіндегі дәстүрлі еңбек түрлерін ғылыми дәрежеде жан-жақты зерттеу, арнайы ғылыми-тәжірибелік лаборатория ашу, бұл дүниежүзілік тәжірибеде өркениетті елдер қатарына жетудің негізгі шартының бірі; • педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дәстүрлі еңбектің отбасы тәрбиесінде дәріптеуге тұратын түрлеріне арналған көпшілік ағарту жұмыстарын жүргізу; • отбасы еңбек тәрбиесіне арналған оқу-әдістемелік құралдар, кеңестер, ұсыныстар, озық тәжірибелер жинақтарын шығару. Мәселен, «Ата-аналар тәлімі», «Шеберлер мектебі», «Ата кәсіп мектебі», т.б.; • Қазақстан Республикасының өркениетті даму жолындағы отбасы еңбек тәрбиесінің мәртебелік орнын айрықша бағалау, оны жаңа деңгейге көтеру мақсатында жылдың бір күнін «Отбасы жұлдызы» деп белгілеу, бұл күннің барлық ұжымдарда аталып өтуін қадағалау; • Отбасындағы еңбек тәрбиесінің ең тиімді, ең құнды тәжірибесін, ерекше нәтижелілігін жинақтау және тарату, оны әрбір отбасы игілігіне айналдыру; • Отбасы күнін өткізуге бүкіл қоғам болып шығармашылықпен қарау, оны түрлендіру, мәселен, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, кездесулер; отбасындағы еңбек әулеттерінің салтанатты шерулерін; жас отаулардың дәстүрлі еңбек түрлерінен жарыс-сайыстарын ұйымдастыру; тәлім-тәрбиелік сұхбаттар, тәжірибе алмасу, пікірлесу; көп балалы отбасыларына көмектесу, «Асар» жасау және т.б.

  • ІІІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

ІІІ. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Қазақ халқында арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындар (балабақша) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезеңнен бастап, бесік жыры мен ұлттық ойындар, ертегі, аңыз-әңгіме, тақпақ, санамақ, қаламақ және т.б. арқылы еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеп отырған. Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі «р»-ға келген ойын баласын тәрбиелеудің ел ішіндегі дәстүрі де тәрбиеші ұстаздар назарын аударуға тұрарлық қызықты да, қызғылықты объектісі болған. Мәселен, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен ауылдас бол», – деп келетін мақал-мәтелдердің астарында қаншама мән жатыр. Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың ұрпақ тәрбиесінде де сол негізді тұғыр еткендігі заңдылық, дәстүрлі бала тәрбиесіндегі еңбекке баулу тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болды. Мысалы, аяғы шыққан жас бала қозы-лақты ермек етсе, есейе келе құлын мен ботаны маңайлайды. Ал тай үйретіп міну – қазақ баласының әжетке жарағандығының белгісі. Бір қарағанда тұрпайылау көрінгенімен, осы әрекеттердің барлығында да тәрбиенің үлкен мектебі жатыр. Бала еңбектің әліппесін көзін ашқаннан оқып, оның не екендігін жан-дүниесімен сезініп өспек, сондай-ақ бүкіл жан-жануарлар, табиғат әлеміне деген сүйіспеншілік те бала көкейіне осы кезден-ақ мысқалдап дариды. Мейірімділік пен имандылықтың да алғашқы ұрығы бала жүрегіне осылайша біртіндеп сіңіріледі. «Қошақаныңа тиме, ол да өзіңдей сәби ғой, обал болады», «көк шөпті жұлма, көктей соласың» немесе «күшігіңе тамақты өз қолыңмен бер, сауап болады» деп келетін ата-аналар сөзінде халық санасында жылдар бойы қалыптасқан философиялық қағида жатыр. Дәстүрлі тәрбие дағдысы бойынша баланың қабырғасы қатысымен шамасына қарай еңбекке араластырады. Ер бала әке қолғанатына айналып, қыз бала үй ішілік тірлікке қол ұшын береді. Қазіргі таңда осы жоғарыда аталған халықтық педагогикаға сәйкес қарапайым еңбек дағдыларын бала санасына жастайынан орнықтыратын алғашқы тәлім-тәрбие баспалдағы – балабақша. Мұндағы негізгі міндет – сана-сезімі ұлттық психология негізінде қалыптасқан, қазақ халқының дәстүрлерін меңгерген, дені сау, ақылды, парасатты, елжанды азамат тәрбиелеу. Балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттігінде. Бұл іс-әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды. Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамымағандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жопсарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші балалардың осы жас кезеңінде-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Осының бәрі сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті, көтермелеп отыруды талап етеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуіне орай тәрбиеші әрбір баламен жеке-дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті құралдардың аттарын атай отырып, балалардың ана тіліндегі сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, ересектерге сүйіспеншілік сезім мен сенімі қалыптасады. Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді. Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа түрлері: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту, үзілген түймелерін өздері қадау және т.б. еңбекке тәрбиеленеді. Бұл кезеңде тәрбиелік міндеттер күрделене түседі, олар: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Бала басқалармен араласуы барысында өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттіліктерін түсінуі, білуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескере отырып қалай істеу керек екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндеттеріне кірісу үшін олардың тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолайсыздық жасамау үшін өтуге рұқсат сұрау және т.с.с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым еңбектегі сақтыққа, маңайындағыларды құрметтеуге дағдыландырады. Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек үйдің ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге үйретеді. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар. Мектепке дейінгі сәбилік шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық-тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т.т. дағдыларды қалыптастырады. Естияр топта шаруашылық-тұрмыстық еңбектің мазмұны едәуір ұлғаяды: балалар үстел үстіне ыдыс-аяқты түгел өздері жайғастырады, оқуға қажетті барлық нәрсені дайындайды, қуыршақтардың киім-кешегін жуады, текшелердің шаңын сүртеді, ауладағы жолдарды сыпырады және т.б. Балалардың ұлғайған мүмкіндіктерін пайдаланып және қалыптасқан дағдыларды ескере отырып, педагог балаларды еңбекте күш-жігер жұмсау қажет екенін үйретеді, тапсырылған істі орындауда олардың дербестігін, белсенділігі мен ынтасын дамытады. Балалар бақшасының ересектер тобында шаруашылық-тұрмыстық еңбек мазмұны бұрынғыдан да молығып, жүйеленеді де, көбіне кезекшілердің тұрақты міндетіне айналады. Балалар бөлме мен аулада тазалық сақтайды, ойыншықтарды, кітаптарды жамап-жасақтайды, сәбилерге көмектеседі. Мектепке дейінгі ересек балаларды шаруашылық-тұрмыстық еңбек ерекшелігі оны өздерінің дербес ұйымдастыра білуінде: қажетті құрал-сайманды өздері іріктеп, оны ыңғайлы орналастырып, жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар іждағаттылық, жақсы нәтижеге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды. Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді. Еңбектің бұл түрінің байқағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар. Ол педагогтың балаларды дене жағынан дамыту, қозғалыстарын жетілдіру, төзімділігін арттыру, дене күшін жұмсау қабілетін дамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі. Сәбилік топтарда балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, бөлмеде өсетін өсімдіктерді суарады және жуады, пияз отырғызады, өз бақшасынан өнім жинауға қатысады, қыстап қалған құстарды қоректендіреді. Бөбектердің еңбегін басқара жүріп, тәрбиеші өсімдіктердің, олардың бөлшектерінің, еңбекте атқарылып жатқан әрекеттердің аттарын атайды; бұл баланың сөздік қорын молайтады, белсенділігін арттырады. Балалар өсімдіктерді қарайды («кішкене жапырағы қайсы, үлкен жапырағы қайсы, соны көрсетші», «Гүлді иіскеші», «Неше гүл ашылды екен, санашы» және т.с.с.). Педагог өсімдіктер мен жануарларды күту қажет екенін түсіндіреді. Естияр топта еңбек күрделенеді, балалардың өздері өсімдіктерді суарады, қанша ылғал қажетін анықтауды үйренеді, көкөніс өсіреді (тұқым себеді, жүйектерге су жібереді, өнім жинайды), тәрбиешінің жәрдемімен жануарларға (тиіндерге, үй қояндарына, тотықұс, көгершін және т.б.) жем әзірлейді. Педагог қай жануарға қандай жем керек екенін, оның қалай деп аталатынын және қалай сақталатынын түсіндіреді. Жануарларды күту процесін оларды қадағалаумен тығыз байланыстырады. Балалар өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды. Тірі табиғат мүйісінің тұрғындарына қамқорлық пен ықылас күшейеді, олар балалардың сүйікті жануарларына айналады. Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғұрлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақшада өсу мерзімі әр түрлі көкөністердің алуан түрі отырғызылады, мұның өзі еңбекті неғұрлым жүйелендіреді. Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар щеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін әзірлейді, көшет отырғызады, жабайы өсімдіктердің жемісін, ұрығын жинайды (қыстайтын құстарға беру үшін). Еңбек процесінде тәрбиеші балаларға өсімдіктердің өсуі мен дамуын қадағалауды, болып жатқан өзгерістерді байқауды, сипатты белгілеріне, жапырақтарына, ұрықтарына қарап өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы ұғымдарын кеңейтіп, оларды ауыл шаруашылығы еңбегі процесіне баулиды. Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы еңбек түрінде балалар жеке құбылыстар арасындағы байланысты анықтауды, табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын аңғара білуді үйренеді. Табиғи құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсінудің негізі қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар туралы, жанды мүйістің тұрғындарын күту тәсілдері туралы мағлұмат көбейеді. Балалардың еңбек іс-әрекеттеріндегі дербестігі артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және қопсыту, өсімдіктерді көшеттеп отырғызу, бақшада, гүлзарда, ал қыста – үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат мүйісінде тұқым себу қажеттігін өздері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы өсімдіктерді көбейтудің, кейінірек топыраққа көшіріп отырғызу үшін көшет өсірудің тәсілдерін біледі. Табиғат мүйісінде жануарларды (құстарды, тиінді, үй қояндарын, көгершіндерді және т.т.) күту жалғастырылады. Балаларда тірі табиғат мүйісінің, бақша мен гүлзардың жай-күйі үшін жауапкершілік артады. Жеміс ағаштарынан өнім, гүл жинау оларды үлкен қуанышқа бөлейді. Олар гүлді ата-аналарына сыйға тартады, бөбектерге өздері өсірген жеміс-жидектерін ұсынады, көкөніс өнімдерін де жинап, жуады, тазалайды, ас үйге апарады, топ бөлмелерін гүлдермен безендіреді. Қол еңбегі – алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, емен жапырағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, жүгері сабағынан, шабдалы сүйегінен) тері, қауырсын, мүйіз, жүн, мата қиқымдарын, темір-терсек және т.с.с. пайдалана отырып тұрмыстық шаруашылық процесінің қажетті бұйымдарын жасау – балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, қазақ үйдің сүйектерін жасап, бояйды, үй жиһаздарын, ұлттық киім үлгілерін пішіп, тігеді, төрт түлік малдардың бейнесін жасайды. Оларды дайындау барысында балалар ұлттық оюлар, нақыштар, өрнектермен танысып, әр түрлі бұйымдар жасайды. Мұндай нәрселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, соларды риза ету үшін еңбектендіреді. Қол еңбегі балалардың құрастыра білу, ойлап шығару қабілетін, шығармашылығын, қиялын дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалар ойлаған затына сай келетін форма таңдап алу үшін табиғи материалды мұқият қарайды: үйеңкі ұрығынан инеліктің қанатын, ағаш бүрінен – орманшыны жасайды және тағы басқа. Жұмыс процесінде олар әр түрлі материалдардың қасиеттерімен, оларды өңдеу және байланыстыру тәсілдерімен танысады, алуан түрлі аспаптарды пайдалануды үйренеді. Ойлаған заттарын жасау әрқашан да белгілі мөлшерде күш жұмсауды керек етеді. Жасалған зат берік, әдемі, сәнді болу үшін бала табандылық, шыдамдылық, ұқыптылық көрсетуі талап етіледі. Осының бәрі балаларға тәрбиелік жағынан үлкен әсер етеді де, олардың эстетикалық сезімі мен адамгершілік-еріктік қасиеттерін қалыптастырады. Балабақшада жаңа бағыттағы тәрбие жүйесін іске асыру үшін халықтық педагогикаға негізделген дәстүрлі еңбек тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу керек:
• ата-баба дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған материалдар жинап, оны сәбилер тобынан бастап, мектепке дейінгі бала жасына лайықты етіп топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру;
• дәстүрлі еңбек тәрбиесін кешенді жүргізу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеру;
• отбасы мен балабақша арасындағы бірлікті нығайту, еңбек тәрбиесін отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу;
• тәрбиешінің баланың жеке басының даму ерекшелігін, отбасы тәрбиесінің өзіндік сипатын жете білуі, осының негізінде еңбек тәрбиесін ұлттық еңбек дәстүріне сәйкес жүргізуі;
• қазақ балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, балаларды қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне баулитын ғылыми-әдістемелік құралдармен, түрлі дидактикалық көрнекіліктермен, т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. Қазақстанда балабақшалардың мүмкіндігінше жеке-дара болуын талап еткен абзал, өйткені аралас балабақшада тәрбиені ұлттық негізде құру сәбиелерге ана тілін меңгертуде, дәстүрлі еңбек түрлеріне баулуда қиындық тудырады.

  • VI. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

VI. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында және «Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» : «Жаңа формация мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман» болуы тиіс делінген. Осыған орай болашақ еңбек тәрбиесін ұйымдастырушы маманның тұлғалық бейнесін қалыптастыру шарттарын ұсынамыз:
• болашақ мамандығына қажетті азаматтық, еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиетттерді жоғары бағалайтын және оны өз бойына қалыптастырумен бірге, қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық салаларындағы еңбек түрлерін меңгерген, оларды шәкірттеріне дарыта білетін іскер де қабілетті, белсенді маман болуды көздеу;
• қазіргі нарықтық экономикаға байланысты кәсіпкерлік көрсетіп, қоғам
сұраныстарын тез сезіне білетін, ұлттық ерекшелікті ұлықтай отырып дәстүрлі еңбек түрлеріне орай бәсекелік іс-әрекет жасай алатын, өз ісінің нәтижелі болуына сенімі мол жасампаз маман болуды көздеу. Мұндай тұлға қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының жаңа сатысында жоғары мектептің мақсатты ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі процесіне өзгеріс ендіруге ықпал жасайды. Тәлімгердің осындай тұлғасын қалыптастыруда төмендегі шараларды іске асыру ұсынылады:
1. Білім беру мен тәрбие жүйесінде оқушыларды дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуде педагогикалық-психологиялық қызмет көрсете алатын арнайы тәрбиеші-маман даярлау.
2. Педагогикалық колледждерге, институттар мен университеттерге талапкерлерді қабылдауда басты талап – білім деңгейімен қатар, мұғалім мамандығына бейімділігін, әсіресе, дәстүрлі еңбекке қабілеттілігін, іскерлігін ескері. Бұл үшін арнайы педагогикалық-психологиялық диагностика, тестілер, сауалнамалар жүргізу қажет.
3. Студенттердің бос уақытын мазмұнды өткізуге материалдық жағдай туғызу; олардың бұл салада өзін-өзі басқарумен қатар дәстүрлі еңбек іс-әрекетіне педагогикалық бағыттың болуын қамтамасыз ету.
4. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болашақ мамандарды ауылшаруашылық еңбегіне қатыстыруда ең алдымен, аудиториядан тыс ғылыми-қоғамдық жұмыста, денешынықтыру, туризм, өлкетану, экспедиция, әр салалы клуб, отряд, қоғам, кооператив, ассоциация, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі, студенттік жәрмеңке, студенттік фестиваль, Наурыз мерекесі, сәндік қолданбалы өнер сайысы және т.б. өздері қажет деген жұмыстарды ұйымдастыру.
5. Студент жастардың өз еріктерімен өздерін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық заңдылыққа сәйкес, саналы, мазмұнды іс-әрекеттеріне барынша мүмкіндік туғызу. Бұл әрекеттерді негізгі педагогикалық мамандықты меңгеруіне және оқу-тәрбие процесіне қайшы келмейтіндей етіп ұйымдастырып сабақтан бос уақыттарында жүргізілуін қарастыру. Студенттер аукционын («Шебер қолдар бұйымдары») ұйымдастыру.
6. Мұғалімдер даярлайтын орта арнаулы және жоғары оқу орындарында ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін: «Қазақ этнопедагогикасы», «Қазақ халық педагогикасы», «Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі» және т.б. арнайы пән немесе курс ретінде оқыту.
7. Пединституттар мен университеттерде этнопедагогика және этнопсихология кафедраларын құру, этнопедагогика лабораторияларын ұйымдастыру.
8. Ұстаз қызметі тиімді болуы үшін оларды әдістемелік жағынан толық қамтамасыз ету, еңбек тәрбиесі жұмысына арналған оқу-әдістемелік, көрнекі, техникалық, компьютерлік құралдар, кино-теле хабарлар, т.б. дайындау.
9. Қазақ халық педагогикасының өзекті мәселелерін жариялап отыратын «Қазақстан мектебі» журналының жанынан жылына 4 рет шығып тұратын «Этнопедагогика» атты қосымшада дәстүрлі еңбек түрлерінің озық тәжірибесін үздіксіз жариялап отыру.
10. Қалалық, облыстық, республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыру; онда ұлт мәдениеті мен оқу-тәрбие жұмысының жетістіктерін, дәстүрлі еңбектің түрлерін үнемі насихаттауды қарастыру.
11. Мұғалімдер даярлайтын арнаулы орта және жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназия, лицейлерде халық педагогикасын насихаттау орталығы – этнопедагогикалық музей, дәстүрлі еңбекке баулу кабинеттерін ұйымдастыру.
12. Әр ауданда халық педагогикасын насихаттаудың бір-екі тірек мектептерін ұйымдастыру. Оларда сынып жетекшілері мен бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы семинар-кеңестерін, үлгілі тәрбие сағаттарын, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын мектепаралық байқаулар («Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны»), қолөнер сайысын («Шебер қолдар», т.б.) ұйымдастырып өткізіп отыру.
13. Оқу-тәрбие процесінде айтарлықтай нәтижелерге қолы жеткен, әсіресе халықтық еңбек тәрбиесі дәстүрін еркін меңгеріп, сабақ жүйесі мен тәрбие ісінде шебер қолдана білетін іскер тәрбиеші-ұстаздардың тәжірибелерін жинақтап, аудан, облыс, республика көлемінде кең тарату; осы мақсатта ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинар-кеңестер өткізіп отыруды дәстүрге айналдыру; озық тәрбиешілердің іс-тәжірибелерінен арнайы әдістемелік көмекші құралдар, оқулықтар, альбом-буклеттер, т.б. шығару;еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда жақсы нәтижеге қолы жеткен жеке ұстаздар мен ұжымдарға наградалар, атақтар, бағалы сыйлықтар белгілеу.
14. Көп салалы ұлттық мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің оқу-тәрбие жүйесінің ішкі мазмұнына сыртқы бейнесі сай болуын үнемі ескеру; әсіресе жаңа мектептер мен балабақшаларды ұлттық сәулет өнерінің үлгі-нақыштарына сәйкес етіп салу; халықтық мерекелер мен байқауларда, салтанатты жиындарда балалардың ұлттық киім киіп шығуына көңіл бөліп, сол арқылы шәкірттерде ұлттық, елжандылық сезімдерінің берік орын алуына ықпал жасау.
Қорыта келгенде, қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану әдістемесіне қазақтың халықтық педагогикасындағы дәстүрлі еңбек түрлерінің бай мұрасы және өркениетті елдердің озық тәжірибесі алынды, жұртшылық пікірі ескерілді. Әдістемедегі педагогикалық жаңаша ойлау мыналар: жеке адамның тұлғалық дамуындағы еңбек тәрбиесінің қажеттілігін көрсету; педагогикалық-психологиялық іргелі ғылыми тәжірибелік зерттеулердің ұсыныстарын оқушылардың еңбек тәрбиесі тәжірибесінде тиімді пайдалану; еңбек тәрбиесі жүйесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижелігін жандандыруды қазіргі заманның талап бағытына, жеке тұлғаның даму заңдылығына үйлестіру; еңбек тәрбиесі жұмысын дәстүрлі еңбек түрлерінің ұлттық, аймақтық, әлеуеттік ерекшеліктеріне лайықтандыру; ортаның мүмкіндіктерін ескеру. Әдістеме – үздіксіз еңбек тәрбиесін беру жүйесінің жалпы бағытын анықтайтын құрал. Ендігі кезектегі міндет – оқушыларды дәстүрлі еңбекке тәрбиелейтін барлық тәрбие жүйелерінің: ата-аналардың, ұстаз-тәрбиешілердің және т.б., қоғамдық ұйымдардың(жекеменшік, бірлестік, мемлекеттік) шығармашылық күштерін пайдалана отырып тәжірибеге ендіру. Осыған байланысты «Қазақ халқының балалар мен жастарды еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері» атты арнайы курс бағдарламасы, «Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің құралдары мен әдістері» және «Қазақ халқының балалар мен жастарды дәстүрлі еңбек түрлеріне тәрбиелеу ерекшеліктері» атты оқу-әдістемелік көмекші құралдар дайындалды. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің қазіргі жағдайы қандай?
2. Ұсынылып отырған әдістеменің мақсаты неде?
3. Қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлерін оқушылардың еңбек тәрбиесінде пайдалану әдістемесінің міндеттері мен бағыттарын атаңыз?
4. Ұсынылып отырған әдістеменің негізгі қағидаларына мазмұндық сипаттама беріңіз?
5. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін отбасы тәрбиесінде пайдаланудың қандай формалары мен әдістері бар?
Әдебиеттер
1. Құрсабаев М.Р. «Атамекен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселелері. – Алматы, 1993. – 110 б.
2. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – Алматы, РБК, 1993. – 162 б.
3.. Пашаева Р.М. Некоторые вопросы трудового воспитания в этнопедагогике Дагестана. //Единство национального и интернационального воспитания (материалы конф. СОГУ им. К.Л. Хетагурова). – Орджоникидзе, 1971. – 178 с.
4. Бахтиярова Г.Р. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану, 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, пед. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1999. – 122 б.
5. Кожахметова К.Ж. Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики, 13.00.01 – общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика, дис. ... докт.пед.н. – Алматы, 1998. – 310 с.
6. Мұқанова Б.Ж. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын педколледждің оқу-тәрбие процесінде пайдалану, 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика, пед. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1998. – 123 б.
7. Дайрабаева А.Е. Нравственное воспитание девушек в казахской народной педагогике, 13.00.01 – общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика, автореф. дис. ... канд.пед.н. – Алматы, 1993. – 125с.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие үдерісінде пайдалану жолдарын анықтап бүгінгі жағдайына мазмұндық сипаттама жасаңыз. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты еңбектің түрлерін анықтаңыз.
2. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдарын анықтаңыз. Ондағы дәстүрлі еңбектің түрлерін анықтап, тәрбиелік мүмкіндігіне сипаттама беріңіз
3. Қазақ халық педагогикасының дәстүрлі еңбек түрлерін мектептен тыс мекемелерде оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде пайдаланудың формаларын анықтаңыз. Ер бала мен қыз баланың еңбек түрлерінен кесте құрастырыңыз.
4. Бүгінгі таңдағы дәстүрлі еңбек түрлеріне байланысты даярланған бағдарламаларға мазмұндық сипаттама жасаңыз, олардың бір-біренен айырмашылығы мен ұқсастығын ажыратып көрсетіңіз.
5. Қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлі еңбек түрлерін оқушылар тәрбиесінде пайдалануға болашақ мұғалімдерді даярлаудың бүгінгі жағдайына сипаттама жасаңыз. Перспективасын анықтаңыз.
РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Қазақ халық педагогикасындағы жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
2. Жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеудің дәстүрлі құралдары.
3. Қазақ отбасында балаларды еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері.
4. Қазақ ғұламаларының шығармашылық мұраларындағы еңбек тәрбиесінің мазмұны.
5. Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің теориялық негіздері.
6. Қазақ халқының еңбек дәстүрінің тәрбиелік мәні.
7. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі туралы моральдық-этикалық көзқарастары.
8. Халықтық педагогикадағы еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
9. Қазақ халқының ауыл шаруашылығы еңбегі процесі.
10. Ауыл шаруашылығы еңбегі процесіндегі дәстүрлі еңбек түрлері, олардың жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеудегі маңызы.
11. Ауыл шаруашылығы еңбегі процесіндегі ер бала мен қыз бала тәрбиесі.
12. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері еңбегі процесі.
13. Сәндік-қолданбалы өнер еңбегіндегі ер бала мен қыз баланың еңбегі.
14. Қазақ халқының тұрмыстық еңбек тәрбиесі процесі.
15. Тұрмыстық еңбек тәрбиесі процесіндегі ер бала мен қыз баланың еңбегі.
16. Қазақ халқының жеткіншектерді кәсіби еңбекке тәрбиелеу ерекшеліктері.
17. Қазақ халық педагогикасындағы жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеудің әдістері.
18. Қазақ халық педагогикасындағы жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеудің құралдары.
19. Халық педагогикасы идеяларының бүгінгі еңбек тәрбиесіндегі көрінісі.
20. Қазақ балаларының еңбек тәрбесі туралы шетел зиялыларының ой-пікірлері.
21. Қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлерінің сабақтастығы.
22. Мектепке дейінгі мекемедегі дәстүрлі еңбек тәрбиесінің мазмұны.
23. Бастауыш сыныптағы «Еңбекке баулу» пәніндегі дәстүрлі еңбек түрлері, олардың тәрбиелілік мәні.
24. «Технология» оқу пәніндегі дәстүрлі еңбек түрлерінің тәрбиелік мазмұны.
25. Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрінің болашағы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет