Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу



бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі251,53 Kb.
#93596
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
p001 009

Рис.4.1.Кесте 2 Оқушыларды еңбекке даярлаудағы тәрбие құралдары


Бұл афоризмдердегі еңбек тәрбиесі моральдық-этикалық көзқарас тұрғысында жай сипаттаумен ғана шектелмейді, моральдық-этикалық норма, тәжірибе түрінде қарастырылады. Енді осы моральдық-этикалық ережелер мен нормалардың балаларды еңбекке даярлаудағы рөлін анықтап көрейік. Қуаң табиғат, көшпелі өмір салтының қиыншылықтарына көндігу адамдардың бірін-бірі жатсынбай, біріне-бірі арқа сүйеп өмір сүруін қажет етті. Бұл қажеттілікті терең сезінген көшпелілер «адамның күні – адаммен» деген принципті тіршіліктеріне тірек еткен. Сондықтан да әрбір көшпелі қазақ туыстық-қандастық жүйені тарата білуді өмір сүрудің нормасы, моральдық-этикалық өлшемдер деп білген. Мұндай дәстүрдің бұлжымай сақталуына жеті аталық үрдіс ұйытқы болып отырған. Бұл орайда жеті аталық үрдіске ұлттың этнобиологиялық және этномәдени тұтастығын қамтамасыз ететін ғажайып тетік (механизм) ретінде ден қоюға тура келеді. Қазақтың дәстүрлі еңбек тәрбиесіне байланысты моральдық-этикалық ұғымдарын «тыйым» сөздердің мазмұнынан да толық байқауға болады. Тыйым сөздердің әлеуметтік қызметі балаларды еңбек тәрбиесінде шаруаға ұқыптылық, салмақтылық қасиеттерін қалыптастыруға, еңбекті қадірлеп, өзін-өзі тәрбиелей білуге, еңбек адамдарына құрмет көрсете білуге баулуға бағытталған. Қадым замандардан бастау алатын мұндай сөздерді қазақ балалары бесік жырымен есітіп, зердесіне құйған, талқылауға жатпайтын, сөзсіз орындалуы тиіс ақиқат ретінде қабылдаған. Үлкенді сыйлап, айтқанын екі етпеген бала осы нақылдарды ылғи есіне алып, жаман әдеттерден бойын таза сақтаған. Олар адамды өмірдің күрделі жағдайларында артында зардабы бар теріс жолдар мен қылықтардан сақтандырып отырған. Күрмеуі қиын, толқымалы сәттерде бірден-бір дұрыс және математикалық өрнек іспетті, дайын шешім болып табылатын тыйым сөздердің моральдық-этикалық маңызы бүгінгі күнде артпаса, кеміген жоқ. Қайта, бабаларымыздың балаға ұрысқысы келіп, еріккеннен айта салғанындай көрінетін осы сөздердің оқушылардың еңбек тәрбиесі үшін тікелей пайдасы бары ғылым-білім жетістіктерімен де расталып келеді. Жалпы тыйым сөздердің көпшілігі көне замандардағы наным-сенімдерден бастау алғанымен, іс-жүзінде барлығы да өмір қажеттіліктерінен туындап отырған. Бұл тыйымдардың сан ғасырлар бойы тұрақты сөз тіркесі ретінде тілдік қолданысымызда сақталып келуінің өзі, олардың наным-сеніммен ғана емес, нақты тіршілікпен байланыстылығының, өмір үшін өзектілігінің белгісі. Тіл – таразымызда тартылып, сөз санамызда сақталып қалған моральдық-этикалық түсініктер мазмұны ұлттық таным көкжиегін кеңейтіп, бүгінгі қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке даярлауда тірек болары анық. Оларға мынадай тыйым сөздерді жатқызуға болады. Айырдың басын жоғары қаратып қойма; Аққуды атпа; Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе; Ата-енең (қайынағаң) жатқан жерге жатпа; Бақаннан аттама; Баланы ожаумен ұрма; Бір қолыңмен нан үзбе; Дастарқанды баспа; Жыңғылмен ат қамшылама; Иегіңді таянба; Малды теппе; Нанды баспа; Нанды лақтырма; Сүйекті отқа салма; Түнде үй сыпырма және т.б. Енді осы сөздердің мән-маңызына үңіліп көрейік. Мысалы, күрек, айыр, сыпырғышты жоғары көтеріп қою. «Ұстарға кісі жоқ» деген жаман ырымды білдіреді. Сыпырғыш орны – босаға, оны төрге қоюға болмайды. Себебі қазақтар үй ішіндегі жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан шықсын, төрге жоламасын деп тілеу тілеген. Қазақ ұғымынша, сүйекті отқа қорада байлаулы тұрған малдың сүйегі сырқырайды, жылқы малысалса шошымалды болады. Қазақ халқының ерекше моральдық-этикалық нормасының түрі – қауымдасу болып табылады. Ол адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсетуінен, мәселен, қыз ұзату, келін түсіру, енші беру сияқты қуаныш кезінде немесе кісі өлген үйге аза салу, оның жетісін, қырқын, жылын өткізу, кездейсоқ апатқа (жұт, өрт, топан су, т.б.) ұшырап, мал-мүліктен айрылғанда туысқа шама-шарқына қарай көмек беруден анық байқалады. Мұндай қауымдасу түрін қазақ халқы «жылу», «немеурін», «үме» немесе «асар» деп атайды. Осындай отбасылық, рулық, туыстық ауызбірлік, ынтымақтастық нәтижесінде «Көп еңбегі көлмен тең», «Көп жабылса, жоқ табылады», «Көп көрген жер көңілді», «Көп еңбегі өнімді», «Көп ісінде береке», «Көп қолдаса, жауды жеңбей қоймайды», «Көптің қолы ұзын» сияқты қауымдастықты, береке-бірлікті айшықтайтын мақалдар қалыптасты. Қазақ халық педагогикасындағы «асар» сөзі көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрін мазмұндайды. Бұрын қазақтарда үлкен бір істі қолға алып, тез бітіру қажет болғанда «асар» жасайтын тамаша еңбек дәстүрі болған. Асар жасаушы адам алдымен жұмыс түрін, уақытын айтып, ағайын-туған, жора-жолдастарын асарға шақырады. Қазақтар өрттен, тасқыннан, зілзаладан бүлінген нәрсені орнына келтіруді, жабағы қырқып, күзем алу, егін орып, шөп шабу, арқан есіп, киіз басу сияқты жалғыз-жарым адам өндіре, бітіре алмайтын істі ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып, күш жиыстырып бірігіп атқарған. Мұндайда істен қашып, жалтару болмауы тиіс. Сөйтіп, істі жұмылып атқарып, азаматтық, адамгершілік мінез таныту арқылы жеткіншек ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге көрсетіледі. Асар жасау кезінде пайда болатын көтеріңкі көңіл-күйі, ауызбірлік, жайдарылық балаларға мерекедей әсер етіп, олар қалтқысыз туысқандық, тілектестік әрекеттің тамаша екенін сезінеді. Бұл адамдықты ардақтауға, адамның ақыл-парасатына, еңбегіне, инабатына сүйінуге күшті серпін береді. Асарды Қазақстанның кейбір аймақтарында «үме» дейді. Үме (салт). Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары бас қосып, көпшілік болып, «бір жеңнен қол шығарып», бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Әсіресе, қысқа мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап, іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге «ет асаймыз» деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп өнер көрсетіп, жұрт бір серпіліп қалады. Үме – ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды. Міне, осындай ұжымдық еңбек дәстүріне оқушыларда қатынаса отырып, қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлерін меңгереді және ересек адамдардың жарасымды, ынтымақтасқан іс-әрекеттерінен үлгі-өнеге алады. Ойды тұжырымдай келгенде, жоғарыда айтылғандардың барлығы қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастарға аса мән бергенін, олардың еңбек тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары болғандығын дәлелдейді: біріншіден, қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары оқушылардың еңбек тәрбиесінің жетекші құрал, әдіс-тәсілдер, амал-жолдары, мінез-құлық ережелері қызметін атқарады, екіншіден, олардың еңбек іс-әрекетіндегі мінез-құлқын, сана-сезімін, абырой мен намысын, ар-ұятын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет